Кон Игорь Семенович (1928)

Кон Игорь Семенович (1928) – философия ғылымдарының докторы, тарих ғылымдарының кандидаты. РАО–ның профессоры әлеуметтану, тұлға теориясы, жасөспірім психологиясы, балалық атропология мәселелерімен айналысады.
Психологиялық ғылым шеңберінде тұлғаны зерттеу спецификасы неде және психологиялық тұрғыдан тұлға дегеніміз не? Бұл сұрақтарға психологтар жауабы түрліше.Олардың жауаптары мен ойларының әр түрлі болуы тұлға феноменінің күрделі екендігін білдіреді. Осы орайда И.С.Кон былай деп жазады: “Бір жағынан, ол нақты индивидті әрекет субьектісі ретінде, оның барлық жеке бас қасиеттерімен, әлеуметтік рөлдерімен бірге белгілейді. Екінші жағынан, тұлға индивидтің әлеуметтік қасиеттері ретінде, осы адамның басқа адамдармен тура немесе жанама өзара әрекеттесуі нәтижесінде түзілген, бойындағы әлеуметтік маңызы бар қасиеттердің жиынтығы ретінде түсіндіріледі.Тұлғамен қарым- қатынасқа түсетін адамдар оны еңбек, таным және қарым-қатынас субьектісінде көреді”.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *