Омыртқалылар қаңқасы. Олардың түрлері мен дайындау жолдары. Омыртқалылар ішкі мүшелерінің ылғалды препараттары.
Омыртқалы жануарлардың қаңқасы екі түрге бөлінеді
- толық, барлық элементтерімен бірге
- тірек қаңқа, омыртқа жотасы бас сүйегімен
Толық қаңқа дайындау үшін ірі балық алынады (1-2кг), тұқы балық тұқымдасынан болса, өте жақсы (тұқы балық, алабұға, тобан балық), себебі олардың сүйектері біршама ірі және берік. Балықты столға қойып, құрсақ қуысын кесіп, ішкі органдарынан тазартады. Сонаң соң арқа бөлімінен тігінен кеседі ( құйрығына дейін). Терісін сыпырып, омыртқа жотасын бұлшық еттерден тазалау кезекпен, қабырға мен құйрығын алдымен бір жағынан, сосын келесі жағынан тазартылады.
Басын алдынғы белдеуден және құрсақ жүзбеқанаттарынан кеседі. Сосын сүйектерді бұлшық ет қалдықтарынан жақсылап тазалайды. Ол үшін қаңқаны бірнеше секундқа қайнаған суға батырады да, сосын скальпель немесе қатты тіс щеткасының көмегімен бұлшық еттерден тазалайды. Омыртқа жотасы мен қабырғаларды біріктіріп тұрған, байланыстарды бұзып алмау үшін, қабырғаларды тазалау аса ұқыптылықты қажет етеді. Қайнаған суда қаңқаның қабырғалары босап кетуі мүмкін, сондықтан онда қаңқаны көп ұстамау керек. Тазалау барысында қайнаған суға қаңқаны ұзақ уақыт салғаннан гөрі, аз уақытқа бірнеше рет малып алған жөн. Ірі балықтарда, жұмысты тездету үшін, құйрық омыртқасын бөліп алады. Басты алдымен желбезектерден, көздері мен ірі бұлшық еттерден тазартып, сонаң соң балықтың бас сүйегін 20-30 секундқа қайнаған суға салады да тағы да тіс щеткасымен тазартады. Тазаланған қаңқаны тәулік бойы суға батырып, 3% л сутегінің асқын тотығымен толтырады. Оттегінің бөліну процессін тездету үшін, ерітіндіге аздап тазартылған сода себеді. Сонда көпіршіктердің үлкен мөлшері сүйекке отырады да, ағару процессі жоғарылайды. Сүйектер ерітіндіде толығымен ағарғанша жатып, соңында кептіріледі. Жұлынмен бірге қаңқаның барлық ұзыңдығы бойынша құйрығына дейін арқа омыртқа жотасы арқылы сұр түске боялған сым өткізеді. Сымның алдыңғы ұшына басын кигізіп, артық сымды кесіп тастаймыз. Төменгі құйрық омыртқа жотасынан иненің көмегімен қызыл (артериялық түтікше) және көк бау (парсыз құйрық венасы) өткізіледі. Баудың орнына жалпақ түрлі-түрлі жіптер алуға болады. Құрсақ жүзбеқанаттарын омыртқа жотасына сымдар мен қабырғалардың ұштарымен бірдей биіктікте , 5-6 омыртқа жотасының арасына ілеміз. Кепкен желбезектерді тістерімен бірге бастың астына тақтайға жабыстырады да, қаңқаны қондырғыға орнықтырады.
Алабұға тірек қаңқасы үшін барлық жүзбе қанаттары мен басын денесінен кесіп, сүйектерін тазалау жұмыстарын жүргізеді. Қондырғыға қабырғалары мен бірге омыртқа жотасын және бас сүйегін орнықтырады. Жүзбеқанаттары мен желбезектерін қаңқа астына тақтайға жабыстырады. Жүзбеқанаттар алдын ала түзетіліп, кептіріледі. Қаңқаны шаңнан, сынып қалудан сақтаудың алдын алу, деманстрациялауда оңай алынатын шыны қақпақтармен жабады.
Құс қаңқасын дайындау үшін өлшемі қаздай ірі құс алған жөн, себебі ірі құстармен жұмыс жеңілдеу болады. Құсты алдын ала қауырсыны мен ішкі органдарынан тазартады. Сосын терісін сыпырып, төс, аяқ, қанаттарындағы бұлшық еттерін кеседі. Жанбас бөксе суставтарынан аяғын, иық белдерінен ажыратады. Басын, мойнын, құйрық омыртқасын, бөксе сүйектерін жеке, сонымен қатар төс сүйектерін қабырғаларынан және төс омыртқасын бөлудің қажеті жоқ. Сүйектерін бұлшық еттерден скальпель және қисық пышақтардың көмегімен тазартады.
Мойыннан бұлшық еттердің тазалануы қиындық тудырады, сондықтан тіс щеткасымен тазалау барысында бірнеше рет қайнаған суға салып алады. Егер мойнын қайнаған суда ұзағырақ ұстайтын болсақ, омыртқа жоталары бір-бірінен еркін бөлінеді. Тазаланған соң омыртқа жоталары белгілі реттілікпен сымға орнықтырылады. Басын бірнеше минутқа қайнаған суға батырып, артқы бөлімінен тесік арқылы, иілген сымның көмегімен мидан тазартылады. Иық белдеуінің сүйектерін тазалау барысында сүйектерді біріктіруші байланыстарды бұзып алмау қажет. Аяқ саусақтарының тазалауда, сіңірлерін сақтау шарт. Себебі, ол саусақтарын шашырап кетуден сақтайды.
«Тыныс алу мүшесі» препаратын дайындау үшін, көлемі бір литр биік және ұзын шыны банка алынады, оның ішіне еркін енетіндей шыны кесіп аламыз. Банканың биіктігі объектінің биіктігіне сай болу керек, орташа үлкендіктегі балықтың желбезегін жүрегімен қосып, шыны ыдыста сыйымды болатын есеппен алады. Келесі балықтан бір желбезек доғасын күлтелері және аталықтарымен бірге , ал келесі доғаны тек аталықтарымен бөліп аламыз. Желбезек күлтешелерін бөлек өңдейді. Бұл төрт объектіні; желбізектері бүтіндей, аталық және күлтешелерімен бірге доға, доға күлтесіз және бөлек күлтешелерін – ақ жіппен шыныға бекітеді, олармен шыныны айналдырып орап, қабырғасына байлап қояды. Жіптерді кесіп кетпеу үшін, оның астына шынылырдың қырына ақ қағаздан төрт бұрыштап қағаз қояды немесе егеу арқылы шының қырларын дөңгелетеді. Желбезек доғаларын, күлтешелерін және таңбаларымен этикеттерді шыныға желатиннің көмегімен бекітеді. Ол үшін шыныны шамалап қыздырып, нысанды бекітетін орынға тамшы формалин тамызып, щеткамен ыстық желатин алып, оны тез арада шыныға жағылған формалинмен араластырады да тез арада нысананы жайлап басу арқылы шыныға орнықтырады. Осы қоспамен шыныға препараттың астына этикетті желімдейді. Желатинмен жұмыс жүргізу барысында келесідей шартты орындау қажет; нысынаны дұрыс және тез желімдеу; шыны және нысана құрғақ болу; формалинді желатинге мүмкіндігінше аз қосу керек. Шартты орындамаған жағдайда, шыны банкаға орнықтыру барысында желімі ажырап, нысана түсіп қалады. Нысананы шыныға желімдегеннен 10-15 минут соң, оны 3% формалинге саламыз. Шыны мықты бекіну үшін банканың аузы мен қабырғаларының арасына резина тығындардың кесіндісін бекіту керек. Ақ түсті нысандарды қара фонда орнықтырамыз. Ол үшін бірдей өлшемде екі шыны алып арасына сондай өлшемде қара түсті қағаз орнықтырамыз. Шынылар ажырап кетпеу үшін, оларды жоғары және төменгі жағынан қара түсті жіппен байлаймыз
«Балықтың ас қорыту жүйесі» препаратын дайындау үшін ұзындығы 15 см кем емес балық алынады. Іш перде қуысын кесіп, ішкі органдарын және басын қысқа өңешімен бөліп аламыз. Асқазан және ішектерін майдан тазартады. Препаратталған ас қорыту жүйесін басымен бірге шыныға жіппен байлайды. Басын өлшемі сай келетін шыныға байлап, ішектерін артқы тегісігінің маңына бекітеді.