Олпорт Гордон (1897–1967)

Олпорт Гордон (1897–1967) белгілі американдық психолог, тұлға теориясының диспозиционалды бағытының өкілі. Тұлға теориясын зерттеп, анықтамалар берген. «Мен», және «өзіндік мен» түсініктерін қарастырған. Олпорт адам табиғатының – жеке тұлғалық дамуы адамның өзін–өзі жеңе білу өз мүмкіндіктерін толық іске асыра білу аспектілерін зерттеді.
Оның теориясының негізінде екі идея жатыр: 1) әрбір адамның әрқилы ситуациялардағы мінез–құлқын айқындайтын өзіне ғана тән қасиеттерінің жиынтығы; 2) әр адамға өзіндік жеке–дара қасиеттері тән тіршілікте әлемде мүлдем бірдей екі адамды табу қиын.
Г.Олпорттың негізгі еңбектері: «Тұлғаға: психологиялық интерпретация», «Адам және оның діні»; Тұлға психологиясының негізгі мәселелері» және т.б.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *