Сөйлеу әрекет ретінде. Оның түрлері мен қызметі.
Оқушылардың тілін дамыту сауат ашудың бірінші сабағынан басталып, оқуды, грамматика мен емлені үйретуге арналған сабақтарда үзбей жүргізіліп отырады».
Бастауыш сыныпқа арналған қазақ тілі бағдарламасы мынандай үш тараудан тұрады:
1. Сауат ашу, сыныптан тыс оқу және тіл дамыту:
2. Оқу (сыныпта, сыныптан тыс) және тіл дамыту:
3. Фнетика, грамматика, емле және тіл дамыту.
Көріп отырғандай, тіл дамыту осылардың бәрінің басын
біріктіретін негізгі мәселе ретінде қарастырылады. Мұның өзі оқушыларды түсініп оқуға, еркін сөйлеуге және сауатты жазуға үйретуді көздейді. Алайда қазақ тілі пәніне арналған бағдарламалық материалды оқытуға айрықша көңіл бөлінгенімен, осы берілген грмматикалық тақырыптарды оқыта отырып, әр тіл материалын игертілу ерекшеліктеріне қарай, тіл дамыту жұмысын қалай жүргізу керек деген мәселе өз шешімін таппай келеді.
Алдымен тіл дамыту дегеніміз не? Дамыған тіл деп қандай тілді атаймыз? Оның алғы шарттары қандай, енді соған келейік.
«Тіл» немесе «тіл дамыту» — пән аралық түсінік: ол лин-гвистикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттерде кездеседі. Лингвистика тіл және оның даму, заңдарын зерттесе, психология адамның бір-бірімен қатынасында ойын, еркін, сезімін және пікірін жеткізу үшін тіл материалдарын қолдану процесі — сөйлеуді зерттейді.
«Тіл» дегеніміз белгілі бір ұлттың ішкі заңдылықтарын қалыптасып, жүйеге түскен қатынас құралы екені белгілі. Ал даму деген ұғымды көпшілік әдебиеттерде қарапайым түрден күрделі түрге көшу деп түсіндіреді. Психика (сөйлеу) даму үшін жаңа мен қатар бұрыннан қалыптасқан негіздер болуы шарт. Қазақтың көрнекі психологі М. Мұқанов психиканың дамуында көнеден қалған негізді инвариант (лат — өзгерілмейтін) оған тіректелетін жананы «өзгерілгіш» деп атады.
Бұл туралы М.Мұқанов былай дейді. «Психика үнемі өзгеріске ұшырайды, бірақ оның құрамы бәрі бірдей өзгермейді, оның көп және аз мөлшерде дамуға ұшырайтын қасиеті бар. Сонымен қатар, аз өзгерілетін қасиеттері (инвариант) психикалық дамудың тірегі және негізгі шарты болып есептеледі».
Тіл дамыту мәселесінде де осыны айтуға боладьь Яғни баланың сөздік қоры игерген тіл единицаларының негізінде (су, сушы, сулық суару) молаяды.
Қазақ тілі мен әдебиетіне арналған бағдарлама: «…тіл дамыту жұмыстарында оқушының сөздік қорын, сөз байлығын толықтыру, өз ойын анық дұрыс етіп ауызша, жазбаша жеткізе білуге баулу, қазақ әдеби тіл нормасында жатық, әдепті сейлеуге дағдыландыру»,—десе, М. Балакаев: «…сөз байлығын молайту, сөз тіркестерін, сөйлемдерді дұрыс түсініп, дұрыс құрай білу, сөздердің орфоэпиялык нормаларын сақтап, дұрыс оқу-қазақ тілі пәнін меңгертуде оқушылардың бәріне бірдей қойылатын ортақ талаптар», — деп анықтайды.
Ал Аханов тіл дамытуды: «Айтайын дегенді дәлмедәл, ашық айқын және әсерлі түрде жеткізіп беру ол үшін тілді, әсіресе оның байлығын, көркемділігі мен үнділігін, сан сырлы мағынасы мен өткірлігін, эмоциональды болуы мен эксперсивті қызметін жан-жақты меңгеру», деп біледі.
Ш.Уәлиевтің пікірінше, балада сөз мәдениеті қалыптасады, егер «алдымен әдеби тілдің грамматикалық лексикалық, стилистикалық, орфоэпиялык нормаларын меңгерсе, сонымен бірге, бейнелеуіш, көріктеуіш амал-тәсілдерді, қарым-қатынас жасаудың мақсаты мен мазмұнына сай етіп қолдана білсе», — дейді.
Бұл пікірлерден мынандай қорытынды жасауға болады. Тіл дамытуды тіл білімінің заңдылықтарына сүйне жүргізу қажеттігіне саяды. Шын мәнінде солай ма? «Тіл дамыту, дейді X.К.Арғынов, — баланың ойлау процесімен байланысты әрі психологиялық фактор, әрі тіл білімін зерттеу объектілерінің бірінен саналады. Баланың тілін да-мыту жеке сөздердің басын біріктіріп сауатты сөйлеуге (жазуға) баулу — психология, тіл ғылымының заңдылықтарымен тығыз байланысты құбылыс».
Бұл пікірді Б.В.Беляев та қолдайды. «Белгілі бір тілді меңгертуде тіл біліміне сүйенбей, сол тілде ойлай білуге үйрету қажет», — дейді.
Тілді меңгеру сөз мағынасын білумен шектелмейді, қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды қатесіз тану үшін адам санасында белгілі бір ұғымдардың пайда болуы талап етіледі. Ұғымдарды ұғынуда бүтін логикалық ойлау операциялар жүйесі түзілген, адам соның жәрдемімен белгілі бір ұғымға қатысты зат не құбылысты және олардың арасындағы айырмашылықтары мен ұқсас қасиеттерін дұрыс айырады. Мұнсыз тілде ойлану мүмкін емес.