Сеченов Иван Михайлович

Сеченов Иван Михайлович (1829–1905) – орыс физиологы, психолог. Ғылыми табиғилық теориясын психикалық жағдайдағы реакция, көңіл күйдің реттке келтіруін жасап шығарды. Ол табиғаттанудың негізгі қағидаларын ғылыми тұрғыдан зерттеп, оның психологиялық ішкі мәнін ашты. Мәскеу университетін бітірген соң (1856), медициналық-хирургиялық академияға проффессор болып тағайындалды (1860), академияда Ресейдегі тұңғыш физиология лабораториясын ұйымдастырды. Бұдан кейін Новороссийск,

Петербург, Мәскеу университеттерінде қызмет етті. Сеченовтің философиялық көзқарасы орыс төңкерісшіл-демократтарының ықпалымен қалыптасты. Петербург академиясының корр. мүшесі (1869), құрметті академик (1904). Сеченов ағза мен қоршаған ортаның тығыз байланысынан туатын өздігінен реттеу процестерінің мәнін ашты; бас ми орталығының ағза қимыл әрекеттерінің белсенділігіне тікелей әсерін тәжірибе арқылы анықтап берді. Орт. тежелуші жүйкелердің бүкіл ағзадағы қимыл-әрекеттерінің қызметін бағалап қана қоймай, оларды басқарып отыратынын дәлелдеді. Оның классик. “Бас миының рефлекстері” атты еңбегінде (1866) саналы және санасыз әрекеттердің негізінде рефлекс жататынын дәлелдеді. Сеченовтің рефлекс жөніндегі теориясының агностицизм мен субъективизмге қарсы күрестегі мәні зор. Сеченовтің аты Мәскеу медицина институтына (1955), КСРО ғылым академиясының Эвол. физиология және биохимиялық институтына берілді (1956).

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *