Брунер Джером Сеймон

Брунер Джером Сеймон (1915) американ психологы, педагог. Таным психологиясы, балалардың танымдық іс-әрекеттерінің дамуындағы мәдениетарлық айырмашылықтар саласындағы белгілі маман. Пиаженің жұмыстары мен танысып онда балаларда танымды аспектісі американдық білімінің жүйесіне өзгеше болады. Әр түрлі мәдениеттер жағдайларындағы балалардың танымдық іс-әрекеті дамуының ерекшеліктерін зерттеуді Д.Брунер қолға алған. Д.Брунер бойынша, танымдық іс-әрекеттің дамуы үш негізгі тәсілдің (құралдың): тақырыптық іс-әрекеттердің, қабылдау бейнелерінің және символдардың қалыптасуы жолымен іске асырылады. Бұл ақиқат шындықтың таным құралдары тиісті жастарда пайда болады. Әрбір жаңа таным құралының алдыңғысына «қабатталуы» баланың интеллектуалдық дамуының орталық бағытын құрайды.
Танымның қандай да бір тәсілінің біреуінің мазмұнын ішінара ғана басқалардың тіліне аудару мүмкіндігі психикалық дамудың көзі болып табылады.
Д.Брунер ұстанымының мән-маңызы жекелеген адамның психикалық дамуы мәдениет құралдарын меңгеру үрдісінде жүретіндігінде. Осы құралдар жиынтығын меңгеру танымның кейбір табиғи қозғалыстық, сенсорлық және ақыл-ой тәсілдерін күшейтеді. Атап айтқанда, зияттың күшеюі әр түрлі дәуірлерде және әр түрлі халықтарда даму деңгейі өзгешеленетін символизацияның күрделі тәсілдерін меңгерумен және қолданумен байланысты. Д.Брунердің көзқарасы бойынша, баланың танымдық іс-әрекетінің даму заңдылықтарын зерттеуді ол меңгеретін мәдениеттің нақты құралдарының, әсіресе тәжірибені символдар арқылы беру құралдарының сипатын ашу негізінде жүргізу қажет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *