Тәжібаев Төлеген (1910–1889)

Тәжібаев Төлеген (1910–1889) – Қазақстандағы педагогика және психология ғылымының дамуына үлкен үлес қосқан ірі тұлғалардың бірі. Кеңес өкіметі жылдарында қазақ психология ғылымынның дамуына Ж. Аймауытовтан кейінгі елеулі үлес қосқан ғұлама ғалым, белгілі мемлекет қайраткері және дипломат болған. Төлеген Тәжібаев ол бірнеше монография мен жүздеген ғылыми мақалалардың авторы. Бұл еңбектерінде психология мен педагогиканың теориясы мен тарихы, ұлттық мінез бен этнопсихология, халықтық педагогика, мораль, этика мәселелері сан қырынан сөз болды. Т.Тәжібаевтың ғылыми ізденістері негізінен екі бағыттың төңірегінде, атап айтқанда ұлт тілінде психологиядан оқу құралдарын құрастыру мен халкымыздың педагогикалық және психологиялық ой- пікірлерінің даму, қалыптасу жолын зерттеу ісіне бағышталды. 1928 жылы Шымкент педагогикалық психологиялық училищесін бітіріп мұғалім болады.
Кейін 1949 жылы ҚР ғылымдарының докторы атағы бойынша диссертациясын қорғайды. Оның «Қазақстанда ағарту ісі мен психологиялық ой пікірлердің дамуы» 1958, «Қазақстандағы ағарту ісі мен мектеп» 1962, «Қазақтың ауылдары мен мектептерінде қазақ балаларын тәрбиелеу» 1963 атты көптеген еңбектері бар. Қазіргі таңда академик Тәжібаевтың атында этнопедагогикалық және этнопсихологиялық орталықтары жұмыс жасайды

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *