Зоология курсы бойынша оқыту құралдары. Омыртқасыздар зоологиясы  бойынша тірі және  өңделген табиғи нысандар. Зоологиялық коллекцияларды жинауға және дайындауға арналған құрал-саймандар.

Зоология курсы бойынша оқыту құралдары. Омыртқасыздар зоологиясы  бойынша тірі және  өңделген табиғи нысандар. Зоологиялық коллекцияларды жинауға және дайындауға арналған құрал-саймандар.

Омыртқасыздар зоологиясы  бойынша тірі табиғи нысан ретінде: өрмекшінің тұрағын шыны ванналарда немесе аквариумдерде жасауға болады. Сонымен қатар, өрмегін құратын станок Шербаков станогын жасау қиындық тудырмайды. Оны рейкалардан немесе фанерден жасайды. Барлық құрылғыларын құмы бар бутылкаға бекітеді. Бутылканы ішінде суы бар ыдысқа салады. Ені ыдыстың диаметірінен бірдей болуы тиіс, сондықтан оны жан-жағын су қоршап жатқандықтан, өрмекші ешқайда кете алмайды. Суды 2-3 күнде ауыстырып тұрады. Бірнеше күннен соң станокта өрмекшінің өрнегі пайда болады. Өрмекшілердің түрлеріне қарай станоктар әртүрлі болуы тиіс. Шаршылы өрмекшіге Т не бүйірімен жатқан П әрпіне ұқсас станок, ал үй өрмекшісіне бұрышы картоннан жасалған станок ыңғайлы.

Көптеген  шыбын —  шіркейлер  үшін  жарық  тамаша  тұзақ  болып  келеді.  Коллекция үшін  алтыаяқтыларды  аулаудың ең ыңғайлы түрі жарық аулары. Ол үшін аулау  уақыты  тура, дұрыс  таңдалу керек. Мысалы : көбелекті  аулау  үшін  ақ  бөздің  бөлігін , жерге  қағылған  қадаға  іліп, шамды  матаның  арт жағынан  қоямыз. Шыбын – шіркейлерді,  аулау  үшін  жарық түскен  терезенің көмегімен де жүзеге асырылады.  Бұл әдістердің  жетістігі,  өте қарапайым, кемшілігі :  шыбын  —  шіркейлерді  жинау, үнемі қадағалану керек. Оларға:

Металдық  құйғыны   электір  шамының   астына іліп,  оның аузына  спирті  немесе   бензині  бар  стаканды  бекітеміз. Шыбын —  шіркейлер құйғыға  құлап, қабырғамен төмен сырғып   стаканға түседі.

Әмбебап  жарық  аулары   ағаш  жиектермен  тартылған  матадан  тұратын   есігі, жоғары  бөлігінде   шамамен  3-см  саңылаулар  бар жәшік. Онда шыбын – шіркейлер жәшікте жасырылған  шамның көмегімен қабырғаларына   қонып, саңылауға енеді.  Оларды  кірген  жолмен  шығады  деп қауіптенудің  қажеті  жоқ. Іш  жағынан  саңылау  қара  болып  көрінетіндіктен, шыбын – шіркей  оған  жетуге  ұмтылмайды. Майда  жәндіктер аудың төменгі бөліміне түседі. Оларды жинауды  жеңілдету  үшін   аудың  түбін  жылжымалы   ретінде  жасайды. Жарық  торлары  үшін   қуатты  шамдар  қолданылады. Егер  электр   шамдары   қолданылса,  қуаты   100 – 150 ваттан  төмен  болмауы  керек. Далалық  тәжірибеде  жарық ауы ретінде  автокөліктің  жарығын, немесе   арнайы  сынап – кварцтық    шамдар  қолданылады. Ал   жаңбырлы   ауада    жарықтың  еш  қажеті  жоқ.  Сан  түрлі  шыбын – шіркейлердің, әр – түрлі  жәндіктердің  өмірлері  осыған  байланысты, болғандықтан, олармен  таныс болу керек.  Бұл  шыбын – шіркейлер,  өлшемі  бойынша кіші  және  көзге  байқала  бермейді.

Қи шыбындар  мен  қоңыздадың қөрегі, көбейю орны. Көп  ұзамай қи  қабықпен   жабылады.  Егер  оны  түртетін  болсақ   көптеген  қоңыз   жолдарын, шыбын  личинкаларын  көреміз. Апта өткеннен кейін олар қуыршақтанады, уақыт өте жер  бетіне шыбын – шіркейлермен қатар түрлі  жәндіктер  шыға   бастайды. Қижегіштер мен  өліжегіштерді жинау  әдісі  ұқсас. Оған  металдан  жасалған  күрекше, пышақ, морилка   қажет. Қи  мекендеуіштерін жинауда  мынадай  тәртіпті  ұстану  керек. Сіздің  көлеңкеңіз  тез және  сақ    ұшатындарды  үркітпес үшін,   қи  үйіндісіне  мідеттті  түрде  күнге  қарсы   жақындау .Шыбындарды  жылдам және  тез  сачокпен  аулайды. Марилкадан    оларды  суға тастау  арқылы , жуады. Тездету  үшін  судағы  насекомдарды  қыл  қаламмен  немесе   таяқшамен  қозғауға  болады.

Топырақтағы   насекомдарды  жинау  үшін  жерді  30 – 40см  қазу  керек. Зерттеу  барысында    топырақтың  қай бетінен  қандай  насекомдарды  тапқан  жайында  жазып  отырған   жөн. Коллекция үшін насекомдарды  алдымен   жуып, сонан соң жансыздандыру  керек.  

Кептіру   кезінде   кейбір  жәндіктер  өз  табиғи түсін   өзгертіп, қурайды. Мысалы; хан  қызының қызыл түсі  өзгеріп, қоңыздар мен шегірткелерді  кептірген  кезде  қою  қара  түске айналады,  ал  инеліктің  көк  сызықтары  мен  дақтары  жойылады. Дақтар әр жәндікті тану тәсілі сияқты амал. Сондықтан, ханқызына  эфир мен хлорофордың орныны  шылым исімен жансыздандырса, олар өз  түстерін қатты  өзгерпейді.  Инеліктің бүйіріндегі ашық бояуларды сақтап қалу үшін ,  оларға ақэтан қолданады. Жәндіктерді жансыздандырғаннан соң, оны  қанатынан  ұстап, ақэтанға  басқы бөліміне жеткізбей , тек денесін батырмыз. Ақэтанда  жәндікті 2сағат, сонан соң 1 сағат эфирде  ұстап мақталы матрасқа орластырамыз.

 

9.  Жерді мекендейтін омыртқасыздарды жинау / жәндіктерден басқа/ ерекшеліктері. Оларды жансыздандыру, орнықтыру.

Басқа  бунақденелілер  сияқты  денесі үш  бөліктен емес  екі  баскөкірек  және  құрсақтан  тұрады.  Өрмекші тәрізділердің  хитінді  жабыны  басқа жәндіктердікі  секілді  мықты емес. Өрмекшітәрізділерден  басқа бұл бөлімге  пішеншалғылар,  кенелер  жатады. Өрмекшітәрізділер  басқа бунақденелілермен  салыстырғанда аз зерттелген.  Бұл  бунақденелілерді  өсіруге қызығушылар да аз. Олар барлық жерде тіршілік етеді. Егісте, бақшада, бөлмелерде яғни кездеспейтін жері жоқ.    Өрмекшілердің ішінде улы және қауіптілері де бар. Улы өрмекшілерді ешқашан қолмен ұстауға болмайды. Оларды ұстау ұзын пинцеттермен немесе марилкамен жүзеге асырылады.

Өрмекшіні аулаудың негізгі әдісі — қолмен жинау. Өрмекшілер аулағанда сочокты қолдану ыңғайсыз. Ең дұрысы өрмекшіні пробиркаға салып, оған анықтама қағазын жапсырып мақтамен бекіту. Олардың денесі майда түкшелерден тұрады. Осы себептен де бір пробиркаға бір түрге жатса да,  және бір жерден тапсаң, да бірнеше өрмекшілерді салуға болмайды. Аталық өрмекшілерден аналық өрмекшілер кіші болады және жиі кездеседі. Майда өрмекшілер өте шапшаң, оларды тез  сочокпен алу керек. Бұлардың көбі тастың астында, қабықтардың тесігінде тіршілік етеді. Бұларды аулау, жасырын тіршілік ететін жәндіктерді жинау барысында қолданылатын тәсілі арқылы жүзеге асырылады. 

Інде тіршілік ететін трантулды ұстау әдісі ерекше. Әдетте інді, егесі шыққанша сумен толтырады. Осы кезде оны пинцетпен ұстап алу немесе кішкене сочокпен ұстап, арнайы приборға салу қажет. Трантулды ұстаудың басқа жолы – қармақпен ұстау. Қармақтың рөлін смоланың жапысқақ бөлігі атқарады, оны қалың жіпке қадап інге салады.

Бұлардан басқа өрмекшілерден өзіне тән ұзын аяқтарымен және білінбейтін құрсағымен ерекшеленетін — шөп шалғыштар. Шөп шалғыштарды бұлай атау себебі оларды ұстаған кезде, олар өз аяқтарын үзіп тастайды. Бұл шөпшалғыштың өзіне тән қорғану тәсілі — екі не бір аяғын кейін пайда болмаса да жоғалту. Сегізаяқты шөпшалғыштар көп кездеспейді. Көбіне бес, алты, жеті аяқты шөпшалғыштарды көреміз. Шөпшалғыштар — жасырын тіршілік етеді. Олардың мекен ортасы — ағаштың қабығының, ескі құрылыс ағаштарының және тастың асты. Оны сочокпен аулауға болмайды, шөпшалғышты бүтін қолға түсіру үшін, үстінен банкамен жауып, кейін төңкереміз. Банкадан арнайы приборкаға салып аузын мақтамен бекітеміз. Бунақденелі концервантты сұйықтыққа салмас бұрын оны пинцетпен ұстауға ыңғайлы болуы үшін хлороформға батырылған мақтаны ішіне салып қатырады.

Сарышаяндар басқа өрмекшітәріздішлерден өзіне тән сыртқы құрылысымен ерекшеленеді. Біздің ТМД да сарышаяндар Қрымда, Закавказда,  Қазақстанның оңтүстігі мен Орталық Азияда кездеседі. Сарышаяндар — түнде тіршілік ететін жыртқыш жәндік. Күндіз оны дымқыл тастардың астынан, қабырғалардың жарылған жерінен, қоқыстардан табамыз. Бұлардың барлығы улы болғандықтан бұларды жинауда сақ болған жөн. Өрмекшілерден айырмашылығы бұлардың кейбіреулерінің жақтары улы және құрсағының соңғы бөліміндегі құйрық деп аталатын бөлігінен шағады. Уы өте қауіпті болады.Оларды ұстаған жерде үстіне 70% спиртке салып жансыздандыру қажет.

Жалған құршаяндар— ұсақ өрмекшітәрізділер, сарышаяндарды еске түсіреді. Олар қабық астында, кітап парағының арасында, кейбір кемірушілердің інінде, ара ұяларында кездеседі. Бұлар аз қозғалатын усыз жәндіктер, сондықтан бұларды жинау қиынға соқпайды. Сольпугалар (фланга) ТМД да Оңтүстікте ғана кездеседі. Жәндіктің сыртқы құрылысы басқа өрмекшітәрізділерден, сыртқы түктерімен және жақтарымен ерекшеленеді. Сольпугалардың улы бездері жоқ, бірақ олардың шаққаны қауіпті. Сольпугаларды жинауда, бір пробиркаға екі сольпуганы салмаңыз — олар умаждалып, түктері түсіп қалады.

Өрмекші тәрізділер сияқты көпаяқтылар да аз зерттелген. Ең ірі көпаяқтылар тропикалық ормандарда кездеседі. Біздің елімізде Солтүстікке қарағанда, Оңтүстікте жиі кездеседі. Бұлар өздерінің үлкен емес өлшемдерімен және жасырын тіршілік етуімен ерекшеленіп, өздеріне назар аудартпайды. Оларды жинау үшін тіршілік мекенін білуіміз қажет. Олардың сыртқы құрылысы ерекше: денесі ұзын, көптеген бөліктерге бөлінбеген, аяқтары көп. Көпаяқтылар құрғақ жерлерде, тас астында тіршілік етеді. Бұлардың арасында күшті жақтарымен қаруланғандары да бар. Оңтүстік аймақта тіршілік ететін сколопендердің  шаққан уы ауыр болады. Солтүстік және Орталықта тіршілік ететін көпаяқтылар қауіп тудырмайды. Бірақ оларды қолмен емес, пинцетпен алып, бір пробиркаға бір ғана жәндікті салған дұрыс. Үлкен көпаяқтылар мен кіші көпаяқтыларды, бір-біріне қатты зиян келтіргендіктен бірге салмаған жөн.

Есекқұрттар құрлықта тіршілік етуге бейімделген шаянтәрізділерге жатады. Бірақ құрғақ жерлерде есекқұрттар сирек кездеседі. Оларды тастың астында, жапырақтар арасында жиі қаранғы және дымқыл жерлерде кездестіреміз. Есекқұрттарды қолмен жинаймыз. Олардың терісі қатты, құрғақ панцермен қапталған, сондықтан оларды еш сақтықсыз бір пробиркаға бірнешеуін сала беруімізге болады.

Жауын құрты — ең көп таралған және бәріне белгілі жәндік. Ол жайлы кез-келген зоология кітабында жазылған  және бұларды жылы жазғы түнде, жер бетіне шыққанда жинаған ыңғайлы. Оларды жарықтың көмегімен жинау қиын емес. Жақсы жауыннан кейін жауын құрттардың көп санын бақша мен ашық жерлерден кездестіреміз. Ең ыңғайлысы жауыннан кейін жер бетіне шыққан жауын құрты таза болатындықтан, оларды жуудың қажеті жоқ.

Ұлулардың бақалшағы ертеден табиғатқа қызығушыларды өзіне қызықтырған. Оларды тек қана мамандар ғана емес, табиғатты қызығушылар да жинайды. Ұлуларға мұндай қызығушылық кездейсоқ емес, себебі ұлуларды жинау және сақтау басқа жәндіктерге қарағанда оңай. «Моллюска» қазақша былықылдақ денелі деген мағына білдіреді. Жәндіктердің бұлай аталу себебі олардың денесі жұмсақ, былқылдақ денелі және көбінесе бақалшақпен қапталған. Көптеген ұлулар теңіздерде және тұщы суларда тіршілік ететін жануарлар, олардың жерде тіршілік ететіндері аз. Жерде тіршілік ететін ұлулар құрсақаяқтылар тобына жатады және олар ауамен тыныс алады. Жер ұлуларын шөптермен және жапырақтармен қоректенетіндіктен өсімдіктерге бай жерлерден іздеген жөн. Олардың көбі топырақ немесе шіріген жапырақтың арасында болады. Күн ысыған сайын ұлулар көлеңке мен дымқыл іздеп төмен түседі. Сондықтан ашық күндері бұталар, ағаштың бұрыштарын, жапырақтардың астын ұқыпты қараған жөн. Ұлуларды жаңбырдан кейін және ерте таң атпай жинаған  ыңғайлы. Бұл уақытта былқылдақденелілерді жапырақтардан және өсімдіктердің сабағынан кездестіруіміз қиын емес. Күн ыстық күндері ұлуларды шөптерден, төсемдердің астынан, тастардың астынан іздеген жөн. Ұлуларға бақалшағын түзу үшін көмірқышқыл, кальций керек. Мұны олар сыртқы ортадан алатын тамақтың құрамынан алады, сондықтан  олар өсімдіктердің ұлпалары кальций тұздарына бай топырақтарда тіршілік етеді. Кей-кездері бұлардың көптеген санын әктасты жартастарда  кездестіруімізге болады. Кейбір жер ұлуларының бақалшақтары толығымен жойылған:  шырышты немесе жалаңаш ұлулар.

Ұлуларды коллекциялауда олардың бақалшағын теңіз жағалауынан жинау қиынға соқпайды. Ұлулардың жақсы коллекциясы тек мектеп экспонанты емес, өлкелік музей үшін де құнды әрі қызықты экспонант болады. Бірақ, көптеген ұлулар- ауыл шаруашылығының зиянкестері. Көбіне олардан  оңтүстіктегі жүзім бақтары зиян шегеді, себебі кей кездері ұлулар жүздеген гектар жүзім бақтарының жапырақтарын жеп қояды. Көбінесе су ұлулары-үй және жабайы жануарлар үшін қауіпті аурулар тасымалдаушы болып табылады. Оларды қолмен кез-келген өлшемдегі пробиркаға, коропқа, банкаларға көлеміне қарай салып жинаймыз. Ұлулармен бірге олардың мекен ортасынан табылған өсімдіктерді де алған жөн. Егер сіз оны шалғында анықтай алмасаңыз үйге әкеліп анықтауға болады. Анықтама қағазына олардың қоректенетін өсімдігін де жазған жөн. Суреттер, фотосуреттер және ұлулардың кемірген жапырақтарының гербарилері үлкен қызығушылыққа ие. Мұндай өсімдіктерді алу үшін ұлуларды бірнеше уақыт тірідей ұстауға тура келеді. Басқа жәндіктерге қарағанда ұлулар ылғалды көп қажет етеді. Сондықтан бақшаның жоғарғы жағы булануды тоқтататын  дәкемен емес, шынымен жабылған жөн. Өсімдікті сумен бүркеп және екі – үш күнде суын ауыстырып тұрады. Бақша күн сәулесі жақсы түсетін жылы жерде тұруы керек.    

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *