Драмадағы әрекеттің құрылымы мен динамикасы
Драмма ежелгі грек тілінен пайдаланып келе жатқан ұғым. Оның қазақ тіліндегі мағынасы «әрекет» деген мағынаны береді. Драмма көп томды театр энцеклопедиясына жүгінетін болсақ «Сахналық іс-әрекетке айналуға лайықталған әдеби шығарманың диологтан құрылған түрі. Әдебиет зерттеушілер драмма жөнінде әр түрлі көзқараста болған. Әдебиет танушы О.Головоченко драммаға «ақиқат пен шындықты әңгімелесу, яғни диолог пен іс-әрекет арқылы жеткізетін әдеби шығарманың ерекше түрі деген анықтама берген болса, Абромович жоғарғы оқу орнына арналған әдебиеттану оқулығының соңғы басылымында драмманың мәні былай анықтады: «Сырттан байқалған құбылыстан мен мінезден дүниесін көрсете отырып, дүниені драмматург өздігімен айқындаған. Нақты кейіпкерлер арқылы жүзеге асады».
Жоғарыда келтірілген көзқарастарға мән беретін болсақ драмма ерекшелігінің толық мағынасын ашар әдебиет теоритиктерінде нақтылыбір анықтамасы жоқ. Міне сондықтанда кейбір күндерде драммаға «диологтан құрылған форма» немесе «әңгіме түріндегі форма» деген түсініктеме берілген болса, кейде «құбылысты өздігімен айытқандағы кейіпкермен әрекеті арқылы жеткізу» деп түсіндіреді. Жалпы алғанда драмма әдеби шығармалық айрықша ерекшелігі бар.
Көркем шығармашылықтың түрлері: әдеби шығармалар «эпос, лирика және драмма деген нақты үш түрге бөлінеді. Олардың бәріне байланысты ортақ дүние бар. Яғни осылардың барлығына байланысты басты дүние –адам. Оның дүние танымын, іс-әрекетін, мінез құқын, ортысын, өткен жолын әріптеу. Әдеби шығарманың қайсы бір түрі мен жанры болмасын өнердің өзге түрімен салыстыратын болсақ, олардың тек өздеріне ғана тән болып келер өзгешілігі –сөз. Әдеби шығармалардың бір-бірімен өте тығыз байланыста болуы, олардың бір-бірінің құрамына, құрылысына еніп отыруында. Айталық драмма эпоспен лириканың белгілерін қамтыса, ал лирика көбінесе драмманың сипатта болады. Сол сияқты эпоста драмма мен лириканың тиесілі белгілерін қамтиды. Әйткенменде әдеби шығарма түрлерінің өзіне тән адамды бейнелеу ерекшеліктері мен әдістемелері бар. Әдеби шығарманың әрқайсысына тән ерекшелігі — эпос ол ежелгі грек сөзі. Қазақ тілінде беретін түр мағынасы: «ән». Эпос өз бастамасын өте ерте заманда болған. Ол кезде ежелгі халықтар арасында жазба қалыптаспағандықтан тарихи маңызды оқиғалар көбінесе әскери жорықтардағы ерекшеліктер мен жеңістер, ел арасында жатталып, аңызға айналып және ән мен жырға айналып отырды. Эпос қоғамның даму кезеңіндегі ең маңызды оқиғалар. Демек эпос кейіпкерлер арқылы дәуірдің тыныс – тіршілігін, кезеңін, мерзімін көрсете білген.
Эпос, лирика және драманы кескіндейтін уақыт мезгілі дәлірек айытсақ бейнелейтін уақыт шақтары әр қилы: эпостың бейнелейтін уақыты — өткен шақ баяндау арқылы өткен дүние арқылы елесін қайта тірілтеді.
Лирика бейнелейтін уақыт – осы шақ, шығарма авторының және лириканың кейіпкер жанымен сол сәтті сезінуі.
Драмма бейнелейтін уақыт – өткен шақтан туындағаносы шақ және трансфоматорландырылған (өзгертілген) келешекке алмасу.
Драмматургиялық конфликт-қақтығыс.
Қазіргі кезеңнің көптеген теоретиктері, тәжірибелі драмматургтері мен театр қақтығыс драмманың үлкен негізі болып табылады деп сеніммен дәлелдей алады.
Конфликт деген ұғымның негізі латын сөзінен алынған. Ол condtictns – қақтығыс (столкновение) деген мағынаны білдіреді.
Пеьсада міндетті түрде бүгінгі күннің мәселесіне қатысты тартыс конфликт болуы тиіс. Кезінде бұл мәселені елімізде қалыптасқан тартыссыз – конфликтісіз теориясын есептемеді, өйіткені біздерде антогонистік класстар, қарама-қарсы топтар жоқ, сондықтан советтік драматургияда әлеуметтік тартыс болуы керек деп есептелінді. Бірақ бұл теория көп өмір сүре алмай, өзін-өзі жойды. Конфликт қақтығыс пеьсаның құндылығын анықтайды. Қандай да бір пеьса болмасын онда драммалық қақтығыс бар. Бірақ оның бәріндегі тартыс қызу деңгейде өтпеген соң көрерменді өзіне тартып, баурап кете алмайды. Кейбір шығармалардағы тартысты тудырар мәселе күні кеше ғана шешімін тапқан, қайталауды қажет етпейтін немесе басқа авторлардың шығармаларында жанжақты көрсетілген не түпкілікті әшкереленген бүгінгі оқырманға, көрерменге таныс қайшылықтан, міне бұда көркем дүние ретінде өз, жан күйерлерін баулап мейілінше белсенділігін арттыра алмайды. (мәселен: шашын өсірген, стиляға киілген ерлер немесе шашын қиған, шалбар киген әйелдерді келемеждеу сияқты мәселелер?