Витцлак Герхард Психодиагностика пәні туралы анықтамаларға теориялық талдау жасау негізінде нақты, толық қарастырған психолог. Психодиагностика пәні дегеніміз – психологиялық зерттеу әдістерін қолдану мен зерттеп дайындаудағы теория мен практика және тұлғаның объективті шындықты бейнелеу барысындағы индивидуалды психикалық қасиеттерін білу, ішкі және сыртқы құбылыстың іс-әрекетінің реттелуі.
Психодиагностика түсінігі туралы түрлі анықтамалар, бағыттар, болжамдарды ескере отырып, Витцлак мынандай анықтамаға тоқтамға келді: Психодиагностика – бұл тұлғаның индивидуалды- психологиялық ерекшеліктерін зерттеуде бағалау құрылымдары мен принциптері және теорияларын талдауды қамтитын психологиялық ғылым аймағы. Психодиагностика пәні анықтамасы психодиагностиканың негізгі құрамы психометриялық сипатына да негізделген. Бұл бағытта екі түрлі көзқарас туындайды: біріншіден психодиагностика адамның психикалық қасиеттерінің айырмашылығын зерттейді десе, бірақ бұл анықтамада психодиагностика пәні тұлғаның психикалық процестері қоғамдық нормаға сәйкес зерттеліп, іс-әрекеттен бөлек қаралса, онда ол дифференциалды психологияға ұқсас болуы мүмкін. Ал екінші көзқарас бойынша психодиагностика мазмұндық сипатына сүйене отырып, объектінің жеке өзін зерттеп қана қоймайды, ол іс-әрекетті реттеп басқару қызметін атқаратын индивидуалды ерекшелікті зерттейді. Бұл ретте, психодиагностика пәні психологиялық зерттеу әдістерін талдап, қолдану барысында теориялық және практикалық түрде былай көрініс береді: объективті бейнелеу барысында тұлғаның индивидуалды психикалық қасиеттерінің дамуымен өзара байланысы; ішкі және сыртқы заттық іс-әрекет регуляциясы мен болмыстық бейнесі.