Гезелл Арнольд Луис (1880-1961)

Гезелл Арнольд Луис (1880-1961) – американдық психолог. Оның ғылыми еңбектері нәрестелік шақ пен ерте балалық шақтың табиғаты туралы. Арнольд Гезелл бала дамуын қарапайым “Әрекеттің өсуі” деп түсінді. Балалық шақтың ұзаққа созылуы адам дамуының ерекшелігі деп білді. Гезелл бойынша әлеуметтік даму

дегеніміз – баланың органикалық дамуын оның қоршаған адамдармен байланыстыру болып табылады. А.Геззел қалыпты балалық шақ клиникасын құрған, онда балалардың туылғаннан үш жасқа дейінгі психикалық дамуы зерттелген. Зерттеудің жаңа әдістерін: лонгитюдтік, егіздік әдістерді қолданған. Үш жастан алты жасқа дейінгі балалар үшін даму нормалары мен тесттер жүйесін жасап шығарған.
А.Гезеллдің балалар психологиясына қосқан елеулі үлесі оның балалар психологиясының нормативтік пән ретінде қалыптасуының негізін қалағаны болды. Балалар психологиясында нормативтік көзқарас баланың өсу және даму үдерісіндегі жетістіктерін сипаттауға, баланың қозғалыс белсенділігінің, сөйлеу тілінің, қоршаған ортамен және ересек адамдармен қарым-қатынастарының даму нормаларын құруға бағдарланған.
А.Гезеллдің балалардың жас ерекшелік өзгерістерін тұқым қуалаушылық факторы деп түсіндірген. Даму нормасы мен патологиясы проблемалары, балалар өмірінің әр түрлі кезеңдерінде психикалық дамуларының нақты нормативтерін жасап шығару әлеуметтік практиканың әр түрлі салалары (денсаулық сақтау, білім беру) үшін маңызды практикалық әрекет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *