Өлкетану жұмысының бағыттары (жаратылыстанушылық, тарихи, экономикалық, әдеби ж.т.б)
Өлкетану бастапқы түсініктері: өлке (түсінігінің мәні) – жер, жақ, ел, өлке; өлкетану әдебиет, жергілкті басылымдар, аймақ – белгілі бір елге, облысқа я бірнеше мемлекетке тиісті, өлкетану библиографиясы, тарихи библиографиясы, аймақтық әдебиет.
Өлкетану дегеніміз – бір территорияны ғылыми негізде жан-жақты зерттеу.
Өлкетанудың зерттеу объектілері болып табылатындар: табиғат, тұрғындар және өлке экономикасы, өлке тарихы, өлке өнері, табиғат, климат, тарихы, тұрғындары, мәдениет және тұрмысы жатады. Өлкетану– көпқырлы, комплексті құбылыс. Өлкетану өз мазмұны бойынша тарихи, әдеби, этнографиялық, биологиялық, географиялық, экономикалық болып бөлінеді
«Өлкетану» түсінігі пайда болғаннан бері (1761 ж. М.Ломоносов жергілікті тұрғындар және балалардың көмегімен өлкені зерттеуге әрекет жасады) әртүрлі мазмұнда болды.
ХХ ғ. 20-шы жылдары әкімшілік-саяси немесе шаруашылық белгісімен ерекшелетін шағын территорияны синтетикалық зерттеу әдісі ретінде қарады.
1930-жылдары өлкетануды жергілікті халықты біріктірген, өлкені жан-жақты зерттеуге қызыққан қоғамдық қозғалыс ретінде анықтады. Оны тіпті ерекше ғылым деп атаушылар да болды.
Қазіргі уақытта өлкетану түсінігі ол жергілікті тұрғындардың өз туған өлкесі деп есептейтін ел бөлігін, қала немесе басқа да елді мекенді жан-жақты зерттеу.
Өлкені зерттеудің көздері: 1. өлкенің топонимикасы (географиялық атауларды зерттеуге арналған ғылым, өлкенің картасы), 2. мұрағат құжаттары, 3. баспа шығармалары, өнімдер 4. заттар 5. жергілікті өсімдіктердің үлгілері (флора), жануардың түрлері (фауна), 6.статистикалық деректер 7.өлкетану библиографиясы 8. тарих және мәдениет ескерткіштері 9. табиғат процестері мен объектілерін бақылау 9. пайдалы қазбалар.10. Мектеп өлкетану музейі
Оқу пән ретінде өлкетанудың негізгі функциялары: танымдылық (өз білімін жетілдіру), ғылыми (зерттеулік), білім беру, мәдени-ағартушылық (тәрбиелік).
Қазіргі кезде практикалық міндеттер қажеттілігіне орай өлкетану оны ұйымдастыру формасы бойынша ерекшеленеді:
Мемлекеттік өлкетануда өлкені зерттеу өлкетану музейлерінің, әкімшіліктердің, мәдениет басқармасы мен бөлімдерінде, ғылыми-зерттеу мекемелері, жоғары оқу орындары, облыстық кітапханалар, оқушылар мұғалімдер басшылығымен іске асырады т.б. жүргізеді.
Қоғамдық өлкетануда өлкені зерттеу қоғамдық өлкетанушылар, туристер, қоғамдық ұйымдар (өлкетану бөлімі, географиялық қоғам, тарих және мәдениетті қорғау қоғамы, табиғатты қорғау қоғамы) т.б. іске асырады.
Өлкетану жұмыстарының формалары және әдістері: өлкетану оқулыры, үйірмелер, конференциялар, жас туристер станциясы, жас табиғатшылар, жас техникте, тақырыптық экскурсиялар, жылжымалы көрмелер, өлкетанушылар қоғамы т.б.
Тарихи өлкетану курсының арналуы және оның мазмұны: студенттер жер-жерлерден тарих және мәдениет ескерткіштерін табуды үйреніп, оларды қорғауды ұйымдастырып, стилін, жасалған уақыты мен көркемдік ерекшеліктерін білу, тұрғын жай немесе басқа да құрылыстардың шығармашылық бастаманы тану, күнделікті ескі-құсқы заттар арасынан өнер шығармалары заттарын таба білу.
Тарихи өлкетану жалпы өлкетанудың құрамдас бөлігі ретінде өзін қолданбалы тарих саласында көрсетеді және екі маңызды белгілермен ерекшеленеді: тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі материалдандырылған тарихи оқиғаларды шағын зерттеуі және қызметтік сипаты. Басқаша айтқанда бұл тек ғылыми-тарихи таным саласы ғана емес (ескерткіштерде көрсетілген өлке тарихын зерттейді және тарихи ғылымды зерттеудің әдістері мен принциптері заңдылықтарына сүйенеді) тұрғындардың кең арасына өлке тарихы мен оның ескерткіштері туралы білімді таратуға бағытталған, оны оңайлау, қызықтыру арқылы тарихшы-өлкетанушылардың белсенді практикалық қызмет саласына да байланысты.
Тарихи өлкетану адам қызметінің әртүрлі түрлерінің жүйесі ретінде, жеке бастың жан-жақты дамуына ыңғайлы жағдай жасайды.
Тарихи өлкетану негізгі деректерін үш категорияға бөлінеді: материалдық (археологиялық, архитектуралық, өнер шығармалары ж.т.б.), жазбаша және ауызша. Өлкетану деректері: баспа, статистикалық, картографиялық, мұрағат, ауызша, өлкетану библиографиясы, тарих және мәдениет ескерткіштері, өлкетану білімінің деректемелері ретінде табиғат процестері мен обьектілерін бақылау болып табылады.
Баспа деректемелері — өлке мәліметінің негізгі деректемелері болып табылатындар кітаптар, мерзімдік және үздіксіз басылымдар (ғылыми қоғамдар, ғылыми-зерттеу институттары, жоғары оқу орындары т.б еңбектер жинағы және ғылыми жазбалары). Әдеби деректемелер әртүрлі: монографиялар және жинақтар, очерктер және мемуарлар, ғылыми және ғылыми көпшілік әдебиеттер, публицистика және анықтамалық сипаттағы басылымдар.