Шизоидты тип. ММРІ әдістемесіндегі шизоидтық тип шкаласына сәйкес келеді. Жасөспірім кезеңде шизоид қасиеті жоғары деңгейде көрініс береді. Әсіресе тұйықтық, жан дүниенің жалғыздығы, өз қиялындағы ерекше бір нәрселерге қызығушылық, өзімен-өзі болу ерекшеліктері басым болады.