Немов Роберт Семенович (1941)

Немов Роберт Семенович (1941) – ресей психологы, ғылым докторы, профессор, академик. Р.С.Немов субъектінің әлеуметтік- психологиялық параметрлерінің қатарына ұжымдық, топтасушылық, жауапкершілік, ұйымшылдық, ашықтық, хабардарлық пен контактілікті жатқызады.

Р.С.Немов топтық іс-әрекеттің жоғары қалыптық белсенділігін де көрсетіп берді. Мұның өзі әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан этностардың пассионарлық мәселесін қарастырады. Энтогенез
«локомотивін» айқындайтын бұл ұғымды алғаш рет Л.Н.Гумилев қолданған. Автордың атап көрсеткеніндей, пассионарлық – бұл қоршаған ортаны өзгертуге бағытталған қабілеттілік немесе физика тілімен айтсақ, ортаның агрегаттық жағдайының инерциясын бұзуға бағытталған ұмтылыс». Адамдардың бойынан табылатын пассионарлық импульсінің көлемі мен масштабтылығының қандай екенін осынау пассионарлық иегерлері тіпті өздерінің іс- әрекеттерінің салдарлары мен зардаптарын аңдай алмай қалатынынан-ақ көруге болады. Демек, пассионарлық күшінің кернеулігі сондай, оны тасушы жанның өзі сол нәтижесінде жүзеге келетін іс-әрекеттерін бақылай алмай қалады екен. Осы тұрғыдан этногенездің заңын төмендегіше тұжырымдауға болады: «Этникалық ұжым тарапынан істелінетін жұмыс пассионарлық қуаттың деңгейіне тура пропорционалды болып келеді», мұнда «пассионарлық кернеу – бұл этносты құрайтын персондар санына тура бөліну саны».
Р.С.Немов санауы бойынша 48 тұлға теориясын классификациялау негізінде бес түрлі параметр бойынша бағалауға болады. Адами мінез–құлқын түсіндіруде тұлғалық теорияларда психодинамикалық, социодинамикалық және интеракционистік бағыттарға бөліп қарастырылады.
Мінез–құлқын түсіндіру тәсіліне қарай барлық тұлға теорияларын динамикалық, әлеуметті динамикалық және интеракционистік деп бөледі.
1. Психодинамикалық теория-адамның мінез–құлқының ішкі әлемін, динамикасын сипаттайды. Социо-динамикалық теория–адам мінез-құлқын сыртқы жағдайларға байланысты қарастырады. Интеракционистік теория-адам іс-әрекеті мен мінез–құлқын сыртқы және ішкі факторлар өзара байланыста басқарады деген принципіне негізделеді.
2. Тұлға туралы көзқарастар бойынша, құрылымдық және динамикалық теориялар. Құрылымдық теорияға тұлға құрылымына байланысты проблемалар және ұғымдар жүйесі жатады. Динамикалық теория дегеніміз тұлғаның даму барысында өзгерістері мен даму динамикасы.
3. Келесі теория тұлға туралы мәліметтерге байланысты эксперименталды және эксперименталды емес болып бөлінеді.

Тұлғаның эксперименталды теориясына тәжірибелік түрде жиналған мәліметтерді талдау теориялары жатады. Эксперименталды емес теорияға бақылау, теориялық хабарлама, өмірден алған әсерлер және т.б. жатады.
4. Теориялардың төртінші типіне жас ерекшелігі мен педагогикалық психологияға байланысты теориялар кіреді. Мұнда жас кезеңдерінде қарай тұлғаның даму, оқу, тәрбие ерекшеліктері жатады.
5. Келесі теориялар қатарына адамның ішкі қасиеттері, категориялары және тұлғалық саналар немесе олардың сыртқы көріністеріне (мінез-құлқы мен құлықтары) байланысты типтік сипаттар теориясы жатады. Бұл теория бойынша тұлға ерекшеліктерін зерттеу екі тәсіл арқылы жүргізіледі. Біріншіден адамдардың даму деңгейінің түрлілігімен, өзара тәуелсіздігінің айырмашылығын зерттеу тестология негізінде немесе тұлғалық бітістерді сипаттау тәсілдері арқылы анықталады. Мысалы белгілі бір адамды бірнеше түрлі адамдардың өмірлік бақылауынан түсініктемелері негізінде бағалау.
Тұлғалық ерекшеліктерді бағалаудағы екінші тәсіл адамдарды (типологиялық) типтік топтарға біріктіріп, оларға ортақ психологиялық сипаттама беру.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *