Ясперс Карл (1883–1969) – неміс ғалымы. Ол адамның психопатологиялық ауруларға ұшырау себептерін зерттеп, өмірдің мәңгі еместігін ұмытпай адам бүкіл мінез-құлқын, іс-әрекетін, талап- тілегін, ой-арманын, сондай-ақ моральдық, құқықтық, эстетикалық құндылықтарын анық білуі қажет деп есептеді. Автор психопатологиялық аурулар адам психикасын ширата түсуге өз ерекшелігін танып-білуге, психикадағы терең күйзелістер табиғатын аңғаруға жәрдемдеседі дейді. Негізгі еңбектері: «Жалпыға бірдей психопатология» (1913), «Философия» (1932), «Атом бомбасы және адамзат болашағы» (1958) т.б.