Клапаред Э (1873–1940)

Клапаред Э (1873–1940) – швейцариялық психолог. Психиканың филогенездегі және онтогенездегі дамуының ортақ логикасының бар екендігін зерттеген. Зерттеу проблемаларының бірі бала ойлауының негізгі қасиеттерінің бірі – синкретизмді ашқан. Швейцарияда Э.Клапаред балалар психологиясы саласындағы ғылыми және ұйымдастырушылық жұмысты жүргізді. Оның ұсынысымен Женевадағы педагогикалық қоғамның жанынан 1905 жылы бала психологиясын зерттеу жөніндегі секция құрылды. Э.Клапаред психологиялық зерттеулерді педагогикалық практикаға енгізу ісіне көп күш жұмсады. Ол мұғалімге психологиялық білім оқыту және тәрбиелеу процестерін ғылыми негізделген түрде құру үшін қажет деп пайымдады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *