Нечаев Александр Петрович (1870–1948)

Нечаев Александр Петрович (1870–1948) – әлеуметтік және орыстың психология ғылымының аса көрнекті өкілі. 100–ге жуық жеке психологиялық кітаптардың авторы. 1935–1948 жж. Семей қаласында әртүрлі ғылыми мәселелерде, өмірінің соңғы жылдарында Семейдің Н.К.Крупская атындағы педагогикалық институтында психологиядан сабақ беріп, педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі болды. 1900 жылдан 40 жыл бойы зерттеген «Психофизиологиялық синдром жүйесі» деген еңбек жазып бітірді, оған академиктер Д.Н.Узнадза, К.Н.Корниловтың ұсынысы бойынша арнайы педагогикалық ғылымдардың докторы дәрежесі берілді. Ол елуден астам кітаптың, жүздеген ғылыми мақалалардың авторы. Олардың бірі: «Қазіргі эксперименттік психология және оның мектеп ісіне қатысы» (1908), «Кітапхана ісінің психологиялық мәселелері» (1922), «Дене тәрбиесінің психологиясы» (1927),
«Шахмат ойынының психологиясы» (1928), «Техникалық өнертапқыштар психологиясы» (1928), «Ес және оны тәрбиелеу» (1930), т. б.

А.П.Нечаев (1870-1948) елу жылдан астам психология саласында белсенді қызмет еткен, әлемге белгілі ғалым. Ғалым көп жылдар бойына адамның еске сақтау ерекшеліктерін тәжірибе (эксперимент) жүзінде тексеріп, оны мектеп практикасына ендіруді көздеді, яғни психологияның қолданбалы салаларын (жас ерекшелігі, педагогикалық медициналық т. б.) дамытуға зор енбек сіңірді. Ол өмірінің соңғы жылдарында Семейдің Н.К.Крупская атындағы педагогикалық институтында психология пәнінен сабақ берді, сырттан оқитын студенттерге арнап, «Психология» оқулығынын қолжазбасын даярлады. Оның 1940 жылы жазып бітірген
«Психофизиологиялық синдромдар жүйесі» атты еңбегін көрнекті психолог ғалымдар, академиктер Д.И Уэнадзе мен К. Н. Корнилов өте жоғары бағалады. Қазақстанда психология ғылымының өркен жаюына, дамуына ғалымның зор үлесі болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *