Добрынин Николай Федорович (1890–1981) – тұлғаның дамуындағы танымдық үрдістерді, әсіресе зейінге байланысты мәселелерді зерттеген ресей психологы. Гимназияны бітірген соң Мәскеу университетінің жаратылыстану факультетіне түсіп, кейінірек тарих-филология факультетіне ауысады. (ең алғашқы зейіннің толқуына қатысты зерттеулерді жүзргізеді) де, 1915 жылы сол аталған факультеттегі «психология» мамандығын бітіреді. 1925 жылы «Зейіннің толқуы» деп аталатын тақырып бойынша кандидаттық диссертация қорғайды. Мәскеудің университеттерінде доцент, содан кейін, профессорлық атағын алады. 1925-1935жж. Психология институтында аға ғылыми кызметкер болып, 1937 жылы
«Зейін психологиясы» тақырыбы бойынша докторлық диссертация қорғайды. Шығармалары: «Колебания внимания» М., 1928,
«Введение в психологию» М.:Л.,1929, «О теории и воспитания внимания» //Советская педагогика. 1938. №8, «Психология» М., 1950,
// Вопросы психологии. 1960, №3 т.б.