Қазақстан Республикадағы туризмде қонақүй қызметін мемлекеттік қолдауы

Қазақстан Республикадағы туризмде қонақүй қызметін мемлекеттік қолдауы

 

Қонақжайлылық индустриясында қонақүй қызметінің теориялары мен тәжірибелерін зерттегенде және  персонал белсенділігінің дамуын ынталандырушы факторларды іздеу үдерісінде «қонақүй қызметтің объектісі мен субъектісі» категориясы маңызды болып табылады. Бұл жерде белгілеп алсақ, туризмнің тұжырымдамалық үлгісі «қонақүй қызметтің объектісі мен субъектісі» жүйесі ретінде, мұнда турист субъект болады, ал объект – туристік қорлар, қонақүйлер мен ұйымдар.

Қонақжайлылық индустриясында қонақүй қызметінің белсенділігінің негізгі субъектісі персонал болып табылады, яғни, турөнімнің, турқызметтің немесе туристік тауарларды өндіруші. Алайда жаңа турөнімді өндіруші туроператор қонақүй қызметтің бір ғана субъектісі емес. Кезкелген жағдайда ол тұтынушымен (туристпен) контрагенті ретінде өзара әрекеттесуі тиіс, сонымен қатар мемлекетпен де, оның қызметінде әртүрлі жағдайларда көмекші немесе қарсылас ретінде шығады.

Бусыгиннің ойынша тұтынушы да, мемлекет те, қонақүй қызметінің белсенділікте субъект категориясына жатады, және оған жұмысшылар да, серіктестіктер де жатады, олармен туроператор турөнімнің қалыптасуында немесе оның нарықта жылжуында өзара әрекеттеседі.

Қонақүй қызметтің объектісі менеджерлік идеямен  жиі байланысты, онымен турөнімді  өндірудің инновациялық үдерісін, қызмет көрсету үдерсінің жаңа технологиясын жасауын, нарық өтімін іздеуде және т.б. ұйымдастыруға немесе басқаруға бағытталған.

Қонақжайлылық индустриясында қонақүй қызметінің объектісіне турөнім немесе қорлар жатады, олардан қалыптасады (олардың жаңа тәсілі), турөнім немесе оны ұсыну үдерісі, яғни туристің қажеттіліктерін қанағаттандыруы мүмкін және туристік нарықта сатып алу мен тұтыну үшін ұсынылады.

Іс-жүзінде, қонақүй персоналының белсенділілігі жалпы мақсаттарға және берілген шешімдерді қабылдауға үнемі бағытталу.

Қалыптасқан жағдайға тәуелді қонақүй персонал  белсенділік объектіге жаңа идеялардың туындалуы, жаңа құралдарды өндіру немесе оларды іріктеу, негізгі капиталға қаржы салу, жаңа технологияларға ауысу, кадрларды таңдау мен оқыту болуы мүмкін. Бұл мағынада менеджер терең ойлау қабілеті (іскерлік адамдардың орташа ойлану деңгейімен салыстырғанда), саралау жасауы және қонақүй саласы мен туристік өнімді өндіруде жаңалықтарды ескеру, басқа туристік өнімді өндірушілермен жұмыс істей ала білуі қажет.

Мұнда персоналдың маңызды ерекшелігі идеяны жүзеге асыру немесе жаңа технологияны нарық қалай қабылдап алады секілді, өндіру құралды және капиталды тиімді пайдалану туралы болжау қабілеті  тұр. Осы құраушыларды бір үдеріске байланыстыра білу және өз күшін, белсенділігін осыған жұмсау – қонақүйдің болашақтағы жетістікке жету кепілі.

Осы көзқарас бойынша қонақүй турөнім мен туристік қызметтерді өндіру нарығында орын алу мақсатында белгілі бір нарықтық жағдайды және бірегей білімді байланыстыру формасы болып табылады. Ол инновациялық (техникалық, ғылыми, технологиялық, инвестициялық, ұйымдастырушылық немесе басқарушылық) жетістіктерді енгізу арқылы нәтижелі функциялану деңгейіне оның тұрақты аудару мақсатымен реформалау немесе революциялық жолмен  жаңа экономикалық мүмкіндіктерді ашуды қарастырады.

Кезкелген қоғамда экономикалық қатынастардың жүйесі мен құрылымы жеткілікті күрделі әрі өзіне көптеген элеметтерді қосады. Қонажай индустриясында мұндай қатынастардың басты сызығы ретінде екі негізгі субъектілер өзара әрекеттеседі – өндіруші (туроператор) және тұтынушы (турист).

Шын өмірде осы әр субъектілердің тәртібі көптеген факторларға тәуелді, олар, өз қатарына, оның белсенділігіне ықпал етеді және мұндай белсенділіктің бағытын қалай дұрыстап отырса да, солай бастапқы экономикалық мүддесін де ұстайды.

Қазіргі ғылыми және оқулық әдебиеттерінде қонақүй қызметі мәселесін тар шеңберде қарастырады. Әдетте қонақүй туралы оқулықтар жеке алаңда әрекет ететін менеджерлердің қызметіне арналған. Бірақ қонақжай индустриясында қонақүй қызметі қағидаларының экономикалық белсенділіктің арнайы формасы ретінде тек жекелей емес, мемлекеттік экономикалық алаңда да пайдаланылуы мүмкін, пайдаланылады және пайдалану керек.

Осыдан келіп  келесілер ажыратылады:

  • жеке менеджмент;
  •  персонал менеджменті.

Қонақжай индустриясында персонал  менеджменті – құрылтай кәсіпорынның атынан экономикалық белсенділігін жүзеге асыру формасы ретінде:

А) мемлекеттік басқару органдары, олар мемлекеттік мүліктерді, қорларды (мысалы, «Яссауй» ұлттық компания) басқаруға уәкілетті (заңмен сәйкесінше);

Б) жергілікті басқару органы (әкімшілік, аудандық туризм басқармасын немесе облыстық әкімшілікпен құрылған).

Мұндай  жеке меншік жартылай мемлекеттік немесе муниципалдық мүлкісі, жартылай бюджеттік құралдар мен басқа көздер формасы болады. Осындай қонақүйлердің маңызды сипаты өздерінің жеке меншігіндегі мүлкімен тәуекел етіп, міндеттерімен жауап береді (олардың міндеттеріне мемлекет те, өздері де мемлекеттің міндеттеріне жауап бермейді).

Туристік қызметте жеке кәсіпкерлік  — бұл қонақүй (тіркелген) немесе кәсіпкер (жеке оператор) атынан экономикалық белсенділікті жүзеге асыру формасы.

Осы түрлерінің әрқайсысы өзіндік өзгешеліктері бар, бірақ олардың белсенділігінің негізгі қағидалары көбінесе келеді. Екі жағдайда да туристік қызметті іске асыру ынтаны, инновациялық әдіс жауапкершілікті, жоғары табысқа талпынуды болжамдайды.

Қоғамдық өмірде әлеуметтік-экономикалық өзгерістер кезеңінде шаруашылық қызметінің субъектісі ретінде адамға талап ететін мамандықтар тобы пайда болды. Бүгінде кәсіби іріктеу үлкен шамада экономика облысында әрекет ететін адамға бағытталған.

Коммерциялық құрылымда экономикалық қызметте өз күшін салатын адамдар үшін нарық жағдайында күрделі мамандықтар туралы айту қажет емес. Кейбіреулер маклер және агенттен бастайды, біреулер агенттіктің басқарушысы, енді біреуінің басқару қызметіндегі дәстүрлік құрылымды ұстанады.

Осы топтағы адамдар менеджер болатындығын айтып, өзінің өмір стилін және өзінің тұлғалық мінездерін шаруашылық қызмет сипатымен сәйкесінше өзгертеді. Осы қызметтің маңызды мінездемесі тәуекелге баратын адамға талаптары мен оның мінезі болып табылады.

Демек, бірінші кезекте «прагматикалық» тәуекелге дайындығы, себебі сатып алу мен жоғалту қаражат өлшемінде модальді, сондай-ақ «интелектуалдық» тәуекелге де дайындық, өйткені шешім қабылдау қабілеті мен ақпараттың анықталмаған жағдайда әрекет ету қонақүй қызметінің қажетті жағдайы болып табылады.

Қонақүйде кәсіпкерліктің ұлттық  ынтасы  — азаматтық қоғамның құқықтық алаңы шеңберінде экономикалық дербестіктің негізгі формаларының бірі.  

Жалпы мәдениеттік және цивилизациялық алғы шарттарды ұғыну, және, жиі оның қорларын толығымен пайдаланбау тек саяси және институттік сипатта жүрмейді, экономикалық мәдениет пен шаруашылық психологиясын қалыптастыру мәселесінің кешенінде негізделген.

Бұл мәдени психологиялық механизмдердің экономикалық реформалардың жылжуына теріс әрекеттерімен және қонақүй кәсіпкерліктің шағын формаларын жүзеге асыруды жеткілікті күрделігімен түсіндіріледі.

Бұл механизмдердің әрекет ету себептері жеткілікті салмақты және демократиялық ұйымдастырушылық экономикалық құқықтық өмірдің терең дәстүрлерінің болмауымен, саяси және құқықтық сана деңгейінің,  шаруашылық мәдениеттің жоғары еместігімен түсіндіріледі және ұйымдастырушылық, құқықтық, әдістемелік сипаттың  қонақүй қызметте өз мүмкіндіктерін байқап көрушілер үшін бұлардың бәрі экономикалық құрылыстың формалары мен әдістеріне, құрамына теріс әсер етеді, қоғамда реттелген экономикалық жағдайға кедергі болады.

Қонақүй бизнесіне мемлекеттік қолдауы, туризм көптеген елдердің экономикасының маңызды бөлігі және халықаралық қатынастар мен іскерлік белсенділігінің құраушысы ретінде, құқықтық реттеуді талап етуден тұрады, сондықтан тәжірибелік қызметтің негізгі саласы туристік құқық қалыптасты. Көптеген елдерде қонақүй бизнесі туралы ұлттық заңдар қабылданған, оларда дамудың негізгі қағидалары мен ережелері анықталған, сонымен қатар резиденттер мен резиденттер емес компаниялар үшін қонақүй қызмет нормалары белгіленді. Соңғылар үшін қызметте белгілі бір шектеулер жиі енгізіліп тұрады, туризм ұйымдастырушылар мен клиенттер қатынастарын реттеу ерекше қарастырылады. ҚР-да «ҚР-да қонақүй қызмет туралы» (2001ж.) ұлттық заң қабылданған.

Үкімет қонақүй қызметті реттеу қаулысы мен маңызды заң жобалар қатарын қарастырды, мұнда қонақүй қызметінің субъектілері арасындағы норматиті-құқықтық қатынастар және мемлекеттік реттеу негіздері анықталады. Бұл құжаттар сондай-ақ қонақүй қызметтердің ерекше сұрақтарын реттейтін нормалар қамтиды. Нормативтік-құқықтық негіз мағыналы түрде әртүрлі ережелермен, қағидалармен кеңейтілген. Халықаралық туризм мақсаттары үшін туристік немқұрайлықтарды анықтайтын ұлттық заңдар мен нормативті актілер қабылданды. ҚР «Қонақүй қызмет туралы заңы заңнама негізінде қабылданды және, демек баптың көп бөлігі мен ережелеріне тікелей қатынасы жоқ. Заң қонақүй қызметтің ерекшеліктерін ескеретін қосымша құқықтық қаулыны жорамалдайды. Бұл жайды қонақүй қызметтің және жалпы халықаралық туризнің дамуына күш берді. Мұның бәрі экономикалық және кәсіпкерлік ретінде қонақүй қызметін реттеу нормаларын құру қажеттілігін шақырды.

Қазіргі уақытта мемлекетте аралас экономика шеңберінде өзінің кең диапазонында экономикалық реформалардың жүруін ынталандыру құралдары өз бұйрығында. Қазіргі нарықтық экономикада маңызды роль атқара отырып, мемлекет жұмыссыздық деңгейін төмендетуі туралы ойлауға міндет, немесе жұмыссыздық нарықтың нәтижелікке қабілетсіздігінің нашар белгісі болып табылады.

Экономикалық реформаларды кеңейтуге ынталандыратын мұндай құралмен адам қорларын толық пайдаланбау үдерісіне қатыстыру және Қазақстанда халықтың жұмыс бастылығын қамтамасыздандыру шағын кәсіпкерлікті Мемлекеттік қолдау бағдарламасы болып табылады.

Туризм саласында қонақүй қызмет үшін оған қатысушыларға еркіндік құқығын мойындаған кезде ғана мүмкін. Жеке немесе заңды тұлғалардың еркін қонақүй кәсіпкерлік қызметі құқығы ҚР Конституциясы 4 бөлім,  26 бап, 2 бөлім 40 бап, және 3 бөлім 44 баппен, сонымен қатар ҚР Президентінің «азаматтардың және жеке тұлғалардың қонақүй кәсіпкерлік қызметі еркіндік құқығын қорғау туралы» Қаулысымен бекітілген, мұнда 7 бапқа сәйкес қонақүй қызметі жеңіл даму жағдайына ие болады. Қызмет саласын таңдау мәселесін шешкенде кейбір өндіріс түрлеріне жеңілдік жағдайында қаржыландыратындығын пайдалануға болады. Бұл үшін ҚР «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау» (1997ж.) Заңын, «Еуропалық банктің Дамытуды қалпына кетіру несие бағыты шеңберінде шағын кәсіпкерлікті несиелендіру бағдарламысын жүзеге асыру туралы» (1997ж.), «жұмыс орындарын құру, шағын және орта бизнестің, шаруашылықтың дамуын несиелендіру туралы» (1998ж.) Үкіметтің Қаулысын жақсы білу керек.

Қонақүй қызметін мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру жаңа әдістерді талап етеді, өзгерген әлеуметтік-экономикалық жағдайларға, мақсаттарға, қағидалар мен шешімдерге толық жауап беру. Туризмді кешенді дамытуды тиімді қамтамасыздандыру саланы мемлекеттік реттеу әдістерін таңдауға тікелей тәуелді.

Қонақүй персоналы сала қызметіне байланысты емес, белгілі бір облыста, еңбек, тұрмыс саласы немесе демалыс болса да адам құқығының жол бастаушысы болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаевтің «Қазақстан-2030» халқына жолдауында туризмнің дамуы туристік-рекреациялық тарихи-мәдени және табиғи қорларды игеру мақсатымен қатар экономикалық шешімдерді қабылдауда басты бағыттарының бірі болып есептеді.

Қазақстан Республикада халықаралық және ішкі туризмнің дамуы осы қонақүй қызмет саласында сәйкесінше ұйымдастырушылық-құқықтық заңнамаларды құруды талап етті. 1992 жылдан 1998 жылға дейінгі кезең аралығында қонақүй қызметі мен туризмнің ұйымдастырушылық-құқықтық негізін анықтайтын нормативті-құқықтық құжаттардың қатарлары жасалып қабылданды.

Қазақстан Республика территориясында туризм және қонақүй қызметінің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін анықтайтын құжаттарға:

  • Қазақстан Республикасында 1992 жылы қабылданған «Туризмде қонақүй қызметі туралы» Заңы;
  • Қазақстан Республикасының Президенттік Қаулылары негізінде 1992 жылғы 15 шілде мен 15 тамызда сала концепциясы және қонақжай индустриясын  дамытуының ұлттық бағдарламасы жасалды;
  • ҚР Президентінің 1995 жылғы 2 мамырдан «Шаруашылық серіктестігі туралы» Қаулысы күшке енді;
  • 1996 жылдан 18 шілдеде «ҚР-да кәсіпкерлікті лицензиялау туралы» ереже;
  • ҚР 1997 жылдан 7 тамызда Үкіметпен Қаулымен бекітілген «1997-1998 жылға тұтынушылар құқықтарын мемлекеттік қорғауды жетілдіру» бағдарламасы;
  • Президенттің 1998 жылдан 27 сәуірден «Кәсіпкерлік қызметтің еркіндігіне азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау туралы» Қаулысы.

Сонымен бірге, мемлекет құқықтық және нормативтік негізді құруда белсенді ролін сақтап қалу үшін экономикаға өз қатысын саналы түрде шектеді, жеке меншік құқықты қалыптастыруды қамтамасыздандырды, бәсекелестік нарықты және мықты экономикалық саясаты құруға көмектесті.

Елдің Президенті халыққа «Қазақстан 2030» жолдауында тікелей мынаны көрсетіп отыр: «мемлекеттің жаңа ролі адамдардың атынан шешім қабылдау емес, меншікті дамуда тиімді шараларды қолдану үшін еркіндік жағдайын қалыптастыру болып табылады» (Н.А.Назарбаев «Қазақстан 2030» барлық қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі және әл-ауқаттылығының жақсаруы. Казахстанская правда – 11.10.1997 жылдан.).

Мемлекеттік қызметтердің деорталықтануы экономикалық өмірдің ақиқатты жақтарын қамтиды, мұны басқаруда ескеру қажет. Мемлекеттік мәлемет шын мәнінде мағыналы дәрежеде жекелей әрекет етеді және мемлекеттің басқа басқару бұтақтармен өзара әрекеттесуін мағыналы ескермейді. Алайда, мемлекет өзінің қызметтерін шектеуде маңызды роль атқарады және оның бірінші қызметі өмірде «экономикалық идеяның ережелерін» жасау мен өткізу болып табылады. Бұл ережелер былыққан дамуды тоқтату мақсатында заңдық еріксіздікпен көндіреді, оларға жеке меншік құқығын заңдастыру, қаржылық және ақшалық-несиелік операцияларды бақылау, экономикалық қызметке қолжетімділікті реттеу және т.б. арқылы.

Нарық мемлекеттік емес экономиканы шамалайтын жағдайда қымет ете алатындығы негізсіз болып саналады. Сондықтан «тұрақсыздық даму транзиттік кезеңде экономиканың өзі бола тұра, мемлекеттің реттеу ролі мен оның араласуы барабар болуы тиіс». (Н.А.Назарбаев «Қазақстан 2030» барлық қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі және әл-ауқаттылығының жақсаруы. Казахстанская правда – 11.10.1997 жылдан.).

Қонақүй қызметін басқаруда қаражат салу бойынша сала шеңберінде басқарудың жалпы жүйесіне шоғырланды. Мұндай жүйенің құраушы бөліктеріне және белгілі бір басқарушылық қызметтерді орындаушыларына: мемлекет, жергілікті басқару органы, ұлттық (аудандық) және жергілікті шаруашылық субъектілер – қонақүйлер жатады.

Халықаралық туризмнің даму тәжірибесі көрсетіп отырғандай, мемлекеттік реттеу ролі мен қонақүй бизнесінің дамуына мемлекеттің, батыс мемлекеттер қатарының араласуы 50-60 жылдары орын тапты, бірақ 70 жылдар ортасынан қазіргі уақытқа дейін қонақүй бизнесінің дамуы кегендік әдістерді қалыптастыру бойынша мақсатқа бағытталған қызметті жүргізу және мемлекеттік, ұлттық, аудандық, қоғамдық пен туризмді реттеу жүйесінің жеке элементтері өзара әрекеттесудің бірегей үйлестік механизмін құру, яғни қонақүй бизнесінде бірегей саясатты қалыптастыру.

Заманауй нарықтық шаруашылыққа міндетті түрде мемлекеттік, қоғамдық және салалық реттеушілік пен үйлестірушілік құрылымдар болуы тиіс.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикада қонақүй қызметті реттеудің үйлесімдік механизмі қалыптасу үдерісінде болып отыр және басқарушылық иерархияның тігінен бойынша (мемлекеттік, ұлттық ұйымдар, ассоциациялар мен компаниялар, аудандық, жергілікті қоғамдық ұйымдар мен кеңестер, жеке шаруашылық субъекттер), көлденең бойынша туризм саласын  мемлекеттік басқару органдары (туризм саласында жергілікті орындаушылық органдар, туристік шаруашылықтың жеке және мәлеметтік кешендері).

Ұлттық деңгейде қонақүй бизнесінің даму концепциясы жасалынды, ол экономиканың, мәдениеттің, экологияның және әлеуметтік өмірдің өзарабайланысты мәселелері кешенін көрсетті.

Ұлттық деңгейде қонақүй саясат институттары қонақүй қызметі бойынша заңнамаларда негізделді, ол қонақүй бизнесінде әртүрлі федерация кеңестерінің және басқа шаруашылық субъекттерінің жарғылық қызметтері үшін негіз болып табылады. Соңғылары орындарда қонақүй қызметіне мемлекеттік саясаттың жол бастаушысы болып табылады.

Басқарушылық иерархияның әртүрлі деңгейі арасында тығыз байланыс бар. Әкімшіліктік биліктің мемлекеттік органдары, жергілікті органдары мен ассоциацияның қонақүйдің келген ақпаратты пайдаланады, ол, өз кезегінде, өз қызметіне негізделеді, әдетте, қонақүй бизнесінің дамуы ұлттық және жергілікті концепциясында.

Мемлекеттік және жергілікті реттеу органдардың бағдарламалық өңдеулері қонақүйдің шаруашылық субъектілері үшін бағдары болып табылады.

Жергілікті басқарушылық органдар, туризм мен спорт бойынша комитеті және бөлек шаруашылық субъектілер арасында қызметті нақты бөлу қажет. Басқа жағдайда олардың қайталануын және бюджеттік қаражатты дұрыс пайдаланбауға әкеп соғады.

Қонақүй бизнесі экономиканың ерекше облысының бірі деп мойындасақ, мемлекет қонақүй қызметке көмектеседі, оның ерекше бағыттарын анықтайды және қолдайды, жалпы туризм индустриясының дамуы үшін жағымды жағдай жасайды.

Әлемдік экономикалық жүйеге Қазақстанның шаруашылығының интеграция стратегиясын анықтағанда, туризм үшін Қазақстанның қолайлы имиджі бар ел ретінде көрінісін қалыптастырады, халықаралық деңгейде туристік ұйымдар мен қазақстандық туристерді қорғау мен қолдауды жүзеге асырады.

Қорыта келгенде, мұндай жағдайды жасағаннан кейін қонақүйдің кәсіпкерлік қызметі дамиды, сонда да, мұндай нормативтік-құқықтық актілердің молдығы құқықтық нормаларда бағдарлау қиындықтарын тудырады.

      Моральді ескірген заңдарды сақтау және жаңалармен олардың ұстанымдарын қайталау – құқықтық анықтамаларды «еркін» түсіндіруіне, бюрократиялық іркушілікке жағдай жасайтын нормативті қоспа пайда болады, және жалпы қонақүй қызметі кәсіпкерлік ортаның қалыптасуы бойынша заңнамалық шараларды жүзеге асыру үдерісін тоқтатады.

 

1.3 Қонақүй индустриясының даму жағдайлары және факторлары

 

Егер кезкелген қонақүй қызметінің мақсаты табысты (пайда) алу болса, онда бұл мақсаттың құралы тауар мен қызметті өндіру болып табылады. Туристік өнімді өндіру жаңа тұтынушылық бағаны құру немесе барды күрделендіру, жақсарту үдерісі жатады. Персонал өндірісті ұйымдастырушы ретінде мұндай өндірісті қалай ұйымдастыру керектігін білу қажет, және оны ұйымдастыру жағдайда болуы тиіс. Алайда оны турөнімді немесе қызметтерді өніруді ұйымдастыру үшін осы ұйымдастыру мүмкін болу үшін белгілі бір жағдайлар қажет.

Туристік өнімді өндіру біріншілік қорларды қажет етеді, яғни қонақүй қызмет жағдайында, ол экономикалық теорияда өндіріс факторлары деп атайды. Экономикалық ғылымы өндіріс факторларына дәстүрлі еңбекті, капиталды және орны жатқызады.

Еңбек – бұл физикалық және интеллектуалдық жігер, олар туристік өнімді өндіру үшін персонал күш жұмсайды. Қонақүйде  ол тірі және заттанған түрде болады. Әсіресе туристік қызметтер мен өнімді өндіруде тірі еңбектің үлесі жоғары.

Капитал – бұл туристік қызмет пен өнімді өндіру үшін инвестициялық қорлары ретінде жинақталатын және қолданылатын интеллектуалдық квалификациялы шамасы мен материалдық игіліктер соммасы. Қонақүйде бұл каптитал салудың жоғарғы нормалық өтімділікпен ажыратылады.

Қонақүйде қызметтерді өндіруде жер маңызды фактор болып табылады, өйткені табиғи және әлеуметтік-мәдени жағдайлар демалу орынның негізгі себебі болып табылады. Ауылшаруашылықта сияқты жер өндірістің негізгі факторы бола тұрып, табыстың басым бөлігін анықтайды, сол секілді қонақүйдің рекреациялық қорларды бағалау технологиялық үдерісті тек туристік табиғи қолдану формалыры мен тәртібін анықтау үшін ғана емес, сондай-ақ туристік рентаны анықтау үшін құрайды –туристік табиғи қолдану сипатына тәуелді оның рекреациялық игілігін дамуы мен қалпына келтіруге берілетін табыстың міндетті бөлігі.

Заманауй жағдайда экономикалық белсенділіктің арнайы формасы ретінде қонақүй қызметі өндіріс факторларының кең жиынтығын қажет етеді. Туризмде қонақүй қызметі – бұл экономикалық дамуды қамтамасыз ететін факторлардың тиімді қиылыстарын жүзеге асыру. Қонақүй бизнесінде, әсіресе жаңа идеяларды пайдалану маңызды және оларды жүзеге асыру еркіндігі, тек факторлар жиынтығының бар болуы ғана емес.

Қонақүй қызметін жүзеге асыру жағдайда А.В.Бусыгина ойынша, келесідей негізгі факторлар жатады:

  • Қонақүйлік қызметте кәсіпкерлік идея;
  • Кәсіпкерлік идеяға сәйкес өндіру технологиясы;
  • Таңдалған технологияны пайдалану формасы ретінде өндіру құралы;
  • Кәсіпкерлік капитал, кәсіпкерлік ойлау және тәптіп түрі.

Қонақүй қызметінде менеджерлік идеяның болуы – қонақүй қызметін жүзеге асыруда бірінші және негізгі жағдай. Бастаушы персонал, ең алдымен,  инновациялық кезеңге кіретін немесе инновацияға негізделген кәсіпкерлік идея  болуы керек. Өндіріс үшін барлық қажеттіліктер мен капиталға ие болса да, егер идея болмаса, онда капитал сол өндіру үдерісіне енбесе, мұндай игіліктердің қажеті жоқ.

Қонақүйлік қызметінде менеджерлік идея – бұл қызмет санасында персоналмен өндірілетін қызметтердің тұтынушыларда пайда болатын (ұғынылған немесе ұғынылмаған) тілегінің болуы. Бұл нақты көрініс туристің немесе турөнімді сатып алушының қажеттіліктері персоналдың белгілі бір және нақты әрекеті жолымен қанағаттануы мүмкін.

Тәжірибеде көрсетіп тұрғандай, қонақүйлік қызметте менеджерлік  идеяның мәселесінің екі ерекшеліктері бар:

  • Біріншіден,қонақүйде нақты кәсіпкерлік идеяның болмауы мүмкін емес (әсіресе бастаушылар үшін маңызды);
  • Екіншіден, кезкелген персонал бизнесте кәсіпкерлік идеяның салыстырмалы саралауынан және іріктеуден, қорлану үдерісінен құтыла алмайды.

Белгілеп алсақ, тәжірибелі персоналмен қатар бастаушыға да идеяның салыстырмалы саралауынан және іріктеуден, қорлану мәселесімен жұмыс істеу қажет. Персонал  өзінің кәсіби тәртіп қатарын таңдайды және жасайды, бірақ идеяның салыстырмалы саралауынан және іріктеуден, қорлану ортақ кескіні болады, бұл барлық тұлғалар үшін сипатты.

Біріншіден, персонал идеяларды жинақтайды, ол оның қызмет белсенділігі құралын біріктіруі мүмкін (нақты бір жағдайда). Идеяларды жинақтау – кәсіпкерлік орта мен айналадағы шындықты  ұғыну қорытындысы: туристік нарықты, қызмет көрсету саласында нарықтық жағдайды, тұтыншылардың тәртібі, туризм мен рекреалогия туралы ғылымның, жалпы турөнім мен қызметтерді өндіру техника мен технологияның даму деңгейі.

Екіншіден, персонал жинақталған идеялар жинағынан нақты идеяларды іріктеуді жүргізеді. Оларды іріктеу персонал жұмыс істейтін нақты берілген жағдайға байланысты әртүрлі критерилер бойынша жүргізіледі. Мұндай критерилер болуы мүмкін:

  • Табыс алуда идеяның тиімділігі;
  • Нарықта жайды нығайту тұрақтылығының болашағы;
  • Идеяларды іске асыру уақыты (идеяны жүзеге асыруды бастау кезеңінен нақты турөнімді немесе қызметті тұтынушыға беру кезеңіне дейін, осы идея құраушысы);
  • Қажетті капитал көлемі, көзі, оны инвестициялау мүмкіндіктері;
  • Қорлар мен шикізаттың, жабдықтардың және турөнім немесе қызметтерді өндіруді ұйымдастырудың басқа құралдардың қолжетімді дәрежесі;
  • Қажетті профильде кадрлардың болуы мен квалификацияның жеткілікті деңгейі.

Әрбір нақты жағдайда критерилерді таңдау және олардың маңыздылығы кәсіпкерлік идеяның өзінің сипатына байланысты ерекшеліктері болады. Бұл жерде белгілеп алсақ, мұнда тек олар тәжірибелі түрде іске асатын идеялар таңдалады, нақты қызметтерді өндіруші немесе туроператордың көзқарасы бойынша, өзінің қызметінде қолдануды жоспарлайды.

Үшіншіден, персонал таңдалған кәсіпкерлік идеяларды салыстырмалы түрде саралайды. Мұндай саралау жоғарыда көрсетілген критерилер бойынша жүзеге асады. Әр идеяны критерилер бойынша бағалай отырып, персонал белгілі бірсоммаланған қорытындыны алады, ол барлық таңдалған идеяларды салыстырмалы саралау үшін негіз бола алады. Персонал  ең жақсы идеяны таңдау туралы шешімі алдына қойған мақсаттарына сәйкес жүзеге асады.

Қажетті ақпаратқа ие болу қонақүй қызметтің екінші жағдайды көрсетеді. Идеяны іздеу, іріктеу мен іске асыру жорамалдайды:

  • Туристік бағыттағы белгілі бір қызметтерде тұтынушыны, оның мотивтерін және қажеттіліктерін білу;
  • Персонал өзінің қабілеттіліктеріне, біліміне, іскерлігі мен дағдысына объективті бағасы, олар идеяны жүзеге асыруға мүмкіндік береді;
  • Қамтамасыз ететін туризм географиясы, рекреалогия мен басқа ғылымдар облысында ғылыми жетістіктер туралы ақпаратқа ие болу, сонымен қатар техника мен технология.

Идеяны тәжірибеде іске асыру туралы шешімді қабылдаған персонал турөнімді немесе қызметтерді өндіру технологиясы туралы ақпаратқа ие болуы керек, ол идея құраушысы есептеледі. Және де ол өңдеу кезеңімен қатар жұмыс істеп жатқандар ішінде ең тиімдісін табуға үміттену керек. Мұндай технология персонал үшін техникалық та, қаржылық қатынаста да қолжетімді болуы тиіс. Берілген мәселені шешу персонал үшін маңызды роль атқарады, өйткені оның қызметінде инновациялық кезеңдер жиі жаңа технологияда өндірушілік үдерісінде немесе олардың элементтерін ендіру шешіміне келеді.

Технология мәселесі – арнайы тақырып, мамандардың (экономисттер, социологтар және басқалар) бағасы бойынша, қазіргі әлем дүниежүзілікте әлеуметтік, экономикалық жағдайына ықпал ететін технологиялық революцияны кешіп отыр.

Технология– екінші маңызды өзгергіш – дәстүрліге қарағанда кең мағынасы бар. Күрделі бизнестен алшақ көптеген адамдар технологияны ойлап табумен, машинамен және компьютермен байланысты деп санайды. Алайда американдық әлеуметтанушы Чарльз Перроу, технологияның қызметтік ұйымдастыру мен қоғамға ықпалы туралы көп жазған, технологияны шикізаттың өзгерту құралы ретінде – ол адам, ақпарат немесе физикалық материалдар – өнімдер мен қызметтерді көрсетеді. Люис Дейвис жұмысты жоспарлау туралы жазған, ұқсас анағұрлым кең анықтама беріп отыр: «Технология – бұл квалификациялы дағдылардың, жабдықтардың, инфрақұрылымның, құралдар мен сәйкес техникалық білімдердің материалдарда, ақпаратта немесе адамдарда қажетті өзгерістерді іске асыру үшін керекті үйлесім». Қонақүй персоналы жұмсақ технологияны пайдалануға көңіл бөлу қажет, олар турөнімді немесе қызметтерді бір түрінен екінші түрге өндіруді өзгерту жеткілікті тез әрі арнайы ымырасыз кескіндеуге мүмкіндік береді.

Үшінші факторға, қонақжайлық индустриясында қонақүй қызметінің жағдайын анықтайтын – өндіріс құралы болып табылады. Туристік өнім мен қызметтерді өндіру үдерісін ұйымдастыру үшін қонақүй персоналы таңдайды, пайдаланатын технология белгілі бір материалдық қамтамасыздандыруды қажет етеді, оларға жабдықтар, машиналар, аппараттар, құралдар (қонақүйлік және мейрамхана шаруашылығы), энергетикалық, транспорттық, шикізат қорлары. Одан басқа, персонал мұндай жабдықтарды орнатуға арналған мекемені пайдаланады, сондай-ақ өндірушілік күшке сатып алынған немесе жалға алынған жер учаскілері (офис, қонақүй корпустары, турбазалар, мейрамханалар және т.б.).

Қонақүй бизнесі шаруашылық саласы және адамның қызметі түрі ретінде орман өндірісі, балық аулау мен ауылшаруашылық сияқты қорлық бағдары бар табушы қызмет турі мен саласы тобына жатады.

Рекреациялық мамандану деңгейіне тәуелді С.Р. Ердавлетов рекреациялық жерді пайдаланудың үш негізгі түрлерін бөлді:

  1. Жерді пайдаланушылар мүлдем жоқ немесе болмашы мағынада жоғары қарқынды рекреациялы территориялар (саябақтар, жағажайлар, және басқа көпшілік демалу зоналары);
  2. Біруақытты кейбір экологиялық және өндірушілік қызмет атқаратын орташа қарқынды рекреациялы территориялар (қала шетіндегі жасыл отырғызулар, эрозияға қарсы ормандар және т.с.с.);
  3. Мағыналы емес салыстырмалы салмақты рекреациялы территориялар.

Жерлерді бұру баламалық жағдайдың көп бөлігі рекреациялық жерді пайдаланудың екінші түрімен байланысты.

Туризм мен ауылшаруашылықтың ауылды аймақта жерлерді пайдаланудың экономикалық тиімділігін есептеуді өткізу керектігі туралы жиі айтып жатады. Кейбір жағдайда жерлерді ауылшаруашылықтан гөрі рекреация мен туризм мақсатында пайдалану экономика тұрғысында тиімді.

Мұның барлығы бірге өндірістің техникалық элементтеріне жатады немесе қонақүйдің негізгі капиталы болып табылады (жалақылық қорымен бірге айналым капиталы категориясына жататын шикізат пен қорлардан басқа).

Төртінші жағдайға қонақүйлік қызметтің қажетті формада және қажетті көлемде капиталдың болуы (материалдық немесе қаржылай). Жоғарыда айтылған барлық жағдайлар – қонақүйлік қызметте менеджерлік  идеяны іске асыруда, технологияны таңдау да, оны материалдық қамтамасыздандыру да капиталды операциялау мүмкіндігісіз дерексіздік болады.

Капитал болмаса – қонақүй бизнесі болмайды, қонақүй қолындағы капитал неғұрлым тиімді әрі күшті болса, оның қызметінің қорытындысы соғұрлым жемісті болады, қоғамның қажеттіліктер көлемін қанағаттандырады. Экономикасы  ұйымдастырылған қоғамда қонақүй капиталын өсіп жетілдіруіне кедергі болмайды, өйткені кәсіпкерлік капиталдың нақ соммарлық көлемі мағыналы дәрежеде ұлттық байлықтың деңгейін анықтайды. Бұл мағынада, мемлекеттің шешімі қонақүй капиталдың өзіндік көбеюі үшін мүмкіндіктерді құру мақсатымен қатар персоналдың қоғам игілігіне әрекет етуіне үміттенуге немесе мәжбүрлеуге, оның қызмет етуге экономикалық жағдайы мақсатымен әлеуметтік-экономикалық үдерісті реттеу болып табылады.

Қонақжай индустриясында  мұндай жағдайға жету мен экономиканың дамуы үшін жағдайды жасауда мемлекеттік саясат болып табылады, ол қонақүй бизнесінің дамудың қазіргі кезеңін қадағалайды:

  • Қонақүйлік қызметтік құрылымды қалыптастыруды қолдау;
  • Қонақүй қызметін қаржылы қолдау құрылымды ұйымдастыру мен қамту заңнамасын дамыту;
  • Қонақүйлік қызметте менеджменттік құрылымдарды ұйымдастырушылық қатайту.

Мұндай саясатты іске асыру туристік қызметтер нарығы мен қонақүйлік қызметтің дамудың жылпы үдерісінде қолайлы ықпал етеді:

  • Қонақүйлік бизнесте персоналдық орта мен оның құрылымдарының тұрақты күрделенуін шақырады;
  • Туристік қызметтер мен тауарларды өндіруде айналысатын персонал ортасында бәсекелестік деңгейін жоғарлатады;
  • Алдымен қысқартуға, содан соң туристік қызметтер тапшылығын жоюға, тауарлар мен қызметтер сапасы мен көлемінің өсуіне және олардың ассортиментінің кеңеюіне әкеп соғады;
  • Қонақүйлердің  демпингтеуге (бағаларды түсіруге), немесе тұтынушының табыс деңгейін жоғарлатуға мәжбүр етеді, себебі капитал айналымы оның сатып алушылық қабілетіне байланысты.

Капитал астында жеке меншіктің қандай да бір заттық объектілерді түсінуге болмайды. Капитал материалданған немесе материалданбаған түрде (білім, тәжірибе, дағды, қабілеттілік, тауар мен каптал ретінде бағалайтын ноу-хау немесе кәсіби құпия) бола береді.

Осыдан келіп, каптал материалдық немесе қаражаттық құрал деп түсініледі, сонымен бірге турөнімді, турқызметті өндіру үдерісінде пайдаланылатын интеллектуалдық жұмыстар мен ұйымдастырушылық дағдылар және табыс алу құралы ретіндегі қызметкерлер болып табылады.

Басқа сөзбен, капитал деп:

  1. турөнім мен қызметті (мекеме, рекреациялық құрал-жабдықтар, транспорт, туристік реквизит және т.б.) өндіру үшін пайдаланатын барлық техникалық құралдар, кәсіпкермен заң негізінде қолданылады (тек жеке меншік ретте емес, жалға алу, сенімді пайдалану құқығы ретінде де);
  2. айналымдағы капиталдың материалдық элементтері (қорлар, қызметтер, шикізат, кадрдың квалификациялық деңгейі, қысқа немесе бір реттік қолданыстағы реквизит немесе құрал-жабдық);
  3. айналымдағы құралдар (қаржы түрінде – жалақы фонды, қызметті немесе шикізатты алуға, рекреациялық бағыттағы жерлерді сатып алуға қаражаттар, яғни өндірісті ұйымдастыруға арналған барлық қажеттіліктер);
  4. интеллектуалды жеке меншік (кәсіпкерлік идея, қызметтерді өндіру немесе олардың сапасын көтеру әдістері, қызмет көрсету үдерісін ұйымдастырудің жаңа тәсілдері, яғни «инновацияға» жататындардың барлығы).

Қазіргі уақытта қонақжайлық индустриясында қонақүй бизнесін мемлекеттік қолдауы мақсатты бюджеттік инвестицияларды мүлдем қарастырмайды, алайда ҚР Президенті Н.А.Назарбаев деген: «Елдің аман болашағы – бүгіннен басталады», республикалық белсенділік мүшелеріне назар аударып, ол айтты, кезкелген инвестициялық жоба жұмыс орнын өсуіне қызмет ету керек: «Үкімет және жергілікті билік туризмге бағытталу тиіс – мұнда мүмкіндіктер үлкен, ең алдымен, жаңа жұмыс орны жағынан».

Қонақүй қызметінің белсенділігі салада жұмыс орындарын жасағанда  қонақүй кадр туралы мәселені шешеді, саяхаттау уақытысында туристерге қызмет көрсету мен турөнімді өндіру үдерісін сапалы әрі кәсіби қамтамасыз ете алуын қарастырғаны жөн. Сондықтан қонақжайлық индустриясында  қонақүй қызметінің бесінші жағдайы кадр болып табылады, олсыз әрбір қызмет мүмкін емес.

Қонақжайлық индеустрияның дамуы мақсатына негізделген арнайы мамандығыны және белгілі бір идеялогияға сүйенетін дайындалған кәсіпқой-маман қолайлы әлеуметтік қызметтермен ғана саяхатты ұйымдастырады. Соған орай, қоғам назарында да, туристердің назарында да мемлекеттік органдар қонақүй қызметіне тек кәсіби дайындалған адамдарды өткізуі тиіс, ал қонақүй – өзінің персоналына квалификациялық талаптарды көтеру мен үнемі өсуге талпынуы тиіс.

Қонақжай индустриясы әлемдік экономикада және мәдениетіндегі ролі тұрақты әрі жылдам өсуде, ал осымен қонақүй менеджерлердің кәсіби ролі де өсуін көрсетеді. Сондықтан кадрларды кәсіби дайындау туризмнің әлеуметтік және экономикалық өсуіне сәйкес тұрақты дамыту қажет.

Турөнімді өткізу үшін және оның туристік қызметтер нарығында орын алу үшін персонал клиенттерге ең қызықты экзотикалық турларды жасап ұсынуға ұмтылуы қажет. Осыған орай, қонақүй мамандары жоғары сапалы қымет көрсету мен турларды экзоткалық элементтермен құрастыру дағдылары болуы тиіс.

Тек осы сапасы, ЕуроОдақ Комиссиясы ойынша, үшінші мыңжылдықта саяхаттауға планета халқының шығынның өсуін анықтайды. Комиссия эксперттерінің болжамдары бойынша, туризм тенденциясына сүйеніп, қонақүй менеджері болуы тиіс:

  • туристік тасымалдау технологиясын тереңінен білу;
  • үлкен кісілір мен жастардың туристік мотивтері психологиясын түсіну;
  • мәдени ескерткіштерге бару мен белсенді демалумен байланысты турларды аярлау технологиясын білу;
  • туристік саяхаттарды өткізу аудандарда қоршаған ортаның жағдайымен қолайлы басқару;
  • орналастыру құралын басқарумен туроператорлық қызметті орындау, өйткені туроператормен жеке отельдерді алу тенденциясы белгіленді;
  • өзінің қызметтер мен тауарларының өтімі қатарларын басқару дәрежесін үнемі көтеруі;
  • белгілі бір бағдарламаны жасауда туризмнің әлеуметтік жақтарын есептеу.

 Қонақүйлік кызмет негізгі жайғдайлары мен факторларын жүзеге асырудың сараптамасын қорыта кетсек:

  1. Туризм саласында қонақүй қызметін жүзеге асыру үдерісі туристік қызмет пен өнімді өндірудің міндетті бес қажетті жағдайы мен факторлары қарастырады: кәсіпкерлік идеяны; идеяны жүзеге асыру технологиясы; белгілі бір технологияны пайдалануға мүмкіндік беретін өндіру құралдары; капитал; кадр.
  2. Тиімді қызметтің белсенділігін іске асырудың негізгі жағдайы туристік тауарлар мен қызметтерді өндіруде жетістіктерге жетудің өндіріс факторларын қосудың қолайлы формасын таңдау қажетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *