Россолимо Григорий Иванович (1860-1928)

Россолимо Григорий Иванович (1860-1928) — ресей психологы. Ол тесттерді әзірлеуде қосқан еңбегі зор. Оның есімі тек невролог- дәрігер ғана емес психолог ретінде де танымал еді. Жеке психикалық қасиеттерді анықтау үшін тұлға туралы толық көрініс беретін сандық бағалау әдісін әзірледі. Бұл әдіспен бес: зейін, қабылдаушылық, ерік, есте сақтау, ассоциациялық процесстер (ойда суреттеу және ойлау) топқа бөлінетін 11 психикалық процесті бағалауға болады. Осының әрбір процессін орындауға қарай арнайы шкаламен «күші» бағаланды. Оң жауаптар сызбада нүктемен белгіленді. Осы нүктелерді қосып, адамның «психологиялық бағыты» анықталды. Сыналушылардың категориялары (балалар үшін, интеллегентті ересектер үшін, интеллегенттер емес үшін) бойынша тапсырмалар берілді. Бұдан басқа Г.И.Россолимо сызбадағы көрсеткіштерді

арифметикаға айналдыру формуласын ұсынып, психологияның арифметикалық талдауларын зерттеген.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *