Маслоу Абрахам Харольд (1908–1970) – танымал американдық гуманистік психология бағытының қалаушысы, адамның иерархиялық қажеттілік классификациясын авторы. Жеке дара, өзін
дамытушы адамдарға анықтама берді. Еркіндік, проективтілік, философиялық дүние, танымдық қабылдау, демократиялық және қарым қатынас, продуктивтілік т.б. еңбектерінің авторы. Маслоу еңбектерінің көпшілігі өмірінің соңғы 10 жылында жарық көрген. Оның негізгі еңбектері: «Болмыс психологиясының бағытына қарай» (1968); «Дін, құндылық, тағы басқа күйзелістер» (1964); «Ғылым психологиясы: рекогносцировка» (1966); «Мотивация және тұлға» (1967) т.б.
Гуманистік психологияда тұлғаны өзін көрсетуге қабілетті, жоғары нәтижелерге жету қабілетін игерген деп қарастырады. А.Маслоу бойынша адам ішкі табиғатпен сипатталады, ол инстинкты болады, туа беріледі, адам оны өз өмірінде жүзеге асыруға міндетті деп санайды.
Алайда, барлық адам бірдей өзіндік маңызданбайды, жоғарғы жетістіктерге жетпейді, өз қабілеттерін тарата аламайды. Егер ол болмаса адам ауру болады, зиян шегеді. Өзіндік маңыздануға ұмтылмаған адам психопатологиясы бар адам, алайда туа берілген қабілеттерде, шығармашылығы, өзін көрсету арқылы жазыла алады деп көрсетті А. Маслоу. Маслоудың теориясында адам өзі өзіндік маңыздануға ұмтылады, өз қабілеттерін ұғынып ашады. Маслоудың «жағымды психоанализінің» мақсаты: «Адам кім бола алар болса сол болуы керек». Маслоудың зерттеу тақырыбы – шығармашылық, махаббат, ойын, болмыстың ең бағалы құндылықтары, сананың ең биік қалып-күйлері және олардың мәдениетінің қызметіндегі маңызы. Маслоу өз концепциясын кез- келген мәдени институттарға (отбасы, білім, дін және т.б.) қолдануға болатын өмірдің жаңа философиясы деп біледі. Теориясының өзегі – қажеттіліктің иерархияланған бес деңгейі. 1) физиологиялық қажеттіліктер-ағза қызметін қамтамасыз ететін қажетті жағдайлар; 2) адам өмірінің жеке адам деңгейінде, этномәдени қоғамдастық, адамзаттық біртұтастық деңгейіндегі маңызды шарттары – өз-өзін сақтауға, қауіпсіздікке, бейбітшілікке деген қажеттілік; 3) сүйіспеншілік пен қарым-қатынастың қажеттілігі; 4) өзін таныту, өз- өзін сыйлау, қадірлеуге деген қажеттілік; 5) қажеттіліктің ең биік түрі
– маңыздылығын жоғарылату, өзінің потенциалды мүмкіндіктерін жүзеге асыру және оны жетілдіруге – шығармашылыққа деген қажеттілік. Қазіргі индустриалды мәдениеттің репрессивтігін жете ұғына отырып Маслоу негізгі белгілері қауіпсіздік деңгейінің жоғарылығы мен қабілеттердің мейлінше дамуы мүмкіндігі мен өзін-
өзі жүзеге асыру болып табылатын идеалды қоғамның адамдардың әбден үндестік-үйлестікте бірігуінің моделін жасады. Идеалды модельге бастар жол көптеген мәдени институттардың бағытын гуманистік бағытқа ауыстыру және адамдардың санасын өзгерту болып табылады деп білді. Мәдениетті зерттеп тануда жаңа бағыт – трансперсоналды психологияның негізін қалады.
Маслоудың пікірінше, адам тұтастығының сипаттамасы төмендегідей:
1) айналасын дұрыс қабылдай алуы;
2) мінез-құлқының қарапайымдылығы мен табиғилығы;
3) мәселе мен істі шешуге бағдарлануы;
4) әр нәрсеге бала көзімен қарай білуі;
5) сезімталдығы;
6) барлық адамзатқа қол ұшын беруге әзірлігі;
7) терең тұлғараралық қарым-қатынастар;
8) жоғары моралдық биіктерге ұмтылу.