Қазақстан Республикасындағы Интерпол Ұлттық Орталық Бюросының құрылымы және олардың қызметтері

Қазақстан Республикасындағы Интерпол Ұлттық Орталық Бюросының құрылымы және олардың қызметтері

 

Қылмыстық юстиция саласындағы мемлекеттердің ынтымақтастығында қылмыстық полицияның халықаралық ұйымы (Интерпол)  ерекше орын алады. Интерпол (International Police)  1923 жылы бірқатар мемлекеттердің полициялық ведомстволары басшыларының кездесуінде құрылған. Кездесу полицияның екінші халықаралық конгресі ретінде өтіп, оның қатысушылары өздерінің халықаралық бірлестігін құруды шешкен. Алғашқыда, екінші әлем соғысына дейін бірлестік қылмыстық полицияның Халықаралық комиссиясы деп аталған және үкіметтік емес халықаралық ұйым статусына ие болған.         Комиссия шеңберінде мемлекеттердің ынтамақтастығы  жеке мемлекеттің шеңберінен шығатын қылмыстық іс әрекеттер жасаған қылмыскерлер мен аса қауіпті адамдар туралы жедел ақпараттармен алмасуды көздеген.

Ол кезде Интерполдың штаб-пәтері Венада (Австрия) болған. 1938 жылы Австрия фашист әскерлерімен басып алынғанда гитлердің қауіасіздік қызметі комиссияның барлық қызметі мен қылмыскерлер туралы жинақталған картотекаларды бақылауға алып,  ұйымның қызметін тоқтатқан.     Екінші әлем соғысы аяқталғаннан соғыстан кейінгі бұзылыстардың, әскери қажеттіліктерге жұмсалған үлкен шығындардан әлсіреген көптеген мемлекеттер экономикасының тұрақсыздығы аясында қылмыстылықтың бұрын болмаған өсуі байқалады. Осы жағдай АҚШ пен қоса бірқатар еуропалық мемлекеттерді полициялық ведомстволардың бірінші соғыстыстан кейінгі конференциясында жиналуына себеп болды. Олардың мақсаты халықаралық полиция ұйымын қайта жаңғырту болды. Конференция Брюссельде 1946 жылы өтті.

Жаңа ұйымның штаб-пәтері бұл жолы Австриядан Францияға ауысты, ал 1989 жылы француз қаласы Лион ұйымның орталығы болды.

Ұйымның қалыптасуындағы маңызды оқиға болып 1923 жылғы комиссияның Құрылтай актісінің орнын басқан  1956 жылы Интерполдың Жарғысының қабылдануы табылды. Ұйымның негізгі мақсаттарын, құрылымын айқындаған Жарғы Ин    терполды үкіметтік емес ұйымнан        толыққұқылы үкіметаралық халықаралық ұйымға айналдыра отырып, ұйымның құқықтық табиғатын өзгертті. Енді Интерпол кез келген мүдделі мемлекеттер кіре алатын ашық ұйым болды.

Жарғының 1-бабында былай делінген: «Қылмыстық полицияның Халықаралық комиссиясы деп аталатын Ұйым енді Қылмыстық полицияның Халықаралық ұйымы – Интерпол деп аталады».

Жарғының 2-бабына сәйкес, Ұйымның мақсаты: Адам құқықтарының жалпы Декларациясы аясында мемлекеттердің қолданыстағы заңнамаларының шеңберінде қылмыстық полицияның барлық органдарының өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету; қылмыстылықты алдын алуға және күресуге ықпал ететін мекемелерді құру және         дамыту.

Ұйым жалпықылмыстық қылмыстармен күресуді жүзеге асыруға құзырлы және ешқандай саяси, әскери, діни немесе нәсіл сипатындағы қызметті жүзеге асыра алмайды, я болмаса олардың қызметіне араласа алмайды.

Жарғыға сәйкес, ұйымның жоғары органы болып Ұйым мүшелерімен тағайындалатын делегаттардан түратын Бас Ассамблея табылады. Ұйымның әрбір мүшесі онда бір немесе бірнеше делегаттармен ұсынылуы мүмкін, және әрбір мемлекеттің делегациясының бір ғана басшысы бола алады.

Ұйым қызметі арнайы сипатта болғандықтан оның мүшелері делегация құрамына полициялық қызметті атқаратын жоғары тұрған мемлекет органдарының лауазымды адамдарынан, функционалдық міндеттері Ұйым қызметімен байланысты лауазымды адамдардан, сондай ақ Ұйым мәжілістерінің күн тәртібінде енгізілген мәселелер бойынша мамандардан тұру қажет. Бас Ассамдлея: Ұйым қызметінің жалпы қағидаларын және Ұйым алдында тұрған міндеттерді орындауға септігін тигізетін жалпы шараларды анықтайды; алдағы жылға Ұйымның Бас хатшысымен ұсынылған жұмыстың жалпы жоспарын қарап, бекітеді; Ұйымның лауазымды тұлғаларын сайлайды; Ұйымның қаржылық саясатын анықтайды және Жарғымен қарастырылған басқа да функцияларды орындайды (6, 7, 8 баптар).

Бас Ассамлея өзінің сессияларын жыл сайын өткізеді, бірақ басқа органдардың немесе Ұйым мүшелерінің өтініші бойынша Бас Ассамблеямен кездейсоқ сессиялар өткізілуі мүмкін. Бас Ассамблеяның сессиялары барысында нақты мәселелерді шешу мақсатында арнайы комитеттер құрылкы мүмкін. Бас Ассамблеяда дауыс беру құқығы әрбір мемлекеттен бір ғана делегатқа ғана беріледі және Жарғыға сәйкес дауыстардың 2/3 қажет етілетін жағдайларды қоспағанада, барлық шешімдер дауыстың қарапайым көп шілігімен қабылданады (10-14 баптар).

Интерполдың Бас Ассамблеядан кейінгі екінші органы болып Атқарушы комитет табылады. Бұл шектеулі құзіреттілігі бар және Президенттен, үш Вице-Президенттен және тоғыз Делегаттардан тұратын қатысушылардың тар құрамынан тұрады. Әділ географиялық өкілдік қағидасына сәйкес, атқарушы комитеттің барлық мүшелері әр түрлі мемлекеттердің өкілі болуы қажет. Президент өзінің делегаттарының ішінен Бас Ассамблеямен төрт жылға дейін сайланады. Вице-Президенттер үш жылға сайланады. Осындай мерзімге тоғыз делегаттар да сайланады. Президент және Вице-Президент әр түрлі континенттерден болуы керек. Ұйым Президенті Бас Ассамлеяның сессияларында төрағалық етеді және сөзжарыстарға басшылық етеді (15-19 баптар).

Атұарушы комитет мәжілістерге Ұйым Президентінің шақыруы бойынша жылына кемінде бір рет жиналады. Өз кезегінде, атқарушы комитеттің негізгі функцияларына мыналар жатады: қабылданған шешімдердің Бас Ассамблеямен орындалуын қадағалауды жүзеге асыру; Бас Ассамблея сессияларының күн тәртібін дайындау, жұмыс жоспарларын және ұсыныстарды Бас Ассамлеяға ұсыну, Бас хатшының қызметіне бақылау жасау және Бас ассамблеямен берілген басқа да құзіреттіліктерді жүзеге асыру (20-22 баптар).

Ұйымның тұрақты жұмысшы аппараты болып Бас хатшының басшылығымен Секретариат табылады. Бас секретариат: Бас Ассамблея мен Атұарушы комитеттің шешімдерін жүзеге асырады; қылмыстылықпен күресу бойынша халықаралық орталық ретінде әрекет етеді; мамандандырылған және ақпараттық орталық рдейдіетінде әрекет етеді; ұлттық және халықаралық органдармен бапйланысты қалпында ұстайды. Бас Секретариат Бас Хатшыдан, ұйым қызметін қамтамасыз ету бойынша функцияларды орындайтын техникалық және әкімшілік персоналдан тұрад (25-27 баптар).

Кандидатурасы Атқарушы комитетпен ұсынылып, Бас Ассамблеямен бес жыл мерзімге бекітілетін Бас хатшы полиция қызметі мәселелерінде жоғары құзіреттілікке ие адамдар санынан сайланады (28 бап).

Бас Секретариат құрылымына Атқарушы бөлім және төрт басқарма кіреді.

 Бірінші басқарма жалпы әкімшілік мәселелерімен айналысады: Бас Ассамблея сессияларын, Интерпол жағынан ұйымдастырылатын басқа да мәжілістерді, симпозиумдар мен курстарды дайындау, сондай ақ Интерпол а

Екінші басқарма (полициялық) төрт бөлімшеден және Еуропалық секретариаттан тұрады. Бірінші бөлім мынадай ақпараттармен айналысады: жеке адамға және меншікке қарсы қылмыстармен; ұйымдасқан қылмыстар бойынша; криминалды қызмет нәтижесінде алынған құрадардан жинақталған фондтар бойынша; терроризм бойынша. Екінші бөлім экономикалық және қаржылық қылмыстар бойынша ақпараттармен жұмыс жасайды. Үшінші бөлім есіркінің заңсыз айналымы бойынша ақпараттарды өңдейді. Төртінші бөлім тәжірибелік полициялық жұмыспен айналысады:Ұйымның тікелей мемлекеттер-мүшелер ұлттық орталық бюролары үшін ақпараттар дайндайды. Бұл бөлім өз кезегінде әр түрлі ҰОБ сұраныстарына жедел түрде жауап беретін төрт бөлімшеден тұрады.

Үшінші басқарма криминология бойынша анықтама материалдарын зерттеу, талдау және жөнелту, қылмыстылықты алдын алу, қылмыстық құқық бойынша; халықаралық қылмыстылық жөнінде статистикалық мәліметтерді жинақтау және жариялау бойынша; келісімдерді, резолюция жобаларын, нұсқаулары мен ережелерін дайындау бойынша; мамандандырылған журнал шығару бойынша; Интерпол қызметкерлерін дайындай және қайта даярлау бойынша жұмыс атқарады. Аталған басқарманың қызметкерлері, әдеттегідей, Интерполды халықаралық конференциялар мен мәжілістерде көрсетеді.

Төртінші басқарма Интерпол қызметінің телекоммуникациялық  және компьютерлік   технологиясын зерттеу мен ендірумен мамандандырылады. Оның негізгі міндеттерінің бірі болып ҰОБ мен Бас секретариат арасындағы алмасуда ақпараттарды тез арада, сенімді және қауіпсіз түрде беруді қамтамасыз ету табылады.

Ұйымның төртінші органы болып, Жарғыға сәйкес Кеңесшілер институты (34-37 баптар) табылады. Барл «»»ық ғылыми мәселелер бойынша Ұйымның кез келген органы тікелей консультатитвтік функциялар атқаратын Кеңесшілерге жүгіне алады. Кеңесшілер Ұйым үшін қызығушылық тудыратын қандай да болсын облыста әлемге танымал беделге ие адамдар санынан сайланады және Атқарушы комитетпен үш жыл мерзімге тағайындалады.

Интерпол құрылымында ешбір халықаралық ұйымда теңдесі жоқ Ұлттық орталық бюро (ҰОБ) бар (31-33 баптар). «Қылмыстылықпен күресудің халықаралық орталығы» және «мамандандырылған және ақпаратты орталық» болып табылатын секретариатпен қоса, барлық елдердің ҰОБ-сы полицияның кейінгі қалдырылмайтын және күнделікті ситуацияларда қылмыстылықпен күресудегі ынтымақтастығының ортақ механизмін құрады. ҰОБ секретариаттың қылмыстылықпен күресуіндегі таИнтерполдың бекініс пункті ретінде айқындалады. Ал өз мемлекеттерінің полициялық органдары үшін ҰОБ «Интерпол жүйесінде полицияның халықаралық ынтымақтастығы мәселелері бойынша ұлттық орталықтар» болып саналды.

Жарғының 31 бабында айтылғандай, алға қойылған мақсаттарды орындауда Ұйым оның қызметіне тиісінше қатысу үшін заң шеңберінде барлық мүмкін болған жағдайлардыжасауға тиіс өздерінің мүшелерінің тұрақты және белсенді ынтымақтастығына сүйенеді. Бұлайша қатысу, қылмыстылықпен халықаралық күресуде мемлекеттің полициялық күштерін тартуды, мемлекетке немесе одан тысқары жерге өзінің байланыс құралдары ретінде «өздері арқылы» жедел түрде оларды өткізуге дайын болуды қамтамасыз ету арқылы басқа да ҰОБ мен Интерполдың штаб-пәтерімен олардың байланыстарын реттеп, қалыпта ұстауды, келіп түскен сұраныстарды тез арада және сапалы орындауға қол жеткізуді  білдіреді.

Ұйымның барлық ресурстары Ұйым мүшелерінің қаржылық жарналарынан және қабылдануы Атқарушы комитетпен мақұлданған сыйлардан, субсидиялардан, дотациялар мен басқа да ресурстардан құралады. Ұйым бюджетінің жобасы Бас секретариатпен жасалады және Атқарушы комитетке бекітілуге ұсынылады. Ол күшіне Ұйымның Бас Ассамблеясымен қабылданғаннан соң енеді (38-40 баптар).

Одан ары, Ұйым айналысуға тура келетін қылмыстардың негізгі түрлерін атап көрсету қажет. Алдымен, бұл есіркі заттар мен психотропты заттардың заңсыз айналымы. Дәл осы есірткі заттарды контрабандалық саудаға салу екінші әлемдік соғыстан кейін басқа қылмыстар ішінен бірінші орынға шықты. Мысалы, 29 қыркүйек пен 5 қазан арасында 1993 жылы Арубы астанасы Ораньестада өткен Интерполдың Бас Ассамблеясының 62 сессиясында   барлық делегеттар есірткінің заңсыз айналымының өсу қаупін атап өткен. Мысалы, опиумның заңсыз өндірілуі 1992 жылы 4000 тоннадан асқан, өкініке орай бұл сан жылдан жылға өсуде. Есірткілерді заңсыз тасымалдаудың Балкандық бағытында бұл маршрутта Грузия, Орта Азия және Ресей мемлекеттері пайда болды. Есіркілердің заңсыз айналымының жалпы көлемінде героин үлесінің көбеюі байқалады. Интерполдың бағалауынша 1992 жылдан бастап кокаинның өндірілуі екі тоннадан асатын көрсеткішті көрсетіп отырды, оның ішінде  300-400 тоннаға жуығын ғана ме мемлекеттердің құқыққорғау органдары қолға түсіре алады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *