Лазурский Александр Федорович

Лазурский Александр Федорович (1874–41917) – орыс психологы. Психологиядағы ғылыми жаратылыстық бағыттың өкілі. Адамның жеке қасиеттерін, мінез бітістерін зерттеуші. Негізгі еңбектері: «Мінез туралы ғылымның очерктері» (1909), «Жалпы және эксперименттік психология» (1912), «Тұлға классификациясы» (1915) т.б.

Қатынастар психологиясының негізін салды, «Тұлғаны зерттеу программасы және оның ортаға қатынасы» деген еңбек жазды. А.Ф.Лазурский бірінші рет «тұлғаның сыртқы ортаға қатынасы» туралы категорияны айтты (табиғатқа, адамдарға, әлеуметтік топтарға, рухани құндылықтарға қатынас және басқа қатынастар), ол категория психологиялық талдаудың бірлігі ретінде алынды. А.Ф. Лазурский формалды және мазмұнды мінездемелерді индивидуалдылықтың бірегей шегінде байланыстыруға тырысып, былай деп жазған: идеалды классификация мынадай болуы керек: яғни өздерінің типтерінің әрқайсысына тек адамның субъективті ерекшеліктерін ғана емес, сонымен қоса, оның дүниетаным мен әлеуметтік физиономиясын жатқызды, әрине бұлар адам мінезімен байланыста болды. Өзінің теориясының негізіне ол индивидті ортаға белсенді бейімделу принципін ала отырып, классификациясына 2 негізді бөліп көрсетті: психикалық деңгей және психикалық мазмұн. Психикалық деңгей неғұрлым биік болса, соған байланысты белсенді және өнімді бейімделу жүреді Психикалық даму деңгейінің тума сапасы ретінде адамның дарындылығы және оның жүйкелі психикалық қуатының қоры анықталады. Психикалық жоспарда деңгейдің жоғарлау критерилері ретінде:
— іс-әрекет өнімділігі, көлемі, дифференциалдығы, адамның қызығушылығының жан-жақтылығы;
— жекелеген психикалық құбылыстың күйі мен қарқындылығы;
— психикалық құбылыстың сапалылығы мен шарттылығы идеялық процестердің сезімділіктен басымдылығы;
— психикалық элементтердің өсу координациясы және олардың арасындағы байланыстың күшеюі алынады.
Сонымен, психикалық өмір деңгейін А.Ф.Лазурский жүйесінде тұлғаның өзіндік актуализациясы, гуманистік бағыттылығы А.Маслоу теорияларына жақындатады. Эндо және экзопсихика өзара әрекеттеседі, шарттасады және эндо сипаты экзоның көрінуінің латентті кезеңінен актуалдығы өзгеруі мүмкін ( мысалы қабілеттер әрекетте көрінеді, ал мотив пен қызығушылық – бұл экзопсихикалық сапа). Әртүрлі даму кезеңдеріндегі эндо және экзопсихикалық комплекстердің үйлесімділіктерін негізге ала отырып, А.Ф.Лазурский күрделі типология құрастырды: Эндопсихика эндо мен экзо ерекшеліктерінің үйлесімділігі. Сонымен,

деңгейі жоғарлаған сайын рухани дүниеге көзқарастың ерекшеліктері артып, тұлғаның биологиялық фундаментінің әсері азаяды. Бұл ой қазіргі психотерапияның рухани-бағдарына жақын және де ол экстремалды жағдайда және күнделікті өмірде туатын тапсырманың ойдағыдай шешілуінің жоғары идеалдың құндылығы мен қажеттілігін көрсетеді. Психикалық өмірдің деңгейі өзгеруі мүмкін және тұлғаның әдепті бағаның критериі А.Ф.Лазурский ойынша, өзінің тұрмыс деңгейін жоғарлататын субъект болу керек (қазіргі психологияда тұлғалық өсу деп аталады).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *