Жақыпов Сатыбалды (1950-2014ж)

Жақыпов Сатыбалды (1950-2014ж) – психология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан психологиясының аса көрнекті өкілі. Жақыпов Сатыбалды Мұқатайұлы 7 доктор және 58 психология ғылымдарынын кандидаты, психология бойынша 2 PhD докторы және 49 магистрант дайындаған. «Казақстан психологтары ассоциациясының» ғылыми жетекшісі, КазҰУ хабаршысының
«Психология және Әлеуметтану» ғылыми-тәжірібиелік журналының бас редакторы, ҚР білім беру саласында құрметті қызметкері. 2007

жылы «ЖОО үздік оқытушысы» грантының иегері. 2008-2010 жылғы ғылымдағы жетістіктері үшін мемлекеттік стипендия иегері атанды. ҚР жаратылыстану ғылымдарының ұлттық академиясының академигі. М.В. Ломоносов атындағы ММУ-нің құрметті профессоры. Қазақ психологтар қауымдастығының президенті. Ғылыми жарияланған жұмыстардың жалпы саны 500-ге жуық, оның ішінде 3-монография, 40-тан астам оқу, оқу-әдістемелік құралдар мен оқулықтар, 30-дан астам импакт-факторы бар ғылыми мақалалардың авторы. Ол бірлескен диалогтық-танымдық іс-әрекет концепциясының авторы, психолог-экспериментатор ретінде кеңінен танымал.
Қазақстандағы жалпы психология, қарым-қатынас, этникалық психология мәселелері С.Жақыпов зерттеулерінде үлкен орын алады. Атап айтқанда, танымдық іс-әрекеттердің бірлескен іс-әрекеттер негізінде дамып, қалыптасатын ерекшеліктері мен заңдылықтары туралы зерттеулер зерттеулер жүргізіп, көптеген еңбектер жазған. Ғалымның пікірінше, адамдар арасындағы қарым-қатынас олардың бірлесе жасаған іс-әрекетінің нәтижесіне түрліше әсер етеді. Өзара қарым-қатынас процесінде қалыптасатын ақпарат қорының құрылымымен анықталады. Бұл ұғымның психологиялық мазмұны қарым-қатынастағы тұлғаның этникалық ерекшеліктерін есепке алуға мүмкіндік береді. Осы феноменнің этнопсихологиялық зерттеулері үш бағытта көрініс тапқан еді. Мысалы, бірінші бағытқа сәйкес тұлғаның «қарқынды» әлеуметтену процесіндегі этникалық стереотиптердің құндылық болжамдарының өзара қарым-қатынас мәселелері, екінші бағытта тұлғаның әлеуметтену процесіндегі танымдық іс-әрекет дамуы жағдайындағы билингвизм мен көптілдік ықпалының, ал үшінші бағытқа этнопсихологиялық құбылыстардың өзіндік психологиялық механизмдерін анықтау жататындығын эксперименттік зерттеулер арқылы дәлелдеді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *