Фехнер Густав Теодор

Фехнер Густав Теодор (1801–1887) – неміс физигі, психолог, философ, Вебер-Фехнер заңынын авторы. Фехнер ең алғаш болып дыбысты түсіну арқылы естуге болады деп түсінді. Сезімталдық мәселесі мен айналысып әрбір қарқындылықты физикалық ынталандыруды екіге бөліп көрсетуге болады деген. Эксперименталды психологияның пайда болуы Г.Фехнердің (1860) есімімен байланысты, ол алғашқы болып зерттеудің психофизикалық әдісін негіздеді. Фехнердің қарапайым тәжірибелерін жалғастыра отырып, В.Вундт эксперименттік психологияның негізін салып, эмпирикалық психологиялық зерттеулерге жол салды. Г.Фехнер логарифмдік функцияны қолданып, психологиядағы алғашқы сандық заңдылықты қалыптастыруға мүмкіндік берді, эксперименталды психологияның бастапқыда психодиагностиканың дамуына қосқан үлесі – әртүрлі құралдармен жабдықталған әдістер дамуы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *