Аристотель ( б.э.д.384-322 ж.ж.). Аристотель — құл иеленушілік Қоғамдағы ең ірі идеологтардың (ойшылдардың) бірі, заманының ірі философы әрі ұлы Платонның шәкірті. Ол қоғамның құлдар мен құл иеленушілерге бөлінуін адамдардың табиғи ерекшеліктерімен сипаттайды. Сонымен қатар, Аристотель орта ауқатты құл иеленушілер тобын көбейтіп, оларды мемлекеттік әділ айырбас көмегімен қамтамасыз ету керек деп есептейді. Осы мақсатпен Аристотель тарихта алғаш рет айырбас құнды талдады.
5 қасық = 1 үйге формуласын ойлап шығарды, яғни тауар арасындәғы теңдікті іздейді. Бұл еңбек құн теориясына алып келеді. Сондай-ақ айырбас құнның тауар бағасының ұрық формасы екендігін ойлап табады, ягни 5 қасықтың 1 үйге тең әкендігі туралы қорытындьға келеді. Әділетті айырбас процесі принциптерінің негізін салады. Айырбас тепе-теңдігі арқылы құнның еңбектік теориясына жол ашады. Ақша мелшерін есептеп шығарды. Ол әқшаны Платоннан гөрі тереңірек түсінді.Тауар — ақша қатынасының дұрыс дамымауы Аристотельдің «тауарлар бір-бірімен ақшаның арқасында ғана өлшенеді»,-деген қате тусінуіне алып келді. Ол ақшаны жан-жақты пайдалану керектігің, бірақ әрбір шаруашылық езін-езі қамтамасыз етуі керектігін айтып өтті, яғни бұл жерде Аристотель натуральды шаруашылықты қолдады.Оның алғашқылардың бірі болып экономикаға қатысты кетерген мәселелері әлі күнге шейін экономистердің ортақ мәселесі мен пікір таласына айналып отыр. Аристотельдің өзінің еңбектері «Никомахово этика», «Саясат» деген шығармаларында мемлекеттің құрыпымын зерттейді. Сонымен қэтар мұндағы экономикалық көзқарастары А.Смиттің «Халықтар байлығы» кітабының 1-ші тарауымең К.Маркстің «Капиталының» 1-ші кітабының 1-ші бөлімімен тікелей байланысып жатыр.Үш данышпанның үшеуі де ақша айналымын жан-жақгы зерттеп, өз ойларын ортаға салады.
Құн — саяси экономияның негізгі категориясы.Аристотель осы терминді зерттей келіп екі түрлі ойға келді:
1 Құнның негізі еңбек болып табылады және ол обьективті.2. Құнның негізі болып сондай-ақ тауар тиімділігі де есептеледі, ол субьективті. Аристотель шьғармаларында осы екі бағыттың да ұрықтары бар.бірақ кебінесе екіншісі. Мысалы, мен сенің тауарыңды аламын, өйткені сенің тауарың маған қажет, сен менің тауарымды аласың, себебі менің тауарым саған қажет. Бұл айырбастың негізінде жалпы тұтыну жатыр.
Аристотель жалпы шаруашылық кызметті екі салаға-экономика және хрематистикаға бәледі. Осыған байланысты байлық екі түрлі жолмен жасалынады. Біріншісінің мақсаты-қажеттілікті қанағаттандыру, ал екіншісінің мақсаты — ақшалай қор жинау (баю).Осьған сәйкес шын байлықпен айналысушы саланы экономика (ойкос — шаруашылық, номос — заңдылық, яғни шаруашылықты жүргізу), ал байлықтың ақшалай түрімен айналысушы саланы хрематистика (хрема — иелену, хал-жағдай) дейді. Нәтижесінде экономикаға — натуральды шаруашылықты, хрематистикаға — ірі сауданы (есімқорлық, баю мақсатындағы) жатқызады. Осыған сәйкес байлықты да Аристотель екі түрлі мағынада түсіндіреді: натуральды (заттай) және ақшалай. Шын байлық — тұтыну құнының жиынтығы дей келіп, бұл шектеулі, ал ақшалай байлықтың шегі жоқ дейді.
Сол себепті Аристотель бірінші экономист болып табылады.
Ежелгі Рим. Кене дәуірлердегі экономикалық ойлар ез дамуын одан әрі жалғастырып, Римде аяқтады. Мұнда да құл иелену кезеңінің кезекті сатысын яғни құлдарды қатаң түрде қанаумен, құлиеленушілік қоғамның ыдырауын білдіретін құл мен құлиеленуші арсындағы қайшылықтың асқынуы әрі күресінің күшеюімен сипатталатын, құлиеленушілік шаруашылықты жүргізудің жаңа түрлерін білдірді. Сол кездегі қоғамның басты мәселелері:құлды иеленудің езін-езі ақтауы: ірі құлиеленушілік шаруашылықты, қожалықты (лати-фундиялар) ұйымдастыру мен жүргізу тәсілдері болды. Осы мәселелер теңірегінде Марк Порций Катон (б.э.д. 234-148 жж.), МаркТеренций Варрон (б.э.д. 116-27жж.), Луций Юний Модерат Колумелла (б.э.д.іғ.) өздерінің ой-пікірлерін білдірді.
Марк Катон — әскери басшы, әрі квестор (қаржылық және сот ісін жүргізуші лауазымды адам), сонымен қатар езі ірі жер иеленуші, ол үшін езінің қажеттіліктерін қамтамасыз ете алатын натуралды шаруашылық нағыз мінсіз шаруашылық түрі болыпесептелді. Катон өндірілген өнімнің бір бөлігін сатуға болать , ал өздері өндіре алмағандарын сатып ала алатын сауданы да жоққа шығармады. Өзінің «Жер иелену» трактатында сл құлдарды өндіріс қаруына жатқызды, оларды қатаң тәртіп ;д ұстау, қанау арқылы еңбегін пайдалану туралы кеңестер ме> нұсқаулар берді. Әсіресе құлдардың арасына келіспеушілік пен шиеленіс тудыру арқылы әдейі іріткі салып отыру, аур,-, еңбекке жарамсыз құлдардан дер кезінде құтылып жұмь.о күштерін іріктеп тазарту, құлдарды иесіне адал болу үшн оларды жастайынан бастап иесінің ықпалында тәрбиеляу туралы ұсыныстары сол кездегі құлиеленушіл,к шаруашылықты оңтайлы жүргізуге бағытталған Катонныіі ұстанған принциптерін былайша жинақтауға болады:
-құл еңбегіне негізделген шаруашылықты дұрыс ұйымдастыру және басқару;
-«сөйлейтін» ендіріс қаруының тұрмыс деңгейін (тамақ, киім-кешек, үй т.б.) олардың жағдайына сәйкес қалыптастыр/:
-құлиеленуші шаруашылықты құлдарды тиімді, қата^ тәртіппен пайдалану арқылы оңтайлы жүргізу;
— шаруашылықта өндірілген өнімдер мен қажет
қаржыларды есепке алып отыру.
Марк Варрон — ғалым, экономист, жазушы. Негізгі еңбе: і «Ауыл шаруашылығы туралы» трактатында Рим экономикасындағы құл иеленуші шаруашылық түріндз шиеленіскен қарама-қайшылықтардың мемлекеттік деңгейдо тереңдеп орын алуын, сондағы қалыптасқан әлеуметтіі—экономикалық жағдайды сипаттайды. Бұл күрделі жағдайдың құлиеленуші шаруашылыққа тигізер теріс әсерін сезінгендіктен. оған өздерінің кәсіптерін, ірі жер қожалықтарын (латифундияларды) басқарушыларға беріп, тастап, қалалык жерлерге қашып кеткен құл иеленушілерді кінәлайды.
Экономиканы тек қана егіншілікпен ғана емес, сонымен қатар мал шаруашылығын дамыту, агрономиялық шараларды қолдану, құлдардың материалдық қызығушылығын пайдаланү арқылы қанау тәсілін жетілдіру жолдарымен нығайтуға болатыны жөнінде жол іздеді Осылардың нәтижесінде шаруашылықтың табысы молайып, өндіріс тиімділігінің артатындығын білді. Варрон өндіріс қаруларын үш түрге бөліп ажыратады: сөйлейтін (құл), мылқау (құрал-сайман ібыстаушы (жегін мал немесе өгіз). Осылардың ішінде ол діріс қаруының «сөйлейтін» түріне яғни құлға көбірек назар дарды. Оларды қандай жұмыста болмасын тиімді пайдалану, жұмыс күшінің ұдайы өндірілуіне жағдай жасау (мысалы, олардың үйленіп, үй болуына жол беру арқылы үрім бутағын ата қоныста алып қалу) туралы ойлар айтты.
Колумелла — ауыл шаруашылығы туралы 12 кітап жаза отырып, онда құлиеленуші шаруашылықты қайта құруға байланысты шаралар жүйесін ұсынушы, соның ішінде алғашқылардың бірі болып шаруашылықты жүргізудің интенсивті түріне байланысты мәселелер көтерді. Әсіресе құл еңбегі өнімділігінің төмендеуі (олардың өз жұмысын дұрыс атқармауы, бір-бірінің малың құрал-сайманын, т.б. заттарын ұрлауы, иелерін алдауы т.б.) ауыл шаруашылығын күйзеліске ұшыратып, Рим экономикасын жалпы дағдарысқа әкелгендігі және ол дағдарыстың тереңдеп бара жатқандығы айтылады. Колумелланың «Римнің түбіне жеткен латифундиялар»,- деген сөзі осының айғағы. Бұдан шығудың жолын ол еңбек өнімділігі жоғары еркін өндірушілерді,отаршылдықты пайдаланудан көреді.
Римдегі экономикалық ойлардың тарихы ағайынды Тиберий (б.э.д. 163-132 жж.) мен Гай ( б.э.д. 153-121 жж.) Гракхилердің есімдерімен тығыз байланысты. Себебі бұлар Римді сақтап қалу үшін аграрлық реформа жасауды ұсынушылар. Реформа авторлары жерсіз және жерлері аз шаруалардың мүддесін көздеді, олардың ірі жер иелері латифундиялықтарға қарсы күресін жақтап, оларға жер үлесін бөліп беруді ұсынды. Бұл бастама және ауыл шаруашыльғындағы күйзеліс пен экономикадағы дағдарыстың одан әрі тереңдеп шиеленісуі, кейіннен құлдардың өз бостандықтары үшін күресіне жалғасып, ірі жер иеленуші қожалықтардың яғни латифундиялардың жойылып, Құлдардың еркіндік алуына ұласты. Римдегі ірі құлдар көтерілісінің бір мысалы Спартактың басшылығымен болған б.э.д. 74-71 жж. көтеріліс.
Ежелгі Греция мен Римдегі ойшылдар ез еңбектерінде құл иеленудің классикалық кезеңіндегі құл еңбегіне негізделген Натуралды шаруашылықты қорғады, яғни бұл елдерде енДірістің құлиеленушілік тәсілі басым болды.