Интеллектуальды дамуында ауытқуы бар оқушыларды оқыту

Интеллектуальды дамуында ауытқуы бар оқушыларды оқыту

 

Интеллектуальды дамуында ауытқуы бар оқушыларды оқыту мәселелері. Интеллектісінде ауытқуы бар оқушылардың оқыту процесі  — бұл толық жүйе, оқу процесінде логикалық реттіліктің құрылымының байланысынан тұрады. Бұл байланыстар ретімен қойылады,олар бір бірін толықтырады және білімді меңгеру процесінде жүзеге асырады. Компоненттер келесідей бөлінеді: оқушының  оқу материалдарын қабылдау, оны ойлану, есте сақтау және меңгерген білімдерін қолдану.

Материалды қабылдау  оқушының танымдылық қызметінің соңғы сәті болады. Әрине қабылдап түсінуінің кемшілігі болады, одан түсінбеушілікке, тез ұмытуына алып келеді. Зерттеу көрсеткендей VIII түрлі арнайы мектептерде оқитын оқушыларда қабылдап,  сезінуде таңдаушылық, ойланулары төмен болады.

Оқу материалын ойлану – бұл зерттегенді түсіну процесі. Бірақ кейде интеллектісінде ауытқуы бар оқушы жасөспірім болған кезде де немесе жоғарғы сыныпта өзбетінше пәндер және құбылыстар арасындағы байланыстарды және маңыздың байланыстарын аша алмауы мүмкін. Оған талдау, синтездеу, жіктеу, жалпыламалау,процестеріне қол жеткізу қиын болады. Негізінен  олардың барлығы көргенді дауыстауға тырысады: терезе, үй, бақша; түтін, бұлт, пар; қорқыныш, толқу.

Алынған білімдерді бекіту процесі және коррекционды оқыту жүйесін жүзеге асыра білуі оны мұғалім материалдардың толық көлемде қамтылуына көз жеткен жағдайда ғана жүзеге асырады. Маңызды рольді қайталау атқарады, ол білімді бекіту мақсатында қолданылады, бірақ коррекция сияқты ойлау процестері болады.

Алынған білімдерді қолдану интеллектісінде ауытқуы бар оқушыларда қиындықтар туындайды. Ол тек дефекттен ғана емес ақпараттарды өңдеу қажеттілігінен де негізделеді. Оқушыларды практикалық қызметке тарту үшін мынадай реттілік жолмен жүзеге асырылуы қажет:

— Интеллектісінде ауытқуы бар балалардың танымдылық мүмкіндігінің мазмұнын оқыту адаптациясы;

— Көрнекілік оқытуды қамтамасыз ету, ол «толық көз жеткізілуі» қажет;

— Төменгі жай темппен оқу процесін ұйымдастыру;

— Оқуда жүйелік қайталауды ұйымдастыру;

— Түрлі жаттығуларды қолдану арқылы оқу қызметіне оқушыларды реттілікпен енгізу;

— Оқу процесінің индивидуальдылығы және дифференциясы;

— Білімді меңгеруде дидактикалық тәсілдерді ойын ретінде қолдану;

— Педагогикалық  және кешірімділік режимдер қызметтерін сақтау;

— Коррекция құралы ретінде еңбекті қолдану.

Коррекционды-даму мәселелері толығымен жалпыдидактикалықпен біріктіреді. Білім беру мазмұны, оқу процесінің ерекшелігі, дидактикалық қағидалары, педагогикалық процесті ұйымдастыру пәшәндерә және әдістері оқу бағдарламаларда, оқулықтарда көрініс табады.

Еңбек  тәрбиесіне және VIII түрлі арнайы мектептерде оқытушыларды оқыту маңызды рольді алды. Еңбекпен оқыту – әлеуметтік-еңбек реабилитация, қоғамдық-еңбектік адаптациялау негізгі құрал болды.

Интеллектуальды дамуында ауытқуы бар балалар және жасөспірімдерді  оқыту қағидалары

Қағида – бұл негізгі жағдай, сол саланың барлық құбылыстарына таратылған, одан жалпылау және абстрагия жолдарымен шығарылған.

Дидактикалық қағида болып негізгі жағдайлар болады, олар өсіп келе жатқан жастарды істерін басқаруды және оны қоғамдағы өмірге қатысуға дайындайды. Педагогикалық тәжірибеде қағида тұспалдау ролін орындайды және барлық оқу пәндері үшін әмбебап болады.

Ақылында ауытқуы бар балаларға оқыту қағидасын өңдеуге Сеген Э., Грачева Е.К., Кащеноко В.П., Выготский Л.С., Граборов А.Н., Дульнев Г.М. және т.б.

Балаларды және жас өспірімдерді  оқыту және тәрбиелеу негізіне, бір қалыпты дамыған және ауытқуы барларға да бір қағида болады, ол жағдайларға байланысты әр-түрлі болып жүзеге асырылады. Сонымен қатар тек дидактикалық қағидалар ерекшеленіп,  олар ақыл-ойында ауытқуы бар балаларды және жасөспірімдерді оқытуда ғана қолданылады. Оларға коррекционды бағытта оқыту, кәсіби сипатта еңбектік оқыту, жалпы білім беру және еңбек дайындықтың өзара байланыс, сақталған талдауларға сүйеніш  қағидалары жатады.  Бірінші жалпы оқыту қағидаларын қарастырайық.

Тәрбиеле және оқытып дамыту қағидасы оқушылардың көз-қарасы және әрбір баланың жеке тұлға ретінде дамуына көмек негізінде мақсат бағыттарын қалыптастыру қажеттілігін көрсетеді.

Тәрбиеле және оқытып дамыту қағидасы оқу материалдың мазмұнымен жүзеге асырылады, ол бағдарламалар және оқулықтарда көрсетілген.

Өмірмен байланысты оқыту қағидасы оқушылардың көз-қарасының қалыптасуына көмектеседі, олар үшін оқу қызметінің маңызын көтереді, оқу үшін ерік күштерін жүйелеуге көмектеседі, алған білімдерін тәжірибеде қолдануын қалыптастырады.

Ғылымилық және оқуда қол жетімділік қағидасы ғылыми білімге тарту процесінде оқушылардың психофизикалық ерекшеліктерін және жастарын есепке алып ұсынады. Сонымен қатар қол жетімділік күшті қол жетімділік ретінде түсіндіріледі.

VIIІ түрлі арнайы мектептерде оқыту мазмұны балалардың мүмкіндіктер категория бойынша есепке алынып үйренеді. Жалпы мектептің материал бағдарламасына қарағанда әлдеқайда төмендетілген. Мысалы, арнайы мектепте математика курсында «Алгебра» түсінігі болмайды. «Геометрия» үлкен курсының орнына тек геометрияның элементтерін ғана оқиды.

Интеллектісінде ауытқуы бар оқушыларға оқу материалдарын меңгеру уақыт бойынша созылып және төменгі темптермен жүзеге асырылады. Сондықтан азғана көлеммен материалдарды 9-11 жылдарда меңгереді.

Оқу пәндерін меңгеру процесінде оқушылар логикамен, ғылымға сәйкес ойлармен (идея) танысады.

Оқуда жүйелілік және реттілік қағидасы оқушыларда әлемнің суретін қалыптастыру үшін қажет.

Ақыл-ойында ауытқуы бар оқушыларды оқытуда бұл қағиданың маңызы ерекше,  себебі, бұл категория балаларының білімі қысқа, жүйеленбеген, оқушылар бір жағдайдан екінші жаңа жағдайға өтуін қиындатады, сол жерде оларды қолдану мүмкін емес болады. Сондықтан олардың негізгі мәселелерінің бірі  қол жетімді білім, әрекеттерінің жүйелі қалыптасуы болады.

VIII түрлі арнайы мектептерде оқу жоспарына интегративті пәндер енгізілген, олар «Қорщаған ортамен танысу негізінде әңгімелесуді дамыту», «Әлеуметтік – тұрмыстық тұспалдау». Кәсіби еңбектерге үйрету сонымен қатар әртүрлі аралас оқу пәндерінен интегративті сипаттаманы білуді талап етеді.

Оқуда жүйелілік және реттілік қағидасы оқуда сабақта мұғалім мен оқушының өзара байланыс қызметтерін жүзеге асырады. Мұғалім бастауыш сыныптан бастап оқушыларды  ауызша және жазбаша сұрақтарға жауаптарды ретімен  және жоспар бойынша тапсырмаларды орындауға реттілікті үйретеді. VIII түрлі арнайы мектептерде еске түсірулер, алгоритмдер, схемалар, технологиялық карталар, реттілікті анықтайтын операциялар қолданылады. Мұғалім алдымен оларды қалай қолдану керектігін көрсетеді,  кейіннен оларды қолдануға оқушыларды шақырады.

Оқушылардың білімін жүйелеу үшін сабақтар жалпылама қайталаудың маңызы үлкен орын алады.

Оқуда саналық және белсенділік қағидасы оқушылардың оқуға қатынасы саналы болады, олардың білімдерін саналы меңгеру, осы білімдерді қолдануды ұсыну. Сонымен қатар басқа оқу пәндерін  және өмірде, танымдылық белсенділігін меңгеру болады.

Бұл қағиданың маңызы интеллектісі ауытқуған балалар мен жас өспірімдерді оқытуда орны ерекше  болады. VIII түрлі арнайы мектептерде пәнге қызығушылығын және жақсы оқуға тырысуын қалыптастыруда оқытушының ролі. Оқушыларға жақсы көретін мұғалімге ұнап және оның мақтауына ие болу үшін оларды жақсы бағалар алып, пән бойынша білімін кеңейтуге алып келеді.

Интеллектісінде ауытқуы бар балаларды оқытуда танымдылық сияқты, тәжірибелік белсенділік қолданылады: жаңа материалдарды зерттеу үшін практикалық материалдармен жұмыс және өткен білімдерді жалпылап бекіту.  Жетісті сананың  критериясы білімді меңгеру және жаңа жағдайларда оларды өз бетінше қолданылуы болады.

Оқуда көрнекілік қағидасы. Барлық оқытушылардың көрнекілігі оқытудың бастамасы, себебі ол қоршаған ортаны танудың маңызды құралы болады, екіншіден көрнекілікті қолдану балалардың ойлану ерекшелігінің  негізі, ол белгілі абстрактының дамуы болады, үшіншіден оқушылардың білімге қызығушылығын көтереді және оқу процесі қызықтау болады.

Интеллектісі  бұзылған балаларды  және жасөспірімдерді оқытуда көрнекілік құралы  өзінше жүзеге асырылады. Бұл олардың психофизикалық ерекшеліктеріне негізделеді, оның ішінде бәрінен бұрын қабылдау ерекшелігі, абстрактілі ойланудың дамуында қабілеттерінің шектіліктері жатады.

Вересотской Н.И.,  Кудрявцев Е.М., Нудельман М.М. және т.б. ғалымдардың зерттеулері көрсеткендей, VIII түрлі арнайы мектептерде оқитын оқушылардың қабылдауларында ауытқулар болады. Бұл балалардың сипаттауда жәй басарлық, саяздық, көру дифференциясы және естіп қабылдаулары жеткіліксіз болды, ол қоршаған ортамен танысуды қиындатады, сонымен қатар бірнеше әдеттердің қалыптасуын, мысалы жазу, оқу, есептеу. Интеллектісі бұзылған оқушылар заттардың және бөлшектердің ірісін таңдап, майда бөліктерін байқамай, маңызды бөлшектер мен бөліктердің атын атамайды. Олар жиі заттардың атын қате айтады. Сонымен қатар олар заттар, суреттегі бейнелер арасындағы өзара байланысты түсінбейді.

Ақыл-ойында ауытқуы бар оқушыларды оқытуда көрнекілікті қолдануда, көрнекілік және сөз тәсілдер қатынастарының дұрыстығы туралы ұмытпау қажет. «Егерде бастауыш сыныпта сезгіштеу болса, оқу процесінде баланың тәжірибесі басты рольді алу қажет, ал жоғарғы сыныптарда оқу материалдарын меңгеруде логикалық – сөйлеу жолдарын тереңдету қажет».

Оқушылардың  жеке ерекшеліктерін есепке алу және ұжымдық оқыту сипатының қағидасы сыныпты бірегей оқу ұжымы ретінде тәрбиелеуді  ұсынды, барлық оқушыларға ұйымдасқан, белсенді жұмысқа жағдай жасап және сонымен қатар әрбір оқушыға жеке уақытпен жақындау  болады.

Ақыл-ойында ауытқуы бар оқушылардың әртүрлі мүмкіндіктерін есепке алып материал бағдарламасын меңгеруде, оқуда дифференцияланған тәсілдермен жүзеге асырылу қажет.

VIII түрлі арнайы мектептерде дифференцияланған тәсілдер негізінде оқушылардың түрлі мүмкіндіктеріне байланысты материал бағдарламаларын меңгеру жатады. Шартты түрде 4 топқа бөлінген.

Бірінші топты фронтальды оқыту прцесінде бағдарламасында  материалды меңгерген оқушылар құрайды. Олар барлық тапсырмаларды дұрыс, өзбетінше орындайды. Бағдарламалық материалды саналы меңгереді. Бұл оқушылар алған білімдерін басқаларға қарағанда тәжірибеде жетісті қолданады. Қиын тапсырмаларды орындауда үлкендердің кішкене белсенділік көмегі қажет болады.

Екінші топқа сыныпта жақсы оқитын оқушылар жатады. Олар негізінен мұғалімді фронтальды түсінеді, өткен материалды түсінеді, бірақ элементарлы қорытындылап және жалпылауда қиналады.

Үшінші топқа бағдарлама материалдарын қиын меңгереді және мұғалімнің көмегін қажет етеді. Олар қосымша түсіндіруді талап етеді. Олардың өзбетіншелігі төмен болады. Бұл оқушыларда материалдарды қабылдау   темпі екінші топқа қарағанда төмен болады.

Төртінші топқа бағдарлама материалдарын VIII түрлі арнайы мектептерде ең төменгі деңгейде меңгеруі болады. Олар басқа оқушыларға қарағанда білімді аз көлемде  меңгереді.

Топтарға бөлінген барлық оқушылар дифференциалды тәсілді қажет етеді, яғни әртүрлі топтардағы оқушыларға әртүрлі көмектік түрлері қажет.

Занков Л.В., Замского Х.С., Муратова Г.В., Шиф Ж.И.зерттеулерінде көрсеткендей ой-өрісінде ауытқуы бар оқушыларды оқытуда ойланып сақтау тәсілін  қолдану үшін текстерді бөлікке бөліп, негізгі ойларын ерекшелеп, сүйеніш сөздерін және мәнерлерін анықтап қарастырады.

VIII түрлі арнайы мектептерде қайталау жүйелі жүргізілуі қажет және концетратты болуы, яғни сабаққа пен қатар жалғасу қажет. Белгілі болғандай ақылында ауытқуы бар оқушылар міндетті түрде көбейту кестесін қиналып жаттайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *