Лебон Гюстав (1841-1931) — әйгілі француз психологы, социолог, антрополог, археолог және тарихшы. Халықтар психологиясының өзіне тән жақтарының сыр-себептерін және буржуазиялық этнопсихологияны талдау жасаған. Ол өзінің «Халықтар және бұқара психологиясы» атты шығармасында әр түрлі ұлттардың, халықтардың мәндік негізінде адамдардың нәсілдік, рухтық ерекшеліктерінің арасындағы айырмашылық жатады деп көрсетті».
«…Ортақ ғадет-ғұрыптар, идеялар, сезім, сенім және ойлау жоралғыларының жиынтығы – халық рухын құрайды». Ол өз концепциясының өзекті жерлерін былайша талдайды: «нәсілдердің өзгермейтін рухы ұлттар өмірінің барлық салаларында өзінің түскен сәулесін де, мұнартқан көлеңкесін де түсіріп кететіндігін көреміз».