Жазғы танымжорықтар және олардың оқыту құралын дайындау барысындағы ролі. Өсімдіктерді гербарий үшін жинау.
Мектеп ботаника курсында өтілетін көптеген өсімдіктерді сабақ барысында табиғи тірі күйінде пайдалануға мүмкіндік болмайды. Сондықтан оларды арнайы мекемелерде немесе мектеп қабырғасында өңделген түрінде пайдаланады. Олар өсімдіктердің табиғи пішінін сақтай немесе сақтамай кептірілетін тәсілдің түрлері. Соның бірі пресстің арасында кептіру әдісі қолданылатын — гербарийлер. Ботаника сабағында жиі қолданылатын бірнеше гербарийлерді қарастырайық.
VI сынып ботаника курсы үшін гербарий үш бөлікке бөлінеді.
I бөлігі — «Өсімдіктер органдары », гербарийдің бұл бөлігі тамыр жүйесінің түрлі типтері көрсетілген 15 табақша; мұнда тамыр өсуіне түптеудің, шырпудың, жапырақтардың әр түрлі пішіні мен олардың сабаққа бекінуінің, жапырақтың орналасуы, сабақтың әр түрлілігі, жер асты өркендерінің әсері көрсетілген.
II бөлік — «Ерте гүлдейтін өсімдіктер», жеті табақша гербарийде тал, жанғақ ағашы, терек, қазжуа, желайдар, балшытыр суреті салынған.
III бөлік — «Өсімдіктердің көбеюі», мұнда жеті табақша
гербарий бар. Гербарийдің бұл бөлігінде вегетативтік көбеюдің әр түрлі әдістері, гүл мен гүл шоғы құрылыстарының типтері, тозаңдануға бейімділігі, жемістердің әр түрлілігі, жеміс пен тұқым таралуына бейімділігі көрсетілген.
Фабрикада жасалған гербарий үлгісіне сәйкес мектепте әр гербарий табақшасының 25 данасын дайындайды. Бұл жұмысты мұғалімнің басшылығымен көктемгі және күзгі танымжорық кезінде оқушылар орындауына болады, ал егер өсімдікті жазда ғана дайындауға болатын болса, оқушылар өздіктерінен орындайды.
Өсімдіктерді коллекция үшін жинау дала-таным жорықтарында жүзеге асырылады. Өсімдіктерді жинау барысында бірнеше ережелерді білу қажет:
-өсімдіктерді бақтарда, саябақтарда жұлуға тыйым салынады;
-егер де өсімдіктің бір – екі ғана түрі өсіп тұрса, олардың одан ары көбейтіп дамуына мүмкіндік беру қажет;
-өсімдіктерді тек бір мақсатпен ғана жинау керек; яғни қоршаған ортаға зиян тигізбеу керек.
Өсімдіктерді қолдану мақсатына қарай кептірудің бірнеше тәсілдерін қолданады.
- Сабақ барысында таратпа немесе демонстрациялы құралдар дайындау;
2. Әр-түрлі мақсатта дайындалатын гүлдестелер;
Өсімдіктерді жинау үшін қажетті құрал саймандар;
1. Ботанизирка — өсімдіктерді жинау үшін арналған, сонымен қатар өсімдіктерді жинауға кез – келген жәшік немесе сөмке пайдалынады.
2. Гербарийге арналған папка немесе пресс – ботанизиркаға қарағанда өте ыңғыйлы.
Гербарий үшін өсімдіктерді кептіру бірнеше күнге созылады.
Қарапайым пресс қалыңдығы 7мм екі тақтайшадан өлшемі 20см 45см жасалынады. Жиналған даналарды тақтайшаның арасына оншақты газет қағазын қойып, осы қағаздардың арасыны салып тақтайшамен жабады. Тақтайшаларды белдікпен қатты тартып байлап қоямыз. Әрбір данаға газет қағазының арасына өсімдіктің атын, қай жерден , қай уақытта алынғанын білу үшін қағаздар салынады. Әр өсімдікті нөмерлеп, ол туралы қағазға түсініктеме жазылады. Өсімдіктермен толтырылған гербарий папкасын түнге қарай сол күйінде қалдырып қояды. Жақсы кептірілу үшін арасындағы ескі қағазды үнемі ауыстырып отыру керек. Сонымен қатар бұл мақсатқа мықты рейкадан қағылған немесе жапсырылған арнайы жасалған сөмкелерді қолдануға болады.Өсімдіктерді кептіру үшін газеттің орнына арнайы қағаздарды қолданған өте тиімді. Өсімдіктер жинау барысында олардың тамырына, гүлі мен тұқымына ұқыпты қарау керек. Тамырды қазу үшін әр кез брезенттен жасалған қорапта кішігірім күрек алып жүру қажет.Тұқымды түссіз қағаздан жасалған қалталарда жинайды, сонымен қатар онда айқын қолтаңба болу қажет. Орнықтыру барысында өсімдіктерді алдын жақсылап, престеп кептіру керек. Мысалы: оны бір үлкен және ауыр кітап секілді нәрсеге газет қағазбен орап басып қояды. Жапырақтардың орнын күнделікті ауыстырып отыру керек. Жапырақтар толық кепкеннен соң, альбом қағазға талапқа сай орнықтырылып , арнайы этикеткамен қамтамасыз етіледі. Өсімдіктердің гүлдерін кептіру аса ұқыптылықты қажет етеді. Олардың ұзақ уақыт сақталуы үшін , бетіне жұқа қатырма қағаздар жапсырылады. Гербарийге арналған өсімдіктердің гүлі, сабағы, жапырақтары, жемістері, тұқымдары жақсы сақталған, зақымданбаған болуы керек. Гербарий құрғақ жерде сақталу қажет. Жиналған және кептірілген өсімдіктерді оқушылар тығыз ақ табақша қағаз бетіне, ал табиғи объектінің қалыңдығы 5 миллиметрден артық болса ағаш рамалы — картон тақтаға жапсырады. Гербарий табақшасының төменгі оң бұрышына өсімдіктің аты және осы табиғи объекті туралы (гербарий не үшін жасалғанына қарай) этикетка (анықтама карточкасы бар гербарийлерден басқасына) жапсырылады. Әр гербарий табақшасына сол жағынан (өсімдікті түрлі заңыннан қорғау және өсімдік түсін жоймау үшін) жұқа қағаз парағын желімдеп жапсырады.
Мектепте гербарий табақшаларын ретке келтірген дұрыс. Оларды тақырыптарға сәйкес жеке құтыға не папкаға салады.
VI класс үшін анықтама карточкасы бар гербарийлерде өсімдіктің қырық түрінің жүз данасы болуы керек. Әр тұқымдасқа 20 гербарий табақшасы болады. Гербарийге өсімдіктерді анықтау 20 нұсқауы және 100 анықтама карточка қоса беріледі. Осы карточкаларды пайдаланып, оқушылар өсімдіктерді анықтау жөнінде лабораториялық жұмыстар жүргізуді қамтамасыз етеді.Гербарийді пайдалану қолайлы болу үшін гербарий материалы бар барлық құтыларды не папкаларды нөмірлеу және олардың нөмірлерін карточкаға жазу керек. Гербарий материалын шаң баспау және оның түсі өзгермеу үшін гербарийді есігі жабық шкафтарда сақтау қажет. Гербарийлерді насекомдар зақымдамау үшін материалды жылына 1 —2 рет инсектицидтермен өңдеу керек.