Скиннер Беррес Фредерик (1904–1990) – американдық психолог, бихевиоризм өкілі, оперантты концепциясын жасаушы. Скиннер адам тәртібінің 3 түрін атап көрсетеді: шартсыз рефлекторлық, шартты рефлекторлық және операнттық. Аталған соңғысы Б.Скиннердің білім спецификасы болып табылады. Шартсыз рефлекторлық және шартты рефлекторлық тәртіп түрі стимулдармен белгіленеді (S) және де тәртіпке жауап беретін респонденттік деп аталады. Бұл S реакция типі. Бұлар белгілі бір тәртіп жүйесін құрайды, бірақ бұлармен шынайы мекен ету ортасында адаптация қамтамасыз етілмейді. Шынайы бейімделу негізінен белсенді сыннан
– яғни жануарлардың қоршаған ортаға әрекетінен құралады. Олардың кейбіреуі бекітумен аяқталатын пайдалы нәтижелермен аяқталуы мүмкін. Мұндай реакциялар стимулдармен белгіленбейтін керісінше организммен белгіленеді, ішінде дұрыс бекітілетіндерін Скиннер операнттық деп атады. Бұл реакция типі Скиннердің айтуы бойынша жануарлар тәртібінің жүзеге асырылу формасы болып табылады. Тәртіпті талдау кезінде Скиннер өз теориясын білімге енгізуді ұсынды. Ең басты, жаңа тәртіпті жүргізу әдісі ретінде бекіту қолданылады. Жануарларға үйретудің түрі: «Қажетті реакцияға
кіріспе» деп аталады. Жануарлардың іс-қимылын зерттей келе Скиннер оны адам іс-қимылына айналдырады. Осылай жануарларды зерттеу нәтижесінде Скиннердің программалық оқытуы пайда болды. Б.Скиннер қоғамдағы әлеуметтік проблемаларды шешу үшін тәртіп технологиясын жүзеге асыруды ұсынды. Тәртіп технологиясы бір адамның басқа бір адамды басқаруын жүзеге асыруға бағытталған. Скиннер операнттық принципі – жанды тірі ағзалардың іс-әрекетімен байланыстырды. Адам баласы аталған және өткен іс- әрекеттерді субъективтік түрде бағалай алады және де адам бойында субъективтік және негативтік іс-әрекеттердің жоғарғы болуы
адамның өзін-өзі ұстауына, тәртібіне әсер етеді.