Қонақүй қызметінің имидж түсінігі
Экономика саласы бола тұрып, рекреацияны, демалысты және қонақүй мен рекреация қызметтерде әлем халқының өсіп отырған қажеттіліктерін қамтамасыздандыратын қызмет түрлерін ұйымдастыру үшін жаңа территорияларды іздеумен үнемі байланысты. Қонақжайлылық индустрияның даму мақсатында Қазақстанның туристік-рекреациялық әлеуетін, оның табиғи және мәдени-тарихи объектілерін игеру отандық туроператорларда жаңа ойлар, кәсіпкерлік ынтасы болуы тиіс, яғни бар ресурстарды жаңаша пайдалану болып табылады.
Саяхатшыларға қызмет көрсету бойынша экономикалық қызметтер түрлері туристік территорияларды игеруде және осы индустрияда объектілерді құруда кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайды қамтуды талап етеді.
Қазіргі уақытта экономикасы дамыған елдерде де, кеңестен кейінгі ақпараттық кеңістікте де туристік кәсіпкерліктің жалпы қабылданған экономикалық теориясы әлі де қалыптасқан жоқ. Мұны шаруашылық философиясы, халық ділі, және тұлғалық деңгейдегі экономикалық тәжірибесі әлеуметтік және мәдени тәртіп жағдайының көптеген ерекшеліктері бойынша әртүрлігімен ақталады.
Әлем экономикасындағы халықтар мен мемлекеттердің бірігуі, менеджерлік ілім жүйесін қалыптастыруды қажет етеді.
Қазақстан бизнесі жиырма жылдық тарихы барына қарамастан, «менеджер» анықтамасы іскерлік белсенділік саласына кірген әр азаматқа лайық деп саналады, соның шінде қонақүйлік кәсіпорынның менеджерлері де бар.
Сонымен бірге әрбір менеджер іскерлік адам ретінде таныла алады, ал кезкелген іскер адам шындығына келгенде кәсіпкерлік феномен туралы айтсақ, кәсіпкерлік сапасына жатпайды. Тек қана тұлғалық сапаның болуы мен қызметтің белгілі бір түрімен айналысу талпынысы болғаны немесе мотивациядан бөлек өзіне жауапкершілік алу мен тәуекелге бару аз. Персоналдың дамуы тек осы қызметті қамтамасыздандыратын нақты жағдайлардың болуы ғана мүмкін. Бұл жағдайлар нарықтық қатынастарды дамытады. Мұндай жағдайлардың қалыптасуы белгілі бір қоғамдық ахуалды тұспалдайды, егер идеологиялық, саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдай персоналдың белсенділігі қоғамдық қажетті деңгейін көрсетсе.
Менеджерлікті нәтижелі дәрежеде жүзеге асырылады тек белгілі бір қоғамдық жағдайда – кәсіпкерлік орта, нарық, нарықтық қатынастар жүйесі, сонымен қатар кәсіпкердің жеке еркіндігі, яғни оның жеке тәуелсіздігі мен құқықтық қамтылуы.
Қонақүйде персонал ортаның қалыптасуы, басқа салада сияқты – басқарушылық үдеріс. Бұл үдеріспен басқару әдістері, алайда, тек әкімшіліктік сипатта емес. Мұның негізінде қонақүй қызметтің субъекттеріне ықпал ете алмайтын іс-шаралар емес, персоналдың тұрқы пайда болуы үшін жағдайлармен байланысты, олар республиканың туристік кеңістігін игереді және қонақүй индустриясын құрады.
Тауарлар мен қызметтерді өндірудің әр секторында кәсіпкерлік ортаны құрастыру – көпжақты шешім. А.В. Бусыгин ойынша, ол келесідей элементтерді қосады:
- Қонақүйде қоғамдық экономикалық және әлеуметтік-экономикалық философияның өзгеруі;
- Тұжырымдамаға сәйкес ұлттық қоғамдық психологияның өзгеруі;
- Заңнама қамтыған қонақүй инфрақұрылымды құру акцентімен ұлттық бағдарламада қабылдау, яғни кәсіпкерліктің барлық институттары.
Феноменнің күрделігіне қарағанда, әлемде кәсіпкерліктің жалпыға бірдей унитарлы анықтамасы жоқ, бірақ кәсіпкерлік мәселесінде әр зерттеуші өздігінше оны ұғындырады.
Американдық ғалым профессор Роберт Хизрич кәсіпкерлікті «жаңаны табу үдерісі, бағасы бар, ал кәсіпкерді – осыған уақыты мен күшін жұмсап, өзіне қаржылық, психологиялық және қоғамдық тәуекелге барып, соңында табысқа жететін адам» ретінде анықтайды.
Американдық ғылыми әдебиетте көптеген басқа анықтамалар берілген, яғни кәсіпкерлік пен кәсіпкерлік қызметтің экономикалық, саяси, психологиялық, басқарушылық және басқа кө-қарастармен сипатталған.
Ағылшындық профессор Алан Хоскинг бекітеді: «Жеке кәсіпкер деп өзінің шоты есебінде істі басқарады, өзі бизнесті алып жүреді және өзі қажетті құралдармен қамтымасыз етуде жауапкершілік алады, өзі шешім қабылдайды. Оның сыйақысы кәсіпкерлік қызметтен еркін табыс алу және қанағаттану болып табылады. Бірақ сонымен бірге ол өзінің кәсіпорынның банкрот жағдайына тап болса, онда тәуекелін қабылдауы тиіс».
Берілген ұғымдарды үлгі ретінде қабылдамай, белгілеп алсақ, мұнда кәсіпкерліктің іскерлік белсенділігінен, ал кәсіпкерлік қызметті жай қарапайым бизнестен бөлетін негізгі сипаттамалар құрайды.
«Жеке кәсіпкерлікті қолдау және сақтау туралы» Заңның 1 бабында кәсіпкерлікке анықтама берілді:
1. Жеке кәсіпкерлік – бұл өз тәуекеліне және мүлігіне өз атынан (жеке кәсіпкерлік) немесе юристік тұлға (ұжымдық кәсіпкерлік) жауапкершілігімен ұжымдық мүлігіне негізделіп, тауар (қызмет, жұмыс) сұранысын қанағаттадыру жолымен немесе жеке тапқан табыспен айналысатын азаматтардың қызметі деп аталады.
2. Жеке кәсіпкерлердің мүлігі дербес және заңмен сақталады. Кәсіпкер қызметін шектеуге болмайды, тек берілген Заңнан басқа жағдайда.
Кәсіпкерлік кеңістіктің қоғамда кезкелген шектеулердің болмағанына қарамастан (кәсіпкерлерге барлығы болады), экономикалық және қоғамдық даму деңгейі бойынша осы кеңістіктің бастапқы қалыптасуында нарықта қоғамдық шектеулер енгізілген (мысалы, құқықтық немесе экологиялық).
Туризмде табиғи қорлармен және тарихи-мәдени мұраны пайдаланумен қызметтің көптеген түрлері байланысты, мұндай заңнамалық актілер тыйым салынған-салынбаған сипаттағыларға «Арнайы қорғалатын табиғи территориялар туралы» және «Тарихи-мәдени мұраны пайдалану мен қорғау туралы» ҚР Заңы болып табылады.
Бұл салада «Жеке кәсіпкерлік туралы (1997)» заңын қабылдаумен шектеліп қоймады, одан кейін де жеке, кіші және орта кәсіпкерлік анықтамаларын енгізу оның объективтік құрамына және мақсаттарына қайшы тұрды.
Қонаүй қызметінің құқығының саралау үдерісін жалғастыра отырып, белгілеп алсақ, жоғарыда берілген Заңның 1 бабында жеке кәсіпкерлік жеке-меншік ретінде түсіндіріледі «…азаматтардың қызметі табыс алуға бағытталған, өзінің мүліктеріне негізделген және сол азаматтың атынан жүзеге асатын, тәуекелі үшін және мүлігі үшін жауапты».
Берілген анықтама көрсетіп тұрғандай өзінің функцияналдық негізі бойынша батыс зерттеушілердің берілгендеріне анағұрлым жақын.
Өкінішке орай бюрократиялық құрылымдар айналымға «жекеше», «кіші және орта» кәсіпкерлік терминдерін енгізді, өздігінен пікір бола алады, Кәсіпкерлік, зерттеушілердің ойынша – мекендік немесе сандық мағынада болмауы мүмкін. Қоғамдық өндіріс құрылымда экономикалық қатынасының нақты субъектінің орны мен ролін сапалы бағалау түрінде болады.
Сандық бағалау тек жекеше, шағын, орта және ірі қонақүйлерде, кәсіпорында жүргізіледі. Ал қонақжай индустриясында қонақүй бизнесін жеке-меншік формасы кәсіпкерлікті әлеуметтік-экономикалық әрекет ретінде мүлдем қарастырмайды.
Іс жүзінде қонақүй қызметін кеңістік үш саланың соммасы ретінде сипаттауға болады, оларды саралауда кәсіпқой қызметті ұйымдастыру тактикасы мен стратегиясын құруға мүмкіндік береді. Бұл құқықтық, әлеуметтік және экономикалық салалар.
Құқықтық саласы – бұл қоғам қонақүйдің кәсіби қызмет етуі үшін орнатып жатқан «ойын шарты», яғни – бұл экономикалық үдерістер мен қатынастардың негізгі субъектілерін іскерлік белсенділігін реттейтін Заңдар және актілер, осыны кәсіпкер нәтижелі қызмет жасау үшін дамытады.
Әлеуметтік сала өзінің құрылымы және оны құрайтын бөлімдер көлемі бойынша әртүрлі, олар туроператордың, туристік шаруашылық объектінің қонақүй қызметіне тікелей ықпал етеді. Осы салада келесідей элементтерді бөліп көрейік:
- Экономика даму концепция саласында, қоғамда басымдылық;
- Әлеуметтік санада сақталған ұлттық дәстүрлер, шаруашылық салттар, іскерлік және қонақжайлылық;
- Жалпы қоғамның және ұлттың білім деңгейі, туристік қызмет көрсету саласында мамандарды кәсіби даярлаудәрежесі;
- Қонақүйдің бизнесінің қоршаған ортасына қатынасы;
- Нәтижелі кәсіпкерлік белсенділік үшін қажетті инфрақұрылым;
- Қонақүй бизнесіне мемлекеттің қатынасы.
Экономикалық саласы деп кәсіпкердің таңдаған туристік және қонақүйлік бизнесте бәсекелестік жағдайы, мұнда мөлшерлік және сапалық жақтары бар. Мөлшерлі жақтары нарықта кәсіпкердің өндіріп жатқан туристік тауарлары мен қызметтерінің бөлігімен сипатталады, ол іс жүргізуде тұрақтылық деңгейін көрсетеді. Сапалық жақтары кәсіпкермен өндіріліп жатқан турөнімдер мен қызметтердің сапасы тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру дәрежесін сипаттайды.
Туризм саласында қонақүй қызметі экономикалық табыс алумен байланысты, мақсаттарға жетуге бағытталған, жеке факторларына негізделген жеке тұлғаны деп атауға болады. Туризм капитал салуда ең жетісті саласы болып табылады, және істі дұрыс жүргізуді ұйымдастыруда салымдар тезарада өтеледі.
Әрбір қызмет шаруашылығының әрекет ету күші – қоғамның және әр адамның қажеттілігін қанағаттандыру үшін тауарлар мен қызметтерді өндіру жолымен белгілі бір мақсаттарға жету. Ереже бойынша, нарықтық экономика жағдайында қонақүй басшысы алдына келесідей мақсаттарды қояды:
- табыс алу (шығыннан көп табыс соммасы);
- еңбектен қанағат алу (өзінің ойларынды жүзеге асыру, басқаруда өзінді табу және басқа);
- әлеуметтік мәселелерді шешу (жұмыс орындарын қалыптастыру, денсаулықты алдын алу және басқа).
Қонақүй қызметтің көзі жеке мүмкіндіктер мен жеке фактор туралы білімді кеңейту бойынша интеллектуалдық қызметте қатынасынан тұрады. Жеке факторлар болып табылады:
- жеке мүлік;
- физикалық, ой-саналық қабілеттілігі, білімі және тәжірибесі;
- қоғамдағы орны;
- заңмен қойылған құқығы;
- кәсіпкерлік басқарудағы бөлек мүлкі;
- жеке әрекеттерді болжамдау.
Туризм экономикасында қонақүй қызметі шаруашылық шешімдерді қабылдау барысында жүзеге асады. Бастапқы кезеңде негізгі қабылданатын шешімдерге жатады:
- қызмет саласын таңдау және оның масштабтары;
- қонақүйдің орнласуын таңдау;
- қаржыландыру құралын және салымдарды таңдау;
- қонақүй қызметтің формасын және атын таңдау;
- құжаттарды даярлау және қонақүйді тіркеу.
Қызмет саласын анықтау кәсіпкер өздігінен қарастырады. Мұнда келесідей факторлар сараланады:
- ұсынып жатқан қызметтер түрлеріне сұраныс;
- табыс алу болашағы;
- қорлар иен құралдарды тарту мүмкіндіктері.
Кезкелген қонақүйді құру табыс береді, себебі қонақүй клиенттерге — өнімді және қызметтерді ұсынады, жұмысшылар мен қызметкерлерге – жалақы мен басқа төлемдер; мемлекетке (ауданға) – салық, жиындар. Мұның бәрі қонақүй кәсіпорына жатады. Туризмде қызмет көрсету кәсіпорны анағұрлым капиталды қажет етеді (қонақүйлер, мейрамханалар, транспорттық кәсіпорындар мен компаниялар). Мұндай кәсіпорындар әртүрлі капиталмен байланысты.
Қонақүйдің дұрыс орналасу жері оның өмір сүруінде маңызды болып саналады. Қонақүйдің орналасуы тауар айналым деңгейі, туристік тауар мен қызметтің бағасы, турөнімнің баға мөлшері, сондай-ақ табыс тәуелді. Ең жақсы нұсқа шығындардың табысқа қатынасымен есептеледі. Бастапқы кезеңде шаруашылық шешімдерді қабылдауда үнемдеу қағидасын сақтаған маңызды – қонақүйдің қызмет шаруашылығының жетістікке жетудің бірі, оның негізі тұтынушының қажеттілігін қанағаттандыру мақсатымен өндірісте шектеулі құралдарды үнемдеу болып табылады.
Туризмде нарықтық қатынастар, бір жағынан, туроператорлардың, турагенттердің, контрагенттердің туристік өнімдерді жүзеге асыру мен өндіруі бойынша шығындарын өтейді, және табыс алады. Басқа жағынан – еркіндік, өзара келісім, қайтырылуы, бәсекелестік және эквиваленттілік негізінде туристердің төлем қабілеттілік сұранысын қанағаттандыру.