Омыртқасыздардың
қоректенуі
Омыртқасыздар өздерінің
мүмкіндіктеріне қарай әртүрлі жолмен тамақтанады.
Олардың бірі жапырақ немесе өлексенің шіріндісімен
қоректенсе, адам немесе жанжануардың қанын соратын
немесе тірі ағзаларға жабысып тіршілік ететін паразиттер де бар. Жеміс-жидек, гүл
шырыны, дәндер, көптеген
ұсақ жануарларды жейтін
омыртқасыздар да жеткілікті. Әрине, омыртқасыздардың
дене құрылысы омыртқалыларға қарағанда қарапайымдау. Бұл олардың қоректену ерекшелігіне де әсерін
тигізеді.