Марихуананың үлкен бөлігі жыл сайын Шығыс Еуропа және Батыс Азияның заңсыз айналымынан алынып жатады. Интерполдың Бас секретариаты бірнеше рет бес Орта Азиялық мемлекеттердің (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Туркменстан) және Ресей аумағында конопляның қаупін ерекше атаған. Бас Ассамблеяның есептерінің бірінде конопляның рекордтық көрсеткішін, яғни 13 тоннасын Өзбекстанда, сондай ақ 11 тоннасын Ресейдің заңсыз айналымынан алынғанын атайды.
Өкінішке орай, Қазақстанға Интерпол тарапынан ешқашан көңіл бөлінбеген. Шындығында есірткілерші арасынан әлемдік танымалға Жамбыл облысындағы шу даласы ие болып отыр.
Қазіргі таңда есіркілермен күресу бойынша Интерполдың штаб пәтері зияндық әсері бойынша есіркілерге жақын, алайда құқыққорғау органдарының назарынан тыс қалып отырған анаболиялық стероидтарды пайдалану масштабын анықтау бойынша жұмыстар жүргізуде.
Интерполдың есірткілердің заңсыз айналымына қарсы жүргізетін іс шараларының ішінде есіркілер бойынша бөлімнің орнын ерекше атаған жөн. Бұл бөлімнің қызметкерлеріне жыл сайын Интерполға келіп түскен жедел ақпараттың жартысынан көбін өңдеуге тура келеді. Сондай ақ бөлім қызметкерлері тәркіленуге алынған есірткі заттарды есепке алады. Алынған мәліметтер біріктіріліп, мемлекеттерге, Интерполдың Бас Ассамблеясы сессияларына, сондай ақ есірткі заттар бойынша БҰҰ Комиссиясына және Дүниежүзілік денсаулыққорғау ұйымының есірткілер бойынша Комитетіне жіберілетін статистикалық, ай сайынғы және жылдық есеп түрінде жарияланады.
Есірткі заттар мен психотроптық заттардың заңсыз айналымымен күресуде Интерпол мемлекеттер мүшелер күшімен және құралдарымен олардың «қара базарға» келіп түсу каналдарына тосқауыл қоюға тырысады. Осы мақсатта Интерпол опийлық макты заңсыз даярлау жағдайы анықталған мемлекеттерді есепке алып отырады.
Интерполдың Бас Секретариаты үнемі мемлекеттерді есірткілерді транспортировкалаудың жаңа әдістері жайында хабардар етеді. Бұл мәліметтер Интерполмен арнайы басылымдарда жарияланып отырады.
1971 жылы Интерполда Сепат деп аталатын бағдарлама қабылданды. Бұл «байланысты офицерлер» институтының құрылуын қарастыратын, есіркілердің таралуымен күресу бойынша бағдарламалық әрекеттердің Еуропалық жоспары. Интерполдың Бас секретариатына тікелей бағынышты офицерлердің міндетіне әр түрлі күрделі тергеулерге қатысу, есірткілердің таралуымен күресуде халықаралық ынтымақтастықты ынталандыру кіреді. Жылына үш рет офицерлер өз зоналарының мемлекеттерін айналып шығады және олардың нәтижесі бойынша есеп жасайды.
Интерпол жүйесінде мемлекеттер-қатысушылар полицияларының әрекеттесуінде жаңа бғыт қалыптасқан – кейбір адамдардың атына шекарадан жекелеген банктерге аударылатын ақшалардың шығу көздерін анықтау. Мұндай жұмыстың мақсаты – есірткіні заңсыз сатудан табыс табатын адамдарды әшкерелеу.
Интерполдың Бас секретариаты жанында тағы «ФОПАК» атты ұйымдасқан қылмыстылықпен күресу бойынша ерекше топ жұмыс істейді, ол мемлекеттер-қатысушылардан келіп түсетін ұйымдасқан қылмыстылықтың белгілері бар қылмыстар массасынан нақты қылмыстар туралы ақпараттарпды талдаумен айналысады. Топ сонымен қатар, мемлекеттерге ұйымдасқан қылмыстылықпен күресу жөніндегі заңнама туралы кеңестер мен түсіндірмелер береді, «Қаржылай салымдардың энциклопедиясы» атты есірткілер бойынша Интерпол қызметімен дайындалған мәліметтерді жаңартып отырады, «ұйымдасқан қылмыстылық» туралы істерді тергеумен айналысатын полицияның жеке құрамын оқыту үшін әдістемелік маериалдар дайындайды.
Өз кезегінде, Интерполда «ұйымдасқан қылмыстылық» деп корпоративтік құрылым бар, мақсаты — қорқыту мен сатып алуға сүйеніп, заңсыз қызмет арқылы ақша алу болып табылатын қылмыстық топтың қызметі саналады. Ұйымдасқан топтың мақсаты нақты қылмыстарды жасау емес, елдің экономикалық өміріне ғана емес, мемлекеттік аппаратқа да бақылау орнату мақсатында экономикаға қол сұғу. Дәл ұйымдасқан қылмыстылыпен АҚШ, Қытайда және Ресейде сыбайлас жемқорлықтың дамуы байланысты, сондықтан қаіргі жағдайда Интерпол қызметінің бағыттарының бірі ұйымдасқан қылмыстылықпен күресуде мемлекеттер-қатысушыларға тәжірибелік көмек көрсету болып табылады.
1997 жылы Италияда жарияланған «Комфкомерчо» атты итальяндық коммерсанттар бірлестігінің баяндамасына сәйкес, «Коза Ностра» атты мафиялық ұйым гангстерлердің жасырын ұйымынан Италиядағы ең күшті және дамып жатқан ұйымға айналған. «Коза Ностраның» мүлкі 350-400 трлн лир (250 млрд АҚШ долл.) бағаланады, ал ұйым қызметінің әсіресе табысты саласы болып наркобизнес, қорқытып алушылық, жезөкшелік табылады. Соңғы уақытта ұйым өндірістің токсикалық қалдықтарын қайтаөңдеумен және көмумен айналысады және өз бақылауын заңсыз бизнеспен айналысуға қоюын жалғастырады және де қаржылық махинацияларды белсенді түрде жүзеге асырады, оның ішінде қылмыстық жолмен алынған ақшаларға иеленуде, бұл мафияға халықаралық қаржылық салаға енуге мүмкіндік берді. «Коза Ностраның» жылдық пайдасы 68 трлн. лирді құрайды. Интерпол мамандарының жартылай есептері бойынша АҚШ пен Еуропада соңғы он жылда 85 млрд. долл. қылмыстық жолмен алынып қойылған, және осыған қарамастан АҚШ-та қылмыстық жолмен табылған ақшаны алуға кедергі болатын арнайы заңнама бар.
Интерполдың ұсынысымен Ресейде 1993 жылы құрамына Ресей ІІМ, Орталық банк, Қаржы министрлігі және ФҚҚ (ФСБ) кірген банктер мен құқыққорғау органдарының әрекеттесуі бойынша РФ ведоствоаралық комиссиясы құрылды. Комиссия өз қызметін ресейдің ұлттық банктерінің қауіпсіздік қызметімен, сондай ақ шетел банктерінің қауіпсіздік қызметімен тығыз әрекеттесуін жүзеге асырады.
Интерпол мамандарының пікірінше, ұйымдасқан қылмыстылықпен күресудің шешуші шараларына қарсы тұрудың бірден бір себебі болып сыбайлас жемқорлық табылады. Мамандардың айтуынша, пара алудың көлемі әлемдік сауда көлемінің 5%-на жеткен. Бұл мәселеге БҰҰ үлкен көңіл бөлінеді. Атап айтсақ, 1995 жылы БҰҰ сарапшыларымен «Шенеуніктің ан намыс кодексі» деп аталатын маңызды құжат дайындалған. Онда БҰҰ мемлекеттер-мүшелеріне лауазымды адамдарды өзінің мүліктік жағдайы жөнінде есептер беруге, сыйлықтар мен қызмет көрсетулер қабылдаудан бас тартуды, отбасы мүшелері мен жақын туыстарының коммерциялық келісім шарттар жасаудан бас тартуға және өздеріне өзгелер тарапынан жеңілдіктер алудан бас тартуға міндеттейтін арнайы заң қабылдау ұсынылады. Мұндай шараларды қабылдауға шақыра отырып, мұндай құжатты дайындаған БҰҰ сарапшылары Египеттегі қолданыстағы заңға сүйенеді. Оған сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа айыпталған адам өз табысының заңдылығын дәлелдеуге тиіс.
Интерполда қызметтің маңызды бағыты болып таңбалар мен бағалы қағаздарды жасанды жасаумен күресу табылады. Интерполда әсіресе қауіпті және ақша таңбалары мен бағалы қағаздарды жасаудың сапалы жағдайларының жалпы статистикасы жүргізіледі. Бұл жаңа жасасанды жасауларды анықтау және олар туралы мемлекеттерді хабардар ету үшін қажет. Ақшаны жасанды жасаудың әрбір жағдайы туралы тікелей Лиондағы Интерполдың штаб-пәтеріне хабарланады. Осы қылмыспен күресудегі Интерполдың барлық жүйесі мынадай бірнеше этаптардан тұрады:
- жасанды ақша жасау жағдайларын, жасаушыларды және сатушыларды, жасанды ақша купюралары мен бағалы қағаздарды есепке алу;
- мемлекеттердегі жүргізіліп жатқан ақша реформалары жөнінде ақпараттар жинақтау;
- жасанды ақша таңбалары мен бағалы қағаздарды даярлау әдістеріне талдау жасау;
- ақша таңбалары мен бағалы қағаздарды өндірудің технологиясын күрделіндіру бойынша ұсыныстар дайындау;
- ақша таңбалары мен бағалы қағаздарды жасанды жасаумен күресуді реттеудің нақты әдістері мен құралдарын даярлау;
- жасанды ақша және бағалы қағаздар жасаумен күресу бойынша тәжірибе жинақтау және полиция тәжірибесімен алмасу және әсіресе тиімді әдістерді тарату;
- жасанды ақша және бағалы қағаздар жасаумен күресу саласындағы полиция қызметкерлерінің кәсіби деңгейін көтеру және даярлау.