Мид Джорд (1863–1931) – американ философы, қазіргі қоғамдық психологияны жасаушы. Мидтің жетістігі әлеуметтік өзара әрекет адамның құрылымы мен сана сезіміне байланысты. Ол өзара әрекеттестік үдерістерінің жиынтығы қоғамды құрайды, ал қоғам жеке тұлғаның әрекеттерін жанама түрде қабылдайды. Бұл жеке тұлғаның әлеуметтік рөлін түсініп, оны қабылдауға мүмкіндік береді. Әлеуметтік психологияға Мидтің еңгізген негізгі ұғымдары (әлеуметтік рөл, әлеуметтік мәртебе және т.б.) Бұлар қазіргі әлеуметтік психологияның іргелі ұғымдары болып есептеледі. Ол адамның әлеуметтенуінің ең жоғары түрі – әлеуметтік рефлекцияны зерттейді. Бұл айтылғандар Мидтің «Сана, тұлға және қоғам» (1934) еңбегінде баяндалады.