Қойбағаров Кәрім (1928–1985)

Қойбағаров Кәрім (1928–1985) – Қазақ мемлекеттік университетінің логика және психология бөлімін бітіргеннен кейін 1951–54 жылдары психология кафедрасының аспирантурасында оқиды. 1953–60 жылдары осы кафедраның ассистенті, ал 1960

жылдан өмірінің соңына дейін аға оқытушы қызметін атқарып, университетте психологиядан қазақ тілінде сабақ берді.
Ол «Бастауыш сыныптардың оқу әдеттерін қалыптастыру» дейтін дисертация (1964), «Сұлтанмахмұттың психологиялық көзқарастары» деген бірнеше ғылыми мақалалардың авторы, қазақ тіліне аударылған
«Жалпы психология» (Алматы, 1980), «Жас және педагогикалық психология» (Алматы, 1987), «Семья өміріндегі әдеп және психология» (Алматы, 1986) атты кітаптардың авторларының бірі. Оның «Балаларды мектепке әзірлеу» (1961), «Балаларды адамгершілік сезімге тәрбиелеу» (1966) дейтін педагогикалық психология саласында жазған жеке–жеке кітапшалары – ата–аналар мен мұғалімдер үшін жазылған төл еңбектері еді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *