Қазақстан Республикасының «Жедел-іздестіру қызметі туралы» заңы

  • Казіргі уақытта жедел-іздестіру қызметі ғылымында келесі мәселелер шешімін табуда: жедел-іздестіру қызметі ғылымының пәні анықталды; жедел-іздестіру қызметінің негізгі түсініктері, терминдері белгіленді; жедел-іздестіру қызметінде қолданылатын күштер, құралдар және әдістер анықталған; басқа білімдердің жетістіктерін жедел-іздестіру қызметінің мақсаттарына жету үшін қолдану.

Қазақстан Республикасының «Жедел-іздестіру қызметі туралы» заңы Қазақстан Республикасы аумағында жүзеге асырылатын жедел-іздестіру қызметінің мазмұнын айқындайды және оны жүргізу кезінде заңды құқықтық кепілдіктер жүйесін баянды етеді.

 

2 Жедел-іздестіру қызметі теориясының пәні, мақсаты, жүйесі. Қазақстан Республикасының «Жедел-іздестіру қызметі туралы» заңын зерттеп, реттеп, оны жетілдіру – жедел-іздестіру қызметі теориясының міндеті болып табылады, ал жедел-іздестіру қызметі теориясының пәні осы бағыттағы ғылыми прициптері мен ережелерін оқып үйрену  және оны тәжірибеде қолдана білу болып табыладлы.

Жедел-іздестіру қызметі теориясының пәнінде теориялық және практикалық сұрақтар логикалық байланыста қарастырылып берілген.

Жедел-іздестіру қызметінің теориясы  пәнінің мақсаты келесіде:

1. Қылмыстардың алдын-алу, ашу, тергеу, қылмыскерді және із-түссіз жоғалып кеткендерді іздестіру мәселелерін өз бетінше шеше алатын жоғары дәрежелі заңгерлер дайындау;

2. Жедел-іздестіру қызметінің жұмысын және олардың проблемаларын білу және оларды зерттеу;

3. Болашақ заңгерлерге, құқықтық-этикалық нормалар қағидаларын сақтауды, мамандық этикасын және конспирация (жасырын, астыртын) сақтауды үйрету және тәрбиелеу.

Заңгерлер дайындайтын азаматтық оқу мекемелерінде жедел-іздестіру қызметінің теориясы Қазақстан Республикасының  «Жедел-іздестіру қызметі туралы» заңның және басқа да заңдық актілердің шеңберінде ғана беріледі.

Бұл мекемелерде жедел-іздестіру қызметімен байланысты мемлекеттік құпия болып табылатын сұрақтар қарастырылмайды.

Пәннің жалпы мақсаттарына жету үшін, оқу-тәрбиелеу процесін келесі мәселелерді  шешуге бағыттау қажет:

1. Жедел-іздестіру қызметін ұйымдастыру және тактикасының ғылыми негіздерін білу;

2. Қылмыстарды ескерту, оларды ашу үшін жедел-іздестіру істерінде жария және жасырын құралдарды, әдістерді және тәсілдерді қолдана білу;

3. Жедел-іздестіру қызметінде заңдылытқы, конспирацияны сақтай білу;

4. Тиісті құқық қорғау органдарында жедел-іздестіру қызметін реттейтін құқықтық актілері мен деректі құжаттарымен танысу;

5. Жедел-іздестіру қызмет бөлімшелерінің оң тәжірибесімен танысу;

6. Жедел-іздестіру қызметінің негізгі құжаттарын  дұрыс және толық толтыра білу;

7. Жедел-іздестіру қызметінің аппараттарында қызмет ету үшін қәсіби қажетті және маңызды барлаулық, моральдық, демократиялы принциптерді сақтау қасиеттерін тәрбиелеу.

Жедел-іздестіру қызметі теориясының пәнінің жүйесі — 2 бөлімнен тұрады. Кейбір авторлар 3-бөлімге бөледі.

 

Жалпы бөлім

Жедел-іздестіру қызметінің теориясы — ғылыми білімнің бір саласы ретінде

Жедел-іздестіру қызметінің түсінігі, мақсаты, белгілері мен функциялары

Жедел-іздестіру қызметінің құқықтық негіздері мен принциптері

Жедел-іздестіру қызметінің түрлері

Жедел-іздестіру қызметінің субъектілері және объектілері, олардың құқықтары мен міндеттері

Жедел-іздестіру қызметіндегі құжаттау және дәлелдеу

Құқық қорғау органдарының жедел-іздестіру құралдары

 

Ерекше бөлім

Жедел-іздестіру шараларының түсінігі, түрлері, оларды тағайындау негіздері мен өткізу шарттары

Жедел-іздестіру шараларын шектеу және тоқтату негіздері

Жедел аппараттардың іздеу жұмыстары

Жедел-іздестіру  қызметінің  қылмыстарды  ескерту  мақсатында өткізетін  жұмыстары

Белгісіз жағдайда жасалған қылмыстарды ашу бойынша өткізілетін жедел-іздестіру шаралары

Адамдарға сауал қою – жедел-іздестіру шарасының түсінігі, әдістері мен тактикасы

Жеке адамды белгілері бойынша іздеу және ұқсастыру

Жедел-іздестіру қызметін прокурорлық қадағалау

 

Пайдаланған әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасы «Жедел-іздестіру қызметі туралы» заңы, 15 қыркүйек 1994 жылы

2       Гинзбург А.Я. и др. Основы оперативно-розыскных действии. Учебно-практическое пособие; Алматы. ТОО “Аян-Эдет” 1999г.

3       Ибрагимов Х.Ю. Правоохранительные органы. Учебно-методическое
пособие. Алматы: “Данекер”, 2001 г.

4       Сысалов М.П. Оперативно-розыскная деятельность в РК. Учебное
пособие. Алматы: “Данекер”, 2002 г.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *