Роджерс Карл Рэнсом (1902-1987) – американдық психолог. Гуманистік психологияның көрнекті өкілі. Клиенттің орталықтандырылған психотерапиясының авторы. К.Роджерстің теориялық құрылымындағы маңызды ұғым-конгруэнттілік. Конгруэнттілік адамның айтқаны мен оның басынан кешіретіні арасындағы сәйкестік дәржесі ретінде анықталады. Ол тәжірибе мен ұғынудың арасындағы айырмашылықтарды сипаттайды. Конгруэнттілік жоғары дәрежесі мәлімдеудің, тәжірибенің жеке ұғынудың бірдей екендігін білдіреді. Конгруэнтті еместік ұғыну, тәжірибе және тәжірибе туралы мәлімдеу арасындағы айырмашылықтар болған кезде орын алады.
Адам табиғатының адамды көбірек дәрежедегі конгруэнттілікке және реалистік атқаруларға қарай жылжуға итермелейтін іргелі аспектісі бар. К.Роджерс әрбір адамға білікті, тұтас, толық болуға ұмтылмас – өзін-өзі жігерлендіру үрдісі бар деп пайымдаған. Оның психологиялық түсініктерінің негізін дамудың мүмкін екендігі және өзін-өзі жігерлендіру үрдісінің адам үшін негіз қалаушы болып табылатындығы туралы пікір құрайды.
Клиентке орталықтандырылған терапия адам өзінің тұншықтырылатын немесе теріске шығарылатын бөліктерін өзіне
қайтара отырып, психикалық денсаулығын қалпына келтіретін ахуалды жасауға ұмтылады. Бұл терапия үш негізгі гуманистік қағиданы қамтиды: 1) адамдар өздерінің табиғатынан еркін және қайырымды; 2) пациенттер, оқушылар, кәсіби мамандар және т.б. – ең алдымен, адамдар; 3) адамдармен сындарлы, дамытушы ықпалдастық тек психотерапевке немесе педагогқа олармен транс тұлғалық қатынастарға яғни, кәсіби мәртебелер мен рөлдердің белгіленген шектерін меңгеретін қатынастарға түсудің сәті түскенде ғана мүмкін болады.
К.Роджерстің аса маңызды ғылыми жаңалығы – ол тұлғалық өзгерістерді қамтамасыз ететін кез келген тұлғааралық қатынастарды ізгілендірудің қажетті жағдайларын анықтады. Бұл – басқа адамды бағалаусыз позитивті қабылдау, оны белсенді эмпатиялық тыңдау және онымен қарым-қатынасқа конгруэнтті (адекватты, нағыз және шынайы) өзін-өзі көрсету.
Роджерс адамның бүкіл өмірлік тәжірибесін өзіндік кемелденуіне қарай қызмет ететініне байланысты бағалайды. Роджерс теориясындағы тірек ұғымдары: өзіндік кемелдену бағдары (әрбір адам ерекшелігі қабылдау ерекшелігіне тікелей байланысты), субьективті тәжірибенің үстемдігі және «Мен» тұжырымдамасы. Роджерс пікірінше, «Мен» тұжырымдамасы «нақты Мен-ді» және
«идеалды Мен-ді» (адамдар қандай болғысы келеді және қандай болуы керек) қамтиды. «Мен» тұжырымдамасының дамуы, негізінен, әлеуметтену процесі арқылы (ата –аналар, аға- іні, апа-сіңілі басқада туысқандар) жүреді. Әрбір адам үшін ең маңыздысы оны басқалардың түсінуі және жақсы көруі.
К.Роджерстің негізгі еңбектері: «Психотерапия и изменения личности»(1954); «Стоновление личности: взгляд психотерапевта» (1961); «Свобода учиться: чем может стать образование» (1969);
«Карл Роджерс о группах встреч» (1980) т.б.