Йеркс Роберт Мирнс (1876–1956) – атақты американдық психолог, зоопсихолог және этолог. Оның көптеген жұмыстары психологияға және жануар физиологиясына арналған. Йеркс Роберт Мирнс эксперименталды түрде күшті мотивация даму кезінде күрделі стимулды ажыратады. Р.Йеркстің басшылығымен әр түрлі әскерлерге әскери қызметке шақырылатындардың жарамдылығын (интеллекті бойынша) жалпы тексеру үшін алғашқы топтық тесттер жасады.
«Альфа» әскери тестісі сауаттыларға, ал «бета» тестісі сауатсыздарға арналды. Бірінші тест А.Биненің балаларға арналған вербалды тесттеріне ұқсас болды. Екінші тест вербалды емес тапсырмалардан тұрды. 1 700 000 солдат және 40 000 офицер сыналды. Көрстекіштер жетіге бөлінді. Осыған орай жарамдылық деңгейі жеті топқа бөлінді. Бірінші екі топқа міндеттерді орындау қабілеті жоғары және тиісті әскер оқу орындарына жіберілетін тұлғалар жиналды. Кейінгі үш топ қабілет көрсеткіші орташа статистикалық тұлғалардан жиналған еді.