Омыртқалылар зоологиясы бойынша тірі табиғи нысандар. Оларды лаборатриялық жағдайда орнықтыру тәсілдері.
Мектеп жанындағы оқу-тәжірбие алаңы да биоглогияны сапалы оқытуда маңызды материалдық базаның бір құрам бөлігі. Биологияны оқыту практикасында мектептің оқу-тәжірбие алаңының рөлі аса зор. Тәжірбие алаңында оқушылар биология сабақтарында игерген теориялық білімдерін тереңдетіп өз қолдарымен практикалық жұмыстар жасайды. Сол себепті жануарларды күту, баптаудың практикалық біліктілігін игереді, бақылау дағдылары қалыптасады. Мектептің оқу-тәжірбие алаңын жасауды тыңғылықты педагогикалық ойланылған жоспар құрудан бастау қажет. Оқу-тәжірбие алаңы мектеп ғимаратында жақын орнласуы тиіс. Оқу-тәжірбие алаңы биология пәнінің зертханалық және практикалық жұмыстарының бөлімшесі ретінде болғандықтан онда биология пәнінің оқу бағдарламасына сәйкес жануарларды оқытуда және сабақтан тыс, сыныптан тыс жұмыстарда жан-жақты пайдалануға болады. Террариумдар жасап онда қосмекенділерді, жорғалаушыларды(суық кездері тірі табиғат мүйісіне ауыстыруға болады), ұсақ сүт қоректілерді ұстау мүмкіндігі бар.
Тірі табиғат мүйісі арнайы бөлмеде (реті келсе) немесе биология кабинетінде орналасатырылады. Табиғат мүйісінде жануарлар мен өсімдіктер ғана сақталмайды, ол-сабақта және сыныптан тыс, сабақтан тыс жұмыстарда бақылау мен тәжірибелер жүргізілетін орын. Бұнда оқушылардың пәнге деген қызығушылыған , танымдық қызығушылығын арттыру , балалардың ой — өрісін кеңейту мүмкіндігінің зор екендігі сөзсіз. Кез келген мектепте тірі табиғат мүйісінің болуы оқушылардың мәдинетіне, әсемдік дамуларына және оқу-тәрбие үрдісінің міндеттерін шешуде ықпалы зор. Табиғат мүйісін жасауда бірінші мәселе-оқу үрдісінде пайдаланатын тірі нысандар орналастыру. Оқушылар бұл жерде бағдарламаға сәйкес бақылаулар жүргізіп, тірі нысандармен тәжірибе жасайды. Оқу тәжірибе алаңы сияқты бұл жерде де жануарлармен өсімдіктерді ұзақ бақылау зерттеушілік біліктіліктің дамуына ықпал етіп, сарамандық жұмыстың ыңғайындағысын игеріп, тірі табиғаттың көптүрлілігінің куәсі болады. Биология кабинеті мен оқу тәжірибе алаңын ұйымдастырған тәрізді тірі табиғат мүйісін жасауда да оқушылардың ат салысып, белсене араласқаны жөн. Жануарлардың орналыстырылуы және оларды ұстау биологиялық , санитарлық-гигиеналық ережелерге сай болуы тиіс. Ұстаздың кеңесімен балалар жануарларды күту және бақылаудың күнделігін құрып, кесте жасайды. Тірі нысандармен жұмыс істеу барысында оқушылардың еңбек мәдениеті , біліктілігімен дағдылары қалыптасып, табиғатқа деген аяушылық және қамқорлық сезімдері оянып көзқарастарына әсер етеді. Жануарлады орналыстырғанда олардың жарыққа, ылғалға, торпаққа , жылуға деген талаптары ескерілуі керек. Осыған байланысты, ылғалды жердің, құрғақ ауданның қоңыржай белдіктің деп топтарға біріктіріліп орналыстырлады. Аквариумде балықтар, моллюскаларды және су өсімдіктері, террариумде жануарлардан басқа мүктермен ылғалды жер өсімдіктері болады. Тірі табиғат мүйісіндегі барлық нысандар құжаттар мен этикеткалар әрбір тірі нысанның жанына – бекітіледі. Құжаттарда мекндейтін ареалдары, қазіргі ұстаудағы орны, жасы жөнінде мәліметтер беріледі. Тірі нысандарды алып келмес бұрын оларды ұстайтын орын (аквариумдер , терраруимдар, торлар ) және қоректерін дайындап алу керек. Әртүрлі аквариумдер мысалында су жануарларының әртүрлерін үйлесімді ұстау мүмкіндігін көрсетуге болады. Бунақденелерді ұстау және бақылау үшін тірі табиғат мүйісінде инсектариум болу керек. Онда бунақденелердің даму үрдісіндегі түрленуді бақылау қолайлы. Жауын құрттарын ұстауға, әртүрлі бақылаулар жасауға арналған қамбаны қолдан жасауға болады .
Террариумдарда жорғалаушылар мен қос мекенділерді ұстау тиімді. Оны жабдықтағанда сонда ұсталатын жануардың мекен ету ортасын ескеру қажет. Қосымша жылу қажет болса оны электр лампасы көмегімен беріп, ылғалдылықты арнайы пластик ыдысқа ылғал құм салу арқылы қамтамасыз етуге болады .
Құстар мен ұсақ сүт қоректілерді әртүрлі көлемді торларда немесе вольерлерде орналастыру керек . Онда торларды арнайы жем қалталармен астаулармен жабдықтайды. Құстар үшін құс торының кергіші (қонақтау орны) және сүт қоректілер үшін олар тығыла алатын арнайы үйшік ойластырылады, үйшіктермен жем қалталар және астаулар қалыптары жануарларды қолға ұстаудың белгілі талаптарына сәйкес болуы шарт.
Жануарларды қатар –үлдірлік –сөрелермен ағзаның жарықпен жылу талабын ескере отырып орналастырылған орынды. Құстар, жорғалаушылар және бір қатар омырытқасыздарды жарығы молырақ жерлерге қарай , ал қос мекенділер мен жасырын тіршілік ететін бунақ денелілерді жарығы өткір емес, шамалы жерлерге орыналыстыру керек. Көпшілік жануарларды қоректендіру кезінде шартты рефлекстердің қалыптасуын қадағалауға арналған тәжірбиелерге және олардың даму ерекшеліктерін ұзақ бақылауға пайдалануға болады. Жануарлардың әртүрлі қоректің қайсысын таңдап алатынын , оладың ұрықтану кезеңіндегі күйлеулерін (көбею кезіндегі мінез — қылықтарын) бақылауға және шартты рефлекстермен байланысты тәжірбиелерге және т.б. бақылуға болады. Тірі табиғат мүйісінде әртүрлі көлемдегі тірі нысандырды ұстау, ұстаздан осы жұмыстарды тыңғылықты ұйымдастыруды талап етеді. Жануарларды ұстауда, оларға алдын-ала қорек дайындау қажет.
Сонымен тірі табиғат мүйісінің құрамы және онда атқарылатын жұмыс, тірі табиғат нысандары жөніндегі оқушылар білімінің жетілуіне себеп болады, оларды дамытады, бақылауды үйретеді, танымдық қызығушылық және әсемдік (эстетикалық) талғам қалыптастырады, биологиялық мамандықты таңдауға бағдарлайды, тірі нысандарды күтіп баптаудың еріктік сапалары мен еңбек дағдысын шынықтырады, топтасып, ұжымдасып еңбек етудің ыңғай- дағдысына тәрбиелейді.