Стычинский Иосиф Лазаревич (1896-1969). 1919 жылы Саратов университететіндегі медицина факультетін бітірген. Ол жүйке аурулары кафедрасының ординаторы, кейіннен доценті қызметін атқарады. 1921-27 жылдары халық ағарту институты мен университетте психологиядан сабақ береді. 1944–1949жж. Алматыдағы «Ана мен баланы қорғау» ғылыми зертттеу институтының директоры, 1947–1969 жж. Абай атындағы Қазақ пединститутының, С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің профессоры, психология кафедрасының меңгерушісі, 1958-60 жж. Қазақстан психологтар қоғамының төрағасы болды. Ол көптеген жеке еңбектер мен ғылыми мақалалардың авторы. Олар:
«Бөбектердің психологиясын зерттеу» (Саратов, 1921), «Психика мен жүйке саласын зерттеу» (Саратов, 1925), «Сөйлеу кемістігін топтастыру туралы» (Харьков, 1939), «Ойлау мен сөйлеу» (Халық мұғалімі, 1951, N4), «Педагогикалық психологияның бүгінгі таңдағы міндеттері» (Қазақстан мектебі, 1967, N3) т.б.