Гумилев Лев Николаевич (1912–1992)

Гумилев Лев Николаевич (1912–1992) – орыс ғалымы, т.ғ.д., геогр. ғ.д. Ол этностық әлеуметтік категория ретінде қарайтын көзқарастарды географиялық, биологиялық факторлардың әсер етуі нәтижесінде пайда болатын табиғи құбылыс деп түсіндіреді. Этнопсихология ғылымын өзінің осындай жаңа тұжырымымен толықтырды, оған пассионарлық ұғымын енгізді. Пассионарлық қасиет әр этностың географиялық жағдайына (табиғат, ауа, су, ландшафт т.б.) байланысты жан дүниесінің өзіндік табиғи ерекшеліктерін ерекше (қажыр-қайрат, шыдамдылық, қайсарлық, мақсаткерлік, намысқойлық т.б.) көрсететін категория. Гумилевтің осынау тұжырымдары қазіргі этнопсихология ғылымының әдіснамалық (методологиялық) мәселелеріне қатысы бар сындарлы түйін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *