Струминский Василий Яковлевич

Струминский Василий Яковлевич (1880–1967) – Орынбордағы қазақ ағарту институтының тұңғыш директоры. 1923 жылы
«Психология», «Диалектикалық материализм тұрғысынан баяндалған ғылыми психологиялық мәселелері» деп аталатын кітаптың авторы. Бұл еңбек психология ғылымының марксизмге бетбұрыс жасаудағы тұңғыш зерттеу болды. Оның методологиялық оқулықтары туралы сол кездері ғылыми жұртшылықтың сан қилы кереғар пікірлері болады. Струминский Қазақстанда оқу–ағарту жұмысына біраз үлес қосты. Оның қаламынан «Еңбек мектебінің қызметкері үшін үстелдік кітап» «Жан сыры» (Орынбор, 1923), «Орынбордағы 1–ші басқыш мектеп шәкірттерінің сөйлеу ерекшеліктері» (Орынбор, 1924) т.б. еңбектері туындады. Кейіннен ол педагогика ғылымдарының докторы, РСФСР Педагогика ғылымдары академиясының корреспондент–мүшесі деген ғылыми атаққа ие болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *