Темірбеков Абдолла (1904–1972) – Қазақстан психологы. Темірбеков 30–40 жылдары Орал, Қызылорда пединституттарында
директордың орынбасары, Абай атындағы ҚазПИ–де факультет деканы, Өскемен пединститутының ректоры қызметін атқарады. 1962-72 жылдары, Алматы шет ел тілдері институтының педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі болып істеді. Студенттерге қазақ, орыс тілдерінде психологиядан сабақ берген. Ол 1968-70 жж Қазақстан психологтар қоғамының төрағасы болды, пединституттар мен университеттер үшін С.Балаубаевпен бірлесіп
«Психология» оқулығын (Алматы, 1966), сондай-ақ мектеп оқушыларының отаншылдық сезімін қалыптастыру туралы бірнеше еңбектер («Советтік патриотизм және оқушыларды тәрбиелеудің кейбір мәселелері», Алматы, 1953) жазып, осы тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.