Фрейд Зигмунд (1856 – 1939)

Фрейд Зигмунд (1856 – 1939) – австриялық дәрігер, психопатолог, психолог, психоанализді және психоаналитика әдісін құрастырушы, бейсаналық психологияны еркін ассоциациялар әдісімен қырық жыл зерттеген заманымыздың атақты психологтарының бірі болып саналады. Ассоциацияны түсіндіру, түс

көру, аурудын қате іс-әрекеті туралы еңбектері жарық көрді. Өзінің психоталдау ілімін «Долылықты зерттеу» (1895), «Түстерді жору» (1900), «Кәдімгі өмір психологиясы» (1901) еңбектерінде баяндаған. Негізгі еңбектері «Түстерді талқылау» (1900), «Күнделікті өмірдің психопаталогиясы» (1901), «Психоанализ бойынша жалпы кіріспе лекциялар» (1917), «Психоанализ очерктері» (1940) »Тапқырлық және оның бейсанаға қатысы» (1905), «Сексуалдық теориясы бойынша үш очерк» (1905) және т.б. Тұлға концепциясын жасап, оның үш шегін көрсеті. Сана, бейсана, санаға дейін. Психика оның пікірінше санадан тұрады, ол адамға оның басынан өткізгендері ретінде беріледі, сана алды күйі жеңіл ұғынылатын бірақ дәл сол уақытта анық ұғынылмайтын, бейсаналық басынан кешкендер болады деп түсінілді.
Тұлғаның құрылымы З.Фрейд бойынша былай беріледі: «ид» төменгі инстанция, бейсаналы бірінші қажеттіліктерді орналастырады, қанағаттану принципіне бағынады. Қанағаттану принципі психикалық өмірді реттеуші болып табылады, ол қанағаттануға ұмтылу мен қайғыларды жоюмен көрінеді.
«Супер эго» жоғарғы инстанция болып табылады, бірінші қажеттіліктерде көрінетіндерді шектейді. «Супер эго» бейсаналық инстанция, мінез-құлық цензурасы, бастан өткен әсерлер.
«Эго» психикалық өмірдің ұғынылған жағы, реалды өмір шарттарына бағдарлануды береді, «супер эго» талабын және «ид» тілектерімен келісуге ұмтылады. «Эго» негізінде жатқан реалдылық принципі тілектерді қанағаттандыру барысындағы реалды болмысты ескеретін бағдарлануды көрсетеді.
Фрейд психологияға, мәдениетке үлкен үлес қосты. Фрейдтің психоанализ практикасы мен теориясы пайда болғаннан кейін адам ойын басқаша қорытынды жасады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *