Әлжанов Шәрапи (1901–1938)

Әлжанов Шәрапи (1901–1938) – педагогикалық психология ғылымына қатысты көптеген еңбектер профессор Шәрапи Әлжановтың қаламынан туындады. Отызыншы жылдары оның мұғалімдерге арнап «Ес және есте қалдыру мәселелері, ой мәселелері, дағдылану мәселелері» атты көлемді еңбегінде («Халық ағарту қызметкерлерінің білімін көтеру жайындағы басты материалдардың жинағы», Қызылорда, 1936) шәкірт психологиясының жас және дара ерекшеліктері жайлы сөз қозғалады, осы салада жүргізген эксперименттік зерттеулердің нәтижесін оқырман назарына ұсынады. Мәселен, мектеп оқушыларының ойлау саласында жеке дара ерекшеліктері жайлы былай дейді: «… бір оқушы өте шапшаң ойланып, сұраққа тез жауап береді, тездеп жауап бермесе де, жайлап барып айтса да түбінде жауапты терең және дұрыс беруінде сөз жоқ». Ш.Әлжанов бұл жерде түрлі темпераментке жататын шәкірттердің өзіндік, жеке-дара психологиясы жайлы сөз қозғап отыр. Ғалым психологиялық мәселелерді өз еңбектерінің қай қайсысында болмасын кең пайдаланып отырған. Мәселен, оның «Оқу кітабы –

коммунистік тәрбие беру жөніндегі» (Политехникалық мектеп, 1933, N4), «Эстетикалық тәрбие негіздері» («Ауыл мұғалімі», 1933, N4), т.б. мақалаларында жалпы психологияның көптеген теориялық қисындары жекелеген терминдік сөздер арқылы қарастырлады. Ш.Әлжановтың психологияға байланысты көзқарастары кезінде психолог С.Балаубаевпен бірлесіп, «Психология» атты оқулығын аударған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *