Карен Хорни (1885-1952) «Психоанализдің прогресі үшін ассоциация» деген қоғамды негіздеді. Хрони Фрейдтің психологиялық жүйелерін ары қарай дамытушы болды. Проблемаларды иррационалды шешетін қажеттіліктерді невротикалық қажеттіліктер деп атады, оның он түрін көрсетті:
1. махаббат пен қолдауға невротикалық қажеттілік
2. «серік қамқоршыға» невротикалық қажеттілік
3. өмірді тар, шектеуге невротикалық қажеттілік
4. күшке невротикалық қажеттілік
5. басқаларды жұмсауға невротикалық қажеттілік
6. мәнділікке невротикалық қажеттілік
7. таң қалатын объект болуға невротикалық қажеттілік
8. жеке жетістіктерге жетуге невротикалық қажеттілік
9. өзіндік жету мен тәуелсіздікке невротикалық қажеттілік
10. жетілу мен мінсіздікке невротикалық қажеттілік Хорни кейін қажеттіліктерді үш топқа бөлді:
1. қимыл-қозғалысы адамдарға бағытталған, көпшіл тип;
2. адамдардан алшақтану қозғалысы басым, оқшаулану типі,
3. адамдарға қарсы қозғалысты, конфликтілі тип. Хорнидің пікірінше конфликт әлеуметтік шарттарды туғызушы.