Шпет Густав Густавович (1879-1937жж)

Шпет Густав Густавович (1879-1937жж) – орыс философы, психолог, философиялық және көркем әдебиет аудармашысы. Өзінен бұрынғы психологтар секілді этнопсихология негізі– «Халық руханияты» – деп атап көрсетті. Оның пікірінше, бұл ұғымның мәні халық рухының, қауымның басталуын, бастау алуын түсіндірумен анықталады. «Объективті жағдайды, тұрмыстық жағдайды, бұл тұрмыстың өзін, объективті түрде өмір сүретін барлық нәрселерді,– деп жазады Шпет,– тарихи қалыптасқан әр қандай қауым-халық, тап, одақ, шәhар, қыстақ-ауыл және басқалары өзінше қабылдайды, ұғынады, ұнатады, жек көреді, олардың нақты мағынадағы «рухы» яки «характері» нақ сол объективті нәрселерге деген қатынастарында өз көрінісін табады. Ол өзінің шығармаларында этникалық психология ғылымы, тілі, әпсана, дін, ақыл тәрізді мәселелермен шұғылдануы керек деген Вундттың пікірін теріске шығарды. Шпеттің пікірінше, адамдардың рухани қызметінің туындыларын психологиялық жағынан зерделеудің қажеті жоқ, мәселенің түйіні

адамдардың өзара қатынастарын, олардың субъективті өмірдегі мәдени өмірге деген саналы және санадан тыс түрде болатын қатынастарын зерттеуде жатыр. Оның пайымдауынша, құдды тарихтың өзі адамзаттың рухи азап шегуінің себептерін, сондай-ақ
«руханияттың» жолын көрсетіп, бағдарлап бере алады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *