Личко Андрей Евгеньевич (1926)

Личко Андрей Евгеньевич (1926) – кеңес психиатры, РСФСР еңбегі сіңген ғылыми қайраткері, жасөспірім психиатрия клиникасын құрушы.
А.Е.Личконың патохарактерологиялық диагностикалық сұрақ- жауаптары тұлғалық типтік сұрақнамалардың бір әдісі болып табылады. Бұл әдісте сау адамның типтік ерекшелігін анықтаумен қатар 14-18 жастағы жасөспірімдердің мінезіндегі психопатия және акцентуациялық типтерін анықтауға арналған. Бұл сұрақнамада 25 тақырыпты қарастырған. Онда өзіндік витальдық қызметі (көңіл-күй, өзіндік сезіну, ұйқы, жыныстық проблема), жақындары мен айналасындағы адамдарға қатынасы (ата-ана, достары, сыныптастары т.б.) кейбір абстрактылық категориялар қарастырылған. А.Е.Личко әдістемесі тұлғаның акцентуатциялық 11 типінің психологиялық, патологиялық және жасөспірімдердің мінез акцентуатциясын анықтаған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *