Фромм Эрих (1900–1980)

Фромм Эрих (1900–1980) – танымал американдық психолог, психоаналитик, философ, және социолог, нейрофрейдизм теориясының өкілі, әлеуметтік мінезін үйренуді зерттеген. Э.Фромм еңбектеріндегі негізгі тақырып адамдағы жалғыздық пен адамдардан бөлектену жағдайы болды. Адам бір уақытта табиғаттың бір бөлігі, әрі жануар әрі адам, жануар ретінде адам биологиялық қажеттіліктерді игереді, адам ретінде өзіндік санаға, ақылға, қиялға ие. Адамның бастан кешетін күйлеріне нәзіктік сезімі, қызығулар, махаббат, әсерлену, жауапкершілік, қатынастар, адалдық,

идентефикациялану, еркіндік пен транстенденция, құндылықтар мен нормалар жатады. Э.Фромм бес түрлі қажеттіліктерді көрсетті: транстенденцияға қажеттілік, қалыптасуға қажеттілік, идентефикациялануға қажеттілік, бағдарланулар жүйесіне қажеттілік, басқаларға қажеттілік.
Транстенденцияға ұмтылу адамның жануарлық табиғаттан көтерілуіне қатысты қажеттіліктерге сәйкес келеді, жасалған емес, жасаушы болуға ұмтылу. Адам өзінің уникалдылығына, индивидуалдылығына ұмтылады.
Бағдарлану жүйелері арқылы дүниені таниды. Адам тұлғасы дүние беретін мүмкіндіктерге сәйкес дамиды. Адамның қоғамға бейімделуі ішкі қажеттіліктер мен сыртқы талаптардың арасындағы компромисс ретінде түсініледі. Фромм әлеуметтік мінездің бес типін көрсетті: рецептивті, эксплуативті, жинақтаушы, нарық, продуктивті. Фромм кейінірек тағы екі типті атады: некрофильді және биофильд. Фромм үшін қоғам мен адамның қатынас мәселесі маңызды болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *