Роршах Герман (1884–1922)

Роршах Герман (1884–1922) – швейцар психиатры, проективті әдістің, түрлі түсті дақ тестісінің авторы. Тестің негізгісі адамның бейімділігі, экранда үлкейтіп көрсетуі, түсіндірме т.с.с қара дақ түстерге жатады. Сезімталдық ынталандыру, т.б түстерге жатады. Бұл экспериментте 300 психикалық ақаулығы бар адам және 100 сау адам зерттелді. Роршахтың сиялық дақтар әдісі. (Rorschach Inkblot Test). Бұл әдіс ең танымал әдістердің бірі болып саналады. Швейцария психиатры Г.Роршах жасаған бұл әдіс 1921 жылы «Роршахтың

сиялық дақтар әдісі» деп аталды. Г.Роршах сия дақтарын ең бірінші болып диагностикалық зерттеуде қолдана отырып, психикалық аурулардың әртүрлі топтарына эксперимент жүргізді. Клиникалық бақылаулардың нәтижесінде әртүрлі психикалық аурулар сипаттауларын бірнеше көрсеткіштер жүйесіне біріктірілді. Г.Роршах жауаптарды интерпретациялау және талдаудың негізгі тәсілдерін ұсынды. Г.Роршах көрсеткіштерді интерпретациялау әдісін әртүрлі категорияларына қарай салыстырмалы жауаптар санына байланысты қарастырды. Интерпретация тұлғаның сол немесе басқа да қасиеттерінің кейбір көрсеткіштерін эмпирикалық салыстырулармен анықтайды. Мысалы, экстраверттерде сирек кездесетін қасиеттер негатизм сенімсіздік, мазасыздану т.б.
Г.Роршахтың әдістемесінің психологиялық қортындысында тұлғаның интеллектуалдық және аффектілік сферасы, сонымен қатар тұлғалар арасындағы қарым–қатынастар ерекшеліктері сипатталады. Жауаптардың индивидтің білімімен, интеллектуалды деңгейімен және ерекшелігімен байланысты екендігі эмпирикалық түрде көрсетілген. Бұл әдістеме мектеп жасына дейінгі балаларға қолдануға болады деп есептеледі. Әдістеме интерпретациясының жас шектеулігін кеңейте отырып Г. Роршах, Л.Эймс және әріптестері 2-10 жасқа дейінгі балалар үшін, 10-16 жасқа дейінгі жасөспірімдер үшін және 70-тен жоғары қарт адамдар үшін де нормаларды жинап, жариялады. Қазіргі уақытта бұл әдістеменің нәтижелерін өңдеу үшін есептеу техникасын қолдану әрекеті қарастырылуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *